+3 дауыс
7.0k көрілді

Кішкентай кезімізде ата-анамыз қыз есекке отыруға болмайды деп отыратын еді. Бүгін Ерке Есмахан және Төреғали Төреәлі - Алло атты клипті көріп отырған едім. Онда Ерке Есмахан есекке отырып алыпты. Жалпы қазақ қызын есекке отрғызбаған деген оймен қаншалықты келісесіз. Осындай салт-дәстүр бар ма? Қызды есекке отырғызбайтын?

Есекке отырған қыз. Ерке Есмахан

өзім ауылда тұрмаған соң білмейді екем ондайды
ауылға барғанымда көрмегем қыздың есекке отырғанын.. есек пен қыз) сәйкес келмейді ғо

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Осы киліпті көргенде онша мән бермеп едім. Менің назарымды тақырыптағы сөз аударды өзіне. Айналайындар-ау, Қазақ атқа, есекке, өгізге отырмайды, Мінеді. Арбаға, машинаға, орындыққа отырады.

Енді есекке келейік. Есек ессіз аң. Әсіресе медесін (үрғашысын) көрсе, Әңгісінде (еркегінде) ес қалмайды. Ер адам болмаса ондайда күш бермей кетеді. Әңгісі Медесіне мезгіл талғамай, уақыт талғамай, орын талғамай шаба береді. (Қыс - жаз, Күндіз-түн, ой қыр, тау-тас, Адам түр, аңтұр бәріне қарамайды) Одан сырт шауып келе жатып медесінің (ұрғашысының) сідігін көрсе не исін сезге кілт тоқтай қалып искелейтін жаман әдеті болады.Сондай ұятқа қалтыратын және қауіпті қылықтары болғандықтан Қазақ емес , Сарттың өзі қыздарына есек мінгізбейді.Тіпті жолатпайды.Ұйғырларда ер адам болмаса есекті арбаға шегіпте жүрмейді.Кілең әйелдер базарлағысысы келсе бес жаста болсада бір ұл балаға ,қолына сойыл беріп, тізгін ұстатады. Егер араларында ұл баласыз есек арбамен жүрсе "Байың тіріме? Байсырап жүрсіңбе" -деп келемеждеп айғайлайды. Өгіз арбамен, Ат арбамен жүрсе ешкім олай сөкпейді.Ең жаманы әңгіні пішіп тастасаңыз басқа пішілмеген әңгілер артылып тыным бермейді.Сондықтан есек ұстайтындар көбінде есегін піштірмейді.

Ал киліп түсіргендер есекшіл ауыл өмірінен бей хабар немесе есектің сырын білмейтіндер болса керек. Білмеген у ішеді деген осы.Ессіз жігітті " Есек " деп боқтайтыны да сондықтан болса керек сарттардың.

0 дауыс
Қазақ қызын əрдайым еркелетіп,үкілеп ұстаған.Есекке мінгізіпті дегенді көрмек түгілі естімеппін.
0 дауыс
казак кызды есекке отыргызбаган, арыктан аттатпаган,аягын котертпеген,атка мингенде де арнайы айел адамдарга арналган ерге отыргызган. себеби казак халкы кыз жат журттык деп аялап осирген. турмыска шыкканда абыроймен,ягни кыздык белгимен баруын камтамасыз еткен.
Не үтір, не нүкте жоқ. Не қазақша әріптер жоқ. Қазақша жазыңыз.
0 дауыс
Қазақ қызын еркелетіп, оң жағында өсірген. Жақсыны беріп, жақсыны үйретті. Көшкенде аттың жақсысына қыздарын міндіріп, түйеге күйме байлап, қырмызы қыздарын сонда алып жүрген. Дегенімен де, есек көнбіс, ыңғайлы көлік ретінде пайдаланғандықтан, мал бағуға ұсталды. Әкесіне тамақ апарып, біршама жерге жету үшін қыздар мен әйелдердің аракідік есек мініп кететін кездері де кездесіп қалатын. Алайда, қыз баланы есекке мінгізуді жөн санамайтын, ата-бабамыз. Клипке келер болсақ, ауылдағы, қазіргі күннің бейнесін көрсететін сюжет бұл. Бір үйдің ерке қызы есекке де мініп кете береді ғой, кейде. Ондай жағдай кездесіп қалады. Жалпы есек бізге саудв-саттық арқылы, жібек жолымен жетті. Сол өзбек, тәжік, түркімен ағайындардан алмасты. Ыңғайлы, еңбегі адал бейшараны арғымақтың жалын тартып мініп, желмен жарысып өскен қазағым соң көрмейді. Еңбегін пайдаланып, жұмыс атқарғанымен де, қыздарына тырпыңдатып мінгізіп қоюды жақтырмаған-ды. Ауылда есек мініп шапқылап кететін тентек,ерке кыздар кездесіп қалуы, бүгінгі күннің еншісінде.
0 дауыс
Біріншісінде менде естіп таң қалдым)))Ерке Есмахан Алло деген клипіндегісі емес па)))бұрындары есекке қыздарды мінгізбеген
0 дауыс
Өзім ауылда өстім. Есекке мінген емеспін. Мінген қыз көрген емеспін. Клипті алғаш көргенде таң қалдым. Мүмкін басқа ауылдарда мінетін шығар деп. Əр ауылдың салты басқа, иттері қара қасқа дегендей ғой. Бірақ бір білетінім, абыройсыз келген қызды есекке теріс мінгізіп, ауылына айдап жібереді.
Сон айтам)Сәтті шыққан клиптен әйтеуір бір бүкір жерін шығарып алу керек осы жұрттарға.
...