Дауды баса алмайсыз, егер араласа берсеңіз. Бірі анаң аяулы, саған берген ақсүтін, екіншісі жан жарың, басыңдағы бақ құсың деп бір ақын жырлапты, сол жырындағы екі оттың ортасында қалыпсыз. Өзі ащы, пәлегі тәтті деген сөз бар ғой. Анаңыз немерелерін жақсы көре ме?! Жақсы көрсе бәрі жақсы болып кетеді уақыт өте келе. Сабыр сақтаңыз. Араласа бермеңіз дегенім анаңыз келіншегіңізді қорғап шығатыныңызды , соның сөзін сөйлеп қалатыныңызды көрген сайын, жүрегінде қызғаныш, өшпенділік үдей түсетін сияқты. Ұлдарын келіннен қызғанатын енелер де болады ғой. Ортада балалар бар, анаңыз ақылды жан болса , бәрін орнына келтіреді.Жарыңыз екеуңіз сабыр етуіңіз керек, тағы да сабыр етуіңіз керек. Сүйіспеншілікпен, махаббатпен кез келген мұзды ерітуге болады, кез келген жүрекке жол табуга болады. Жұбайыңызда осы жақсы қасиеттер көп болса, ерте ме, кеш пе анаңыздың көңіліне жол табады. Жібімейтін жүрек жоқ. Алла Тағала отбасыңызға бақыт, береке берсін! Әумин! Сіз дұға етіңіз , отбасыңызда тыныштық, бақыт берекет орнауы үшін жиі дұға етіп тұрыңыз!