0 дауыс
11.2k көрілді
"Еуропаға ашылған терезе" атты шығармада қандай мәселелер қозғалу керек? Шоқан Уәлихановты араластырыңыз

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

«Европаға ашқан терезе»

Шоқан (Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлихаиов XIX ғасырдың екінші жар тысында қазақ, даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Ол өз дәуіріндегі орыстың прогресшіл ғылымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүрінде тәрбие алған және әр алуақ ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам. Оның философия этнография, тарих, экономика, право, география, фольклор, әде биет теориясы жайлы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері бар ІІІоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Балалық шағы, ата қонысы Сырымбет тауының (Көкшетау облысы) бауырында өткен Өз әкесі Шыңғыс, ұлы атасы Уәлихан кезінде Қазақстан ның Россияға қосылуын жақтап, орыс еліне арқа сүйеген адамдар.

Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таныған Шоқан кейін орыс мектебі тәрбиесінде өскен. 1847 -1853 жылдары ол Омбыдағы Кадет корпусында оқыды. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым өнер жолындағы таланты ұштауда бұл оқу орнының еңбегі үлкен. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Россия географиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шет тілдері оқытылған. Корпустың оқытушылар құрамында да білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.

Кадет қорпусына алғаш кірген кезде Шоқан орыс тілін білмейді екен. Бірақ өзінің зеректігімен ол тілді тез үйренген. Өзі қатарлас оқушылардан неғұрлым озып оқыған. Шоқанның корпуста бірге оқыған досы және кейін үлкен этнограф ғалым болған Г. Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді... Оған талайлар көп назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін», дейді.

Екінші курстан бастап-ақ Шоқан өзінің таңдаулы ұстаздарымен жақсы қарым-қатынаста болған. Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті тарихының оқытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал еткен. Өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ойшылдары мен пікірлес Костылецкий сабағын Белинский идеяларының негізінде жүргізген. Ал Гонсевский әр елдің азаттық жолындағы күресі тарихын көбірек өңгімелеген. Осы оқытушыларының әсерімен Шоқан сол кезден бастап орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін, орыстың революционер-демократтарының еңбектерін оқыған. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский, т.б. орыс классиктерін және Батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта дамып бара жатқандығын аңғара алатын өз кезінің саналы азама-тының бірі болған.

Шоқанның зерттеушілік қабілеті де корпуста оқып жүргенде оянған. Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз әңгімелерді, халық жырлары мен поэмаларын жазып алумен шүғылданған. Мысалы, Шоқанның алғашқы жазып алған шығармаларының ішінде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры -болған.

1852 жылы Костылецкийдің кемегімен Шоқан көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.Н. Березинмен танысады. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан.

Шоқанның сол кездің алдыңғы қатарлы ой пікірімен таныстығын оның жолдастарының көбіне аң үлгі тұтқан. Және Шоқан олардың Европа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. «Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, деп жазады Г.Н. Потанин. Өзінің бізден артып білетіндігін, не біздерден білімі жағынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде ақ оның білімінің бізден артықтығы таны-лып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, «Европаға ашқан терезе» сықылды болды».

Шоқанның сабақтан тыс уақытта көп оқып, зерттеген еңбектерінің бір саласы сол кездегі саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектер, болған. Мұның өзі оған үлкен әсер етеді. Ол саяхатшы болуды, ең алдымен Орта Азияны аралап, зерттеуді армандайды.

«Қазақтар туралы Кадет корпусын 1853 жылы 18 жасында жазатын орыс бітірген Шоқан Омбыда әскери қызметкеэдебиетшісі қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын басқаратын генерал-губернатор Гасфорттың адютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласады.

Шоқан Орталық Қазақстанды Жетісу мен Тарбағатайды аралайд. Қазақ халқының тарихы мен эдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. 

Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы да қырғыз елінде болады. Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңгария очерктері», «Қыргыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провенциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерінде пайдаланады.

Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса зор бағалаған. Оларда жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет ғұрптары зерттеледі. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазу шеберлікпен суреттеген. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақтар туралы жазатын орыс әдебиетшісі» деп атаған.

