0 дауыс
1.5k көрілді
Академиялық ағылшын жалпы ағылшын тілінде Academic English деген термин қалыптасқан. Осы Академиялық ағылшын дегеніміз не?

2 жауап

0 дауыс
Фейсбукта Абай Отар осы туралы жазған
0 дауыс

Англияда, жалпы ағылшын тілінде Academic English деген термин қалыптасқан. Бір қырынан қарағанда біздің қазақ тіліндегі публицистикалық стилге келетін секілді. Академиялық ағылшын - кәдімгі күнделікті ағылшыннан бөлек, ғылыми тіл.

Былтыр бір жыл бойы Лондондағы UCL университетінде аталған стильді меңгердік. Кемшіліктер болған шығар (маған сеніңіз, кез келген жерде кемшілік жеткілікті), әйтсе де біраз мағұлмат алғанымыз анық. Сонымен, Academic English пен General English-тің айырмашылығы неде?

1. Сөйлемнің күрделілігі. Кез келген тілде ауызекі сөйлеу мен жазба стилі екі бөлек деп ойлаймын. Ағылшын сондай тілге жатады. General writing мен general speaking-нің айырмашылығы жетерлік. Ал академиялық ағылшын, тіпті, күрделірек. Мұнда құрмалас сөйлемдерді көбірек пайдаланып, күрделі зат есімдерді көбірек қолданылады. Грамматиканы ұқыпты әрі дәл қолдану міндетті. Оған қоса, ырықсыз етіс көбірек пайдаланылады. (Мысалы: Using academic writing style, focusing on national news is identified as main issues).

2. Ресми тіл. Тұрақты сөз тіркестері, қарапайым сөздерді ешқашан қолдануға болмайды (Журналистикадағы кей ұстаздар ара-тұра пайдалануға қарсы емес екен). Мысалы, People DON'T(can't, didn't, won't and etc.) use iphone in a library деген сөйлемде don't деп қолдану дұрыс емес. Оның орнына толық нұсқасы do not деп жазу керек. Young generation jump on the bandwagon as a result of Instagram деген сөйлемдегі jump on the bandwagon (мағынасы трендке ілесу) секілді сөз тіркестерін академиялық ағылшында қолдануға тыйым салынады. Біздің кейбір журналистер мақаласының басын "Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры, демекші" деп бастап жүр ғой. Солар академиялық ағылшын немесе сәл ғана публицистикалық стильге назар аударса деген тілек бар.

3. Объектив болу. Қолданылған дата, дәлел, пайымның бәрі жеке бастың пікіріне құралмауы тиіс. Мысалы, мен Роналдуды жек көрсем де, I think Ronaldo is the worst player (Меніңше, Роналду - ең жаман футболшы) деп жазуыма болмайды.

4. Айқындылығы. Жазылған мақала оқырманға нақты түсінікті болуы тиіс. Әрбір параграф бір-бірімен байланысты болуы шарт. Яғни, жазбаны оқыған адам А-дан қалай Б-ға секіріп кеткеніне таңғалмауы тиіс.

5. Сөздердің нақтылығы. Сөздерді орын-орнымен жазу міндет. Partner және ally сөзінің мағынасы ұқсас. Алайда this is my ally деп кездесіп жүрген қызыңды көрсете алмайсың (Ну енді онша емес мысал болды. Ойыма келгені осы). Ағылшын тілі екінші тіл болатын біз секілділерге бұл өте қиын.

6. Ұстаным. Әрбір академиялық мақаланың соңында сол жазбаның нақты ұстанымы болуы керек және дәлелдер мен пайымдар соны дәлелдеуге құрылуы тиіс. Мысалы, most researchers definitely suggest to use hardcover book instead of ebooks. It might be acceptable to affirm their point (Көптеген ғалымдар ebookтың орнына кәдуілгі кітапты қолдануды нақтылап ұсынды. Олардың ұстанымын қабылдаған дұрыс шығар).

7. Жауапкершілік. Академиялық мақаладағы жазылғанның бәрі автордың жауапкершілігі.

8. Факт. Бұл кеңінен түсіндіруді талап етеді. Келесі постқа бөлек жазармын.

...