1.есеп! Молекулаларының орналасуына қатысты сұйық және кристалл денелердің бір-бірінен ерекшеліктері қандай? 2.есеп Қай температуралар аралығында су қатты, сұйық, бу және газ күйінде болады? Судың кристалдану температурасы 273 К, қайнау температурасы 373 К және кризистік температурасы 647 К. 3.есеп Берилий атомның моделін салып, атом ядросының зарядын анықтаңдар. 4.есеп Ұзындығы 5,4 м сым жүк әсерінен 2,7 мм-ге ұзарды. Сымның абсолют және салыстырмалы ұзаруы неге тең. 5.есеп Егер әр заряд шамасын 4 есе арттырып, ал арақашықтығын екі есе азайтса олардың өзара әсер күштері қалай өзгерер еді. 6.есеп Зарядталған екі пластина арасындағы потенциалдар айырымы 0,2кВ, ал ара қашықтығы 4см. Пластиналар арасындағы электр өрісінің кернеулігі неге тең? 7.есеп ХБЖ аударыңдар: 500нКл, 100см3, 400г, 80 мм2, 200л.