0 дауыс
996 көрілді
7 жыл болды. ​​Мен оны сүйем, ол да мені ессіз сүйеді.  Менің де оның да отбасы бар.  Төсектес болған емеспіз, жолдасы жақсы адам, сәлеміміз түзу, сүйгеніме  сөз тигенін де қаламаймын. Өзіде қаламайды. Балаларын ойлайды. Жолдасын, жақындарын ойлайды.  Сағынып шаршап қиналып кеткен көзін жасырғанда өзімнің өңімді көрем, махаббат ауру таптырды, жүрегім езілгені сонша жүрегіммнің қаны сорғалап, дәмі аузыма татыйды, арамыз екі қадам болып тұрып құшақтап сүйе алмайтынымды ойлап, екі бүктеліп тұралмай қаламын. Айтып жеткізе алмаймын. Ол тіпті шаршағаны сонша "сені ойлап жатып сол бойы тұрмай қалсам ғой, бірақ  одан  кімге пайда, жақындарым қиналғаннан басқа, лучше мен осылай болса да өмір сүре берейін" дейді. Оның да қатты қиналатынын көріп, осыдан кейін жек көріп кетсін  деп дөрекі сөйлеп, қарамай, іздемегендей болам, бирақ оның барі бір айтеуір амал екені көрініп тұрады. Екеуміз рахаттанып отырып бір сойлесіп көрмесекте өте жақынбыз. Мен оның қамын ойлайтын болуым керек еді, басқа емес, неге осылай болғанына таңым бар, екеуміз басқа ешкім емес. Кейде барып жұлып алып кеткім келеді, ол тек менікі болу керек еді.  Азапты махаббаттан қалай құтылам, ұмыталмаймын, ұмытқым да келмейді, қосылсақ та бақытты болмаймыз, біз қазақпыз..... Уақыт өте ұмытармыз деп 5 жыл  бұрын айтып едік, уақыт бізді  қиналып өмір сүруге де болатынын ғана үйретіп жатыр...Ондай өмір кімге керек, қажып кеттім, жүрегім де шаншып ауыратын болды. Жігіттер, көмек сұраймын, ұмытудың мен білмейтін емі бар шығар,  ішіп алып, сүйетінімді бар әлемге айқайлап айтып жайып салғым келеді. Алып алғым келеді, бірақ оған  сөз тигеннен басқа пайдасы болмайтынын түсінем, сомен ішуден де қорқам, шегінде тұрмын өмірдің...көмектесіңдер, психолог бар ма екен араларыңда...

5 жауап

+1 дауыс
Мынаны оқып басым ауырып кетті ғой) Әйеліңді бағаласаңшы. Нағыласың жұрттың әйелін, шаңырақты шайқалтқаннан басқа пайдасы жоқ іс. Аллаһтың берген сынағы төзе біл. Ауру емессің, махаббаттың дерті уақытымен жазылады.
0 дауыс
Қиын жағдай екен, бауырым. Сен оны ұмытқаның дұрыс. Екеуіңе де пайда жоқ бұдан. Сенің оған деген махаббатыңды басқа құндылықтармен толтыруға тырыс. Мысалы, әйеліңе деген махаббат, балаларыңа деген махаббат. Жалпы психологқа арнайы барып көрінгенің дұрыс деп ойлаймын.
+1 дауыс
Сенікі оңай екен ғой,біреу ғана,  менің бұрынғы ғашықтарымды айтсам  40 шақты солардың бәрін бір моментте көз алдымда кадрлар сияқты өтіп жатады.  Ештеңесі жоқ, жолыққанда бір-бірімізді танымайтын адам сияқты жүре береміз, жүректерің лүпілдеп кететін сияқты болады сәл.  Жігіттердің бәрі сондай, басқа біреудің әйелдері айдай көрінеді.  Негізі сүйгеніңе үйленсең 1-2 жылдан соң оған да қарағың келмей қалады,тура қазіргі әйелің сияқты, басқа жаққа көз кетіп қала береді ғой. Обшем үйлене алмай қалғандар ақ бір-біріне  ғашық.   Бәрінен де қолда бар қазіргі әйелдеріңді қадірлей біліңдер қолдан келген жақсылықтарды аямай, өйткені ол саған ұл-қыздарды тауып берді, ендеше өз әйелің қымбат.
–1 дауыс
Сен тек оған деген құмарыңды қандырғың келедi. Оның көздерi, дене бiтiмi саған түнде ұйқы бермейдi. Онымен төсектес болсаң бәрi басылады.
Азғырмасаңшы   .
–1 дауыс
Орыстар "красивая жена - чужая жена" деп босқа айтпаған екен)

Ұқсас сұрақтар

...