Шиповникті қайнап тұрған суға салып 2-3 минуттан соң қант салып, шәй сияқты ішсең суығыңды кетіреді. Шиповникті кәдімгі компот сияқты дайындап қант салып қоясың да күн сайын су орнына іше беруге болады, әрі дәмі де керемет өте жағымды. Менің басым суықтап, жылына алмай қойған кезде солай жасап ішіп, басымның ауырғаны сол күні қайтқан.
Басқа фармацевтикалық дәрілерге жолама, бәрі таза емес, оны қабылдағаннан пайда жоқ, бүйрегің мен бауырың ауыратын болады ондай химиялық дәрілерден.
Іске сәт осылай жаса, сосын азанда ерте тұрып, 3-4 КМ жүгіріп келсең тіпті жақсы күні бойы жылы жүресің. Жүгіргеннен адам қан айналымы жақсы жұмыс істеп, қан тамырларың кеңейеді. Ал қан айналымы жай болса адам жаурай береді, есіңде болсын.