+1 дауыс
16.6k көрілді

Нобель сыйлығымен марапатталған бірінші қазақ, нақтырақ айтсақ, тәуелсіз еліміздің тұңғыш өкілі - Достай Раманқұлов туралы қандай ақпараттар білесіз?

Нобель сыйлығы

Достай Раманқұлов Достай Раманкулов

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Оның өмірінде ойлағанының бәрі болмаса да, бірқатары жүзеге асқанға ұқсайды. Олай дейтініміз қазақтың қарапайым қарадомалақ баласы Достай өз ұлты ғана емес, елден тысқары басқа ұлттар да құрметтеп, сыйлайтын адамдардың біріне айналған.

Қазіргі заманда адамды әп-сәтте бүкіл әлемге танымал ететін құжат бар. Өзі бір жапырақ болғанымен, одан үміткерлер мыңдап саналатын осы бір қағазда – «Нобель сыйлығының лауреаты» деген сөз алтын әріппен жазылады. Сондымен бірге, бұл құжатты салтанатты тапсыру рәсімі дүние жүзінің телевизиялық жүйесі арқылы әлем жұртшылығының көз алдында өтеді. Халықаралық марапатқа қолы жеткендердің бірі – қазақ баласы Достай Раманқұлов. Ол Нобель сыйлығымен марапатталған бірінші қазақ, нақтырақ айтсақ, тәуелсіз еліміздің тұңғыш өкілі.

Әрине, Достайдың алақанына бақыт құсы өзі келіп қона салған жоқ. Ол Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі және «Қазатомэнергопром» Ұлттық Атом компанияларында қызмет еткен. Кейін халықаралық МАГАТЭ ұйымының жауапты қызметкері болып тағайындалады. МАГАТЭ ұйымы мен оның бас директоры Мұхаммед әл-Барадей Нобель сыйлығының 2005 жылғы лауреаты атанған кезде, МАГАТЭ атынан марапатқа лайық деп табылған 11 адамның ішінде Достай да болған.

МАГАТЭ ұйымы Атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолданылуын үндейді,  қазіргі таңда оған 131 ел мүше. Ішінде тәуелсіз Қазақстан да бар. Халықаралық агеттікте 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ал Нобель сыйлығының лауреаттығына осыншама қызметкер ішінен Достай сынды 11 кәсіби маман ғана таңдап алынған.

Ғылым, техника және басқа да салалар бойынша бір мезгілде 8 адамға дейін осы сыйлықты иемдене алады. Ал ұйымдарға берілген кезде, олардың саны артатыны белгілі. Соның барлығына «Нобель сыйлығының лауреаты» деген диплом тапсырылып, омырауына Альфред Нобельдің алтын бейнесі тағылады. Ең бастысы халықаралық сараптамаларға беделді, басты тұлға ретінде қатыстырылады.

Достай Раманқұлов 1960 жылы Түркiстан қаласында дүниеге келген. Қарапайым қазақ отбасында туылып, қазақ мектебiнде білім алған. Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық политехникалық университетiн тәмамдайды. Кейiн Мәскеудің жоғары оқу орындарының бірінде білімін шыңдайды. Елімізде Атом қуаты жөнінде құрылған комитетте қызмет істейді. АҚШ-тағы Қазақстан елшiлiгiнде ғылыми-техникалық кеңесшiсi болып еңбек етеді. 1998 жылдан берi МАГАТЭ ұйымында жұмыс iстейдi.Нобель сыйлығын алған тұңғыш қазақ Достай Раманқұлов бүгiнде Аустрияның астанасы Венада тұрады. Жары Әлия екеуі екі ұл өсіріп, үлкені Данияр университетте, кішісі Дәурен мектепте оқиды.

0 дауыс

Әлемде Альфред ақсақалдың, Нобельді айтам да, атындағы сыйлықты алуды армандамайтын пенде жоқ шығар. Екінің бірінің маңдайына жазыла бермейтін бұл бақытқа қолы жеткендер де аса көп емес бүгінде. Дегенмен, бағымызға қарай осынау мәртебелі марапатты иеленген біртуарлар қатарында алаш азаматы да бар екен.

Интернет кеңістігін кезіп жүріп, көңілімді марқайтып тастаған осындай ақпаратты оқыдым. Оқыдым да «Тәубе!» дедім.

Мені бір таңғалдырғаны, ілуде біреуге ғана бұйыратын сыйлықты таза еңбегінің арқасында еншілеген тұңғыш қазақ жайында туған халқының бейхабар болуы, білмеуі. Белгілі бір топтың төңірегінде қалып қойған бұл хабар бүкіл елге ақпарат құралдары арқылы сүйіншіленбегені түсініксіз жайт. Бәлкім бір-екі рет айтылған да, жазылған да шығар. Сонда да жеткіліксіз, бұқара халық Достай Раманқұловтың кім екенін дұрыс білмейді. Иә, әлемдегі ең бағалы сыйлық – Нобельге тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш ие болып, алаштың абыройын асырған дарынды ұлдың есімі – Достай Раманқұлов! Ол – Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық поли-техникалық университеттің түлегі.

Әріптесіміз Сәлімгерей Сұлтанғалиевтің жазуынша, еліміздің Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі және «КАТЭП» (Казатомэнергопром) Ұлттық атом компанияларының бұрынғы еңбеккерлерінің бірі, Ақтау қаласының Құрметті азаматы Совет Татамбаевтың «Атом империясының радиоактивті мұрасы немесе радиациялық экология» атты еңбегінен Достайға қатысы бар мына бір жолдарды кездестіргенін алға тартады. Онда: «…Бүкіл дүниежүзі бо-йынша ядролық қауіпсіздікті сақтаудағы еңбектері жоғары бағаланып, МАГАТЭ ұжымы және оның Бас директоры Мұхаммед әл-Барадей халықаралық Нобель сыйлығымен марапатталды. Айта кететін бір қуанышты жайт, МАГАТЭ бойынша Нобель сыйлығымен марапатталған 11 адамның ішінде біздің жерлесіміз – қазақстандық Достай Төлемішұлы Раманқұлов бар. Достай Раманқұлов – бұрын Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттігінде, кейіні-рек Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде қызмет атқарды, қазір МАГАТЭ-нің жауапты қызметкері. Нобель сыйлығының Қазақ елінен шыққан бірінші лауреаты. Ең кереметі – берілген жалпы сомасы 1,3 миллион АҚШ долларын құрайтын сыйлықтың 50 пайызы әл-Барадейге тиесілі еді, бірақ ол қаражатты түгелімен Мысырдың жетім балалар үйлеріне, қалған 50 па-йызын лауреаттар толығымен ісік ауруымен кү-реске аударыпты! Нобель сыйлығын алушылардың қатарына Раманқұлов – Достайдың қосылуы Қазақстан Республикасының қазіргі және келешектегі атом энергетикасы саласындағы алатын алдыңғы қатардағы орнының бір көрінісі деп те білуге болар» деп жазылыпты.

Совет Татамбаевтың мәліметтеріне қарағанда, 1999 жылы МАГАТЭ-нің штатында 2212 адам жұмыс істеген. Нобель сыйлығының лауреаттығына осыншама қызметкердің ішінен Достай сияқты 11 кәсіби маман ғана таңдап алыныпты.

Әрине, кейбір адамдардың айтуы мүмкін: «бұл – Достайдың ғана емес, бүкіл бір ұжымның еңбегі» деп. Дұрыс, орынды уәж. Алайда екі мыңнан астам дүлдүлдің ішінен іріктелген таңдаулы он бір адамның қатарына қосылудың өзі кімнің кім екенін аңғартып тұрған жоқ па?! Және де Нобельді белгілі бір топ өкілдеріне беру – әу баста қалыптасқан дәстүр. Ғылым, техника және басқа салалар бойынша бір мезгілде бірнеше адамға берілгендігі тарихтан мәлім. Солардың бәріне «Нобель сыйлығының лауреаты» деген диплом тапсырылған. Ендеше, отандасымыздың бағындырған биігіне күмәнмен қарамауымыз керек. Керісінше, оның жетістігімен мақтанып, қуануымыз керек.

Достайдың Нобель сыйлығын алуына оның халықаралық қауымдастық мойындаған, бірақ тиесілі жерлерде ғана жарияланатын еңбегімен бірге, тәуелсіз Қазақ елінің, оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ атом энергетикасы саласындағы ашық жүргізіп отырған саясаты да тікелей әсер еткені талассыз. Өйткені, бүгінде МАГАТЭ-нің жүргізіп отырған іс-қимылдарының қазақстандық бағыты еліміздің сыртқы саясатына сәйкес келеді және өзара тығыз ынтымақтастықта. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бас-тап халықаралық инспекторларға ел аумағындағы ядролық нысандардың барлығын өз көздерімен аралап көруге рұқсат берген-ді. Бұл, әрине, халықаралық қауымдастық пен АҚШ тарапынан қызу қолдау тапқан. Демек, ядролық қарусыздану мен бейбіт
атомды дамытуды ту еткен біздің елдің бастамасы мен іс-әрекеті МАГАТЭ-нің мақсатымен үндесіп жатыр. Ал осы адамзат үшін аса маңызды делінген ядролық қауіпсіздікті сақтауда білек сыбанып еңбек қылған Достай Раманқұловтың Нобель сыйлығының лауреаты атануы заңдылық!

Деректер не дейді?

Нобель сыйлығының алғаш дүниеге келуіне жеке ықпал еткен және оған дем берген шведтік белгілі химик Альфред Нобель болды. Жарылғыш заттарды ойлап табу арқылы зор байлыққа ие болған ол 1895 жылы артына ұлағатты өсиет қалдырды. Өзінің өмір бойғы жиып-терген бар байлығын бұдан былай адам игілігі жолында ұлан-ғайыр қызмет жасап, жаһандық жаңалықтар ашқан тұлғаларға сыйлық ретінде үлесті-ріп беруді мұра етті. Сөйтіп, Нобель өсиеті 1896 жылы 10-желтоқсанда күшіне енді. Альфред Нобель Сан-Ремо қаласында қайтыс болғаннан кейін-ақ іле-шала «Нобель қоры» құрылады. Оның жарғысын Швецияның