0 дауыс
1.2k көрілді
Сәлеметсіз бе бала күтімімен отырмын. 2015 жылға сауықтыру жәрдем ақысын алған жоқпын ала аламын ба? 2014 жылдың тамыз айында декреттік демалыстан кейін еңбек демалысымда алдым. 2015 жылға жұмысқа қосылған жоқпын, сондықтан еңбек демелысын алмасамда сауықтыру жәрдем ақысын ала аламын ба?

2 жауап

0 дауыс

Мен заңгер емеспін, бірақ сізге көмектесу мақсатымен интернетті ақтардым, мынаны таптым. (Бірақ қатысы жоқ сияқты)

Астана. 1 наурыз. Baq.kz Қазіргі таңда аналарға жүктілігіне, бала тууына, күтіміне байланысты берілетін әртүрлі жәрдемақы қарастырылған. Алайда ол барлық аналарға бірдей берілмейді. Дәлірек айтқанда, жұмыс істемеген аналар жәрдемақының бірқатарына қол жеткізе алмайды. Өйткені кейбір жәрдемақылар әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Ал жұмыс істемеген аналар ол қорға ай сайынғы жарнаны аудара алмайды. Сондықтан оларға жәрдемақы төленбейді.  

Аналарға жәрдемақы төлеу жүктілікке, бала тууға, бала күтуге төленеді. Олай бол­са, оларды жұмыс істейтіндер, істе­мей­тін­дер деп бөлу қаншалықты дұрыс? Ауыл­дағы әйелдердің басым бөлігі жұмыс істе­мейтінін ескерсек, «жұмыс істемейсің, деп жәрдемақыдан қағу оларға жасалған қиянат емес пе? Демографияға сүбелі үлес қосатындар да – ауыл әйелдері. Олай болса, бала тапқан әйелдердің бәріне бірдей жәрдемақы төлеу керек шығар.

Жұмыс істейтін әйелдерге берілетін жәрдемақы:

Егер әйелдің орташа табысы 150 000 теңге болса, әлеуметтік сақтандыру қоры­нан бір реттік әлеуметтік төлем – 567 000 теңге төленеді, ал 250 000 теңге жала­қы­мен – қордан 783 720 теңге + жұмыс орны­нан 309 000 теңге = 1 092 720 теңге алады;

Қордан берілетін әлеуметтік төлемнен бөлек, мемлекеттен 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 731 х 30 = 51 930 теңге тағы алады;

Әлеуметтік сақтандыру қорынан баласы бір жасқа толғанша баланың күтімі үшін соңғы 24 айдағы орташа айлық табы­сының 40 % мөлшерінде алады. Ол орта есеппен – 60 000 – 100 000 теңге.

Демек, жұмысы бар әйелдің бір баланы туғаны үшін бір жылда алатын жәрдем­ақы­сының көлемі – 1 338 930 – 2 344 650 теңге. Бір жыл дейтініміз, бала туылғаннан кейін екі жыл өтпестен жұмысқа шыға­тын­дар көп. Және бұған заңдық тұрғыда тыйым салынбаған. Жұмысы бар ана жәр­дем­ақыны да, жалақыны да алады деген сөз.

Жұмысы жоқ әйелдерге берілетін жәрдемақы:

Жұмысы жоқ әйелге Әлеуметтік сақ­тан­дыру қорынан бір тиын да төленбейді. Сондықтан тек мемлекеттен берілетін 30 айлық есептік көрсеткіш 1 731 х 30 = 51 930 теңге алады. Айта кетейік, бұл бір реттік әлеуметтік төлемнің төртінші, бесін­ші баланың өзіне төленетін мөлшері бар болғаны – 86 550 теңге;

Сәбиі бір жасқа толғанша баланың күтімі үшін төленетін жәрдемақы мөлшері:

бірінші балаға – 9 521 теңге;

екінші балаға – 11 252 теңге;

үшінші балаға – 12 983 теңге;

төртінші және одан да көп балаға - 14 714 теңге төленеді.

Жұмыссыз ата-ана егер еш жерде жұмыс істемейтінін дәлелдесе ғана баласы 18 жасқа толғанша екі айлық есептік көр­сет­кіш, яғни 1 731 х 2 =3 462 теңге алады.

Демек, жұмыссыз әйелдің бір баланы туғаны үшін бір жылда алатын жәрдем­ақы­сының көлемі – 166 182 – 263 118 теңге. 263 118 теңге деп отырғанымыздың өзі тек төрт-бес баласы бар көпбалалы анаға ғана төленеді. Ал балалары 18 жасқа толғанша төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін айтудың өзі ұят.