Шоқанның демократтық, ағартушылық көзқарасын анықтауда бұл еңбектердің үлкен маңызы бар. Оларды Шоқан қоғам өмірінің дамуы мен келешегіне орыстың революцияшыл деиократтарының тұрғысынан қарайды. Сонымен қатар оны өз халқының тіршілігі мен көркемдік дамуының жағдайларына лайық дамытады. Әдебиет мәселелері жөнінде Шоқан сол кездің өзінде-ақ көп тың пікірлер айтқан ғалым. Шоқан әр халықтың әдебиетіне оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланысты қарайды. Әсіресе оның қазақтың халықтық сипаттары жайлы ойлары қызғылықты. Поэзия халықтың рухани серігі болып келгенін атай отырып, ол: «Бұл халықтың ертеден езіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы музыканттар тастап кеткен», — деп жазады.

«Оңтүстік Сібір руларының тарихы туралы ескертпелер» атты еңбегінде ол халық аңыздары мен ертегілерінің негізін де өмірмен, шындықпен байланыстырады. «Егер Гомердің поәзиялық аңыздарынан, Геродоттың 3 ел аузынан жинаған ертегілерінен аздап болса да тарихтық қасиет тапсақ, егер өмірді қаншама бұрмалап баяндағанмен, әрбір ертегінің негізінде шындық жатады десек қазаңтардың бір-біріне жалғасып жататын аңыздарында, өмір бейнесінде, қазіргі әдет-ғұрлында бұрынғы ата-бабаларының тарихи мәні бар оқиғалары жататынына күмәнданбауымыз керек», деп жазады ол.

Шоқан еңбектерінде әр дәуірдегі халық әдебиетінің бағалы нұсқаларын жасаған және ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жырлап жеткізген Орынбай, Шөже, Жанаң, Арыстанбай, Нұрымбай сияқты ақындардың есімдері келтіріледі. Шоқан олардың бірқатарынан халық әдебиеттерінің үлгілерін жазып алған. Солардың ақындық, жыршылық еңбектері негізінде ол қазақ өлеңдерінің халықтыгы жайлы құнды пікірлер де айтады.

Осы тектес материалдарға сүйене отырып, Шоқан көшпелі елдердің мәдениеті жоқ деп санайтын және оны менсінбейтін Кейбір Европа ғалымдарының пікіріне дау айтады. «Көшпелі елдерді аң тәрізді жауыз тобыр санап, бет алды жүрген тағылардың есебінде түсінетін жалған ұғым қазірдің өзінде де Европада үстем болып келеді, деп жазды Шоқан. Олар көшпелі монғол немесе қазақтар дегенді тұрпайы, мал тәрізді тағылар деп ұғады. Ал шындығына келгенде, сол тағылардың көбінің жазба түрінде немесе ауыз әдебиеті, аңыз әңгімелері бар. Өлеңге, әсіресе суырып салма өлеңге, бейімділік барлық көшпелі елдердің өздеріне тән ерекшелік деуге болады».

Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинай, зерттей жүріп, Шоқан олардың славян халықтарының әсіресе орыстардың ауыз әдебиетімен байланысын анықтайды. Және оның себебін екі халықтың тарихи тағдырластыгынан іздейді. «Көп уақыттан бері ңазақтың ертегілерін, мифтерін, эпикалың жырлары мен аңыздарын жинаумен шұғылдана жүріп, мен олардың Европа халықтарындағы, әсіресе Славяндардағы осы тектес шығармалармен бір сарындастығына қайран қалдым,— дейді ол «Жоңғария очерктерінде». Бұл пікірді Шоқан орыс, қазақ ертегілерін, мақал-мәтелдерін салыстыра отырып дәлелдейді.

Н. Жантөрин Шоқан Уәлиханов ролінде өмір шындығының ұқсастыры әдебиетте де таңырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып та айтады. «Дала өмірін жыр-лаған поэзия болғандыңтан, бұл екі елдің поэзиясы да бір-біріне өте ұқсас. Екеуінің сюжеті де дала өмірі тәрізді үнемі біркелкі боп келеді. Екеуінде де көшпелі тұрмыс, сұлу табиғат, рулардың қарым-қатынасы, талас-тартысы суреттеледі»,— деп жазады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
...