0 дауыс
3.9k қаралым
Туган жеринизде колданылатын диалект создер

3 жауап

0 дауыс
ҚАЗАҚСТАНДА, ҚАЗАҚ ПЕН ҚАЗАҚТЫҢ АРАСЫНДА ДИАЛЕКТ СӨЗДЕР ЖОҚ! БОЛУЫ ДА МҮМКІН ЕМЕС.

ҚАЗАҚ ПЕН   НОҒАЙДЫҢ, ТАТАРДЫҢ, ӨЗБЕКТІҢ, ТҮРКІМЕННІҢ, ҚЫРҒЫЗДЫҢ, БАШҚҰРТТЫҢ АРАСЫНДА БІРАЗ ДИАЛЕКТ СӨЗДЕР КЕЗДЕСІП ЖАТАДЫ.

ҚАЗАҚ ПЕН ҚАЗАҚТЫҢ АРАСЫНДА ДИАЛЕКТ БАР ДЕГЕН ҰҒЫМДЫ ҚАЙ ПЫСЫҚ ОЙЛАП ТАПТЫ ЕКЕН ?

СОНЫҢ СӨЗІНЕ ҚАРАП, БӘРІМІЗ КӘДІМГІДЕЙ СЕНІП КЕЛІППІЗ, ОНЫҢ ДАЛБАСАСЫ ҚҰРЫСЫН.   БІЗДІҢ ӘР ОБЛЫСТА КЕЙ СӨЗДЕРДІҢ СИНОНИМДЕРІ ҒАНА АУЫСЫП АЙТЫЛЫП ЖҮР,

МЫСАЛЫ:  ДӘУ-ҮЛКЕН-НӘН-АУҚЫМДЫ- ІРІ  ДЕГЕН СИЯҚТЫ, БІРАҚ БҰЛ СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ БІР СИНОНИМДЕР. Диалектіге жатпайды, керек десең осы синонимдерді алысқа бармай ақ бір ауылдың адамдары да дәл осылай әр түрлі қолданып жүре береді. Таң қалатын түгі де жоқ оған.

Қазақтың тілі өте бай тіл.
Диалект деген ұғымды қате түсінеді екенсің, диалект деген - белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер! Мысалы: нән,
қасқа, тұқым(жұмыртқа), кеуірт, әпше, тәте, дарбыз, бәдірең т.б.
П/С: Шымкенттенмін мен де!
0 дауыс
Сәлем! Мен Орталық Қазақстаннанмын, руым - қыпшақ. Бір байқағаным, бізде және Солтүстік Қазақстанда қазақ тілі байырғы нұсқасымен сақталған. Біздің қазақшамыз әдеби тілге өте жақын. Мақтанғаным емес, көркем сөйлеуде Орталықтың қазақтары озады ғой деймін, сірә)) Диалект бізде жоқтың қасы, ал оқулықтан оқыған басқа өңірдің диалектілеріне таң қала қарайтынбыз))
0 дауыс
Сәлем достар! Мен Солтүстік Қазақстаннанмын, дәлірек айтқанда Павлодар қаласынан. Бізде де диалект сөздер жоқтың қасы деп айтуға да болады. Сонымен қатар барлығы бізді орыстанып кеткен шала қазақтар деп жатыр, бірақ олай емес. Себебі біздің тіліміз Оңтүстік аудандардағы қазақтарға қарағанда таза деп нық сеніммен айта аламын.Көпке топырақ шашпай-ақ қояйн, бірақ шындық -  осы!
127,981
сұрақ
322,932
жауап
153,164
пікір
73,068
қолданушы
...