Қарап отырсақ, жұмыс істейтін әйелдер мен жұмыс істемейтін әйелдердің бір жылда алатын жәрдемақы көлемінің айырмашылығы он есе екен.

Жәрдемақыға қол жеткізу үшін қылмысқа барған

Бір Алматы қаласының өзінде соңғы екі жылда 100-ден астам жүкті әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалып, кейбіреуі үш-бес жылға бас бостандықтарынан айырылған. Араларында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп алғандар мен жұмыс берушісімен келісіп, миллиондаған жалақы көрсетіп, 5 млн-ға дейін бір реттік әлеуметтік төлем алған­дары бар. Мамандардың айтуынша, Әлеу­меттік сақтандыру қоры 2005-2012 жыл­дардың аралығында жалпы көлемі 285 млрд теңге әлеуметтік жәрдемақы аудар­ған. Соның 264 млрд теңгесі тек босанған әйелдерге төленген. Демек, бұл жалпы соманың 93 %-ын құрайды.

Егер аналардың бәріне бірдей жәрдем­ақы төленіп, оның көлемі көңілге қонымды болса, аналар мұндай қылмысқа бармас еді. Демек, аналарды жікке бөлу арқылы оларды қылмысқа итермелеп отырмыз.

Зиядин Ақбетов, Алматы қаласы бойын­ша әлеуметтік қорғауды бақылау жөніндегі департаменттің директоры:

– Жұмысы бар әйел босанғаннан кейін бірнеше айдан соң жұмысқа шығам десе үндемейміз. Мемлекет те, Әлеу­мет­тік сақтандыру қоры да мерзімінде жәрдемақысын төлеп отыр. Кейінгі өзгеріс әбден зерттеліп, әлемдік тәжі­ри­белер негізінде бекітілген өзгерту мен толықтыру. Сондай мөл­шер­дегі жәрдемақыны алмайтындар да бар ғой...өзіміз жаман үйреткенбіз.

Жақында денсаулық сақтау министрі Салидат ханым бір сөзінде «денсаулық мықты болуы үшін, дені сау ұрпақты өмірге әкелу үшін болашақ ана дұрыс тамақтанып, жеміс-жидек жеп, дәрумендерді қабыл­дауы керек» деп қалды. Айына алатын жәрдемақысы 5 мың теңгеге де жетпейтін, ауылда жұмыссыз отырған балалы әйелдің бұған жағдайы қайдан келсін? Әрине, жы­лы жерде, жұмсақ креслода отырып «қарны ашса, неге қазы жемейді» деп айта салу оңай. Онан да министр ханым аналар­­дың әлеуметтік жағдайын ескеріп, өзге елдердегідей оны оңалту жолдарын ұсынса болмас па?!

Мысалы, Ресейде ауылда жұмыссыз отырған көпбалалы ана зейнеткерлікке 50 жаста шыға алады. Сонымен қатар, үш және одан да көп баласы бар отбасы арнайы тізімге тіркеліп, көпбалалы отбасының куәлігін алады. Сол құжаттың негізінде коммуналдық қызмет ақысын үш балалы отбасы – 30 %-дық, 4-6 балалылар – 50, жетіден көп баласы барлар 100 %-дық жеңілдікпен төлейді екен. Тіпті байланыс ақысы да 50%-ға тегін. Ал шет мемлекеттерде жұмыссыз аналарға банктен несие алуға көптеген көмек көрсетіледі. Баласының санына қарай 30-дан 70%-ға дейін жеңілдіктер қарас­ты­рыл­ған. Несиенің белгілі бір мөлшерін мем­лекет төлеп беретін елдер де бар.

 

P.S.

Әлеуметтік сақтандыру қоры мамандары да бүгінгі аналарға жәрдемақы төлеу жүйесіне көңілдері толмайды екен. Тек ол жайлы ашық айтудан қаймығады. Олар да: «Бала тапқан аналардың бәріне бірдей жәрдемақы төлеу керек», – дейді. Расымен де, бала тапқан аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін өсірсек, онда ең алдымен ауыл әйелдерінің әлеуетін арттырамыз. Сонымен қатар, демографияның өсуіне ықпал еткен болар едік. Аналарымызды бөліп-жармай, бірдей жәрдемақы төлеу керек. Себебі жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де әйел, ол – ана!

Тікелей сілтеме: мына жерде

0 дауыс
4 балаға 12 мың тенге?  қазір ашқа ма? ол неге жетеді? Базарға барсаң 1 пакетіңнің жартысы да толмайды ол ақшаға.  Бұрын 500 тенгеге екі-үш  пакет толып жыртылып, әрең көтеріп келетін еді ғой, тағы 200 тенгесі артылып.
...