0 дауыс
1.2k көрілді

Адамның өзіне қол жұмсауы ғылыми тұрғыдан «суицид» деп аталатынын қазақ қоғамы жақсы біледі. Бұл сөздің біздің қоғамға үйреншікті болып кеткені соншалық, тіпті қоғам қазіргі таңда бұл құбылысты қалыпты жағдай ретінде қабылдайтын болды. Телеарнаны қоссақ суицид, газет бетін ашсақ өзіне қол жұмсаған жан, интернет беттерін ашып қарасақ асылып, атылып қаза болған жандар жайлы қорқынышты жаңалықтар. Дәп қазір барып, интернет бетіне «Қазақстандағы суицид» деп жаңалықтар желісінен іздесеңіз, бір сағат ішінде өзіне қол жұмсаған жан жайлы тың мәлімет аларыңызға күмәніміз жоқ. Өйткені Қазақстанда күніне ондаған адам өзіне қол жұмсайды.
Еліміз жастар арасындағы суицидтен әлем бойынша 3 орынды алады. Статистикаға назар аударсақ 2012 жылы 3055 қол жұмсау, 2013 жылы 3251 қол жұмсау, 2014 жылы 2957 қол жұмсау орын алған. Биылғы жылғы төрт айдың өзінде 1196 өз-өзіне қол жұмсау фактілері тіркелген екен. Біз бұл тұрғыда тіркелген, статистикаға енген суицидтер жайлы айтып отырмыз. Ал тіркелмей қалған ауыл-аймақ пен аудандардағы суицидтің саны бұдан еселеп көп екені айтпаса да түсінікті жайт. Егер оның барлығын да тіркесе, Қазақстан сөзсіз суицидтен әлем бойынша көшбасшы болмақ. Бұл сұмдық жағдай! Бұл қасірет, бұл үлкен мәселе!

Бұл қоғамдағы үнсіз жатқан қасіретке қоғам неге үнсіз қарайды, билік неге шешу талпынысын жасамайды? Халқымызда «ауруын жасырған өледі» деген керемет даналық бар. Бұл қоғамдағы ауруды жасырып, қандай мақсатқа жетпекпіз? Бұл күрделі мәселенің түйінін бүгін шешпесек, ертең қасіреттің саны арта беретіндігі анық.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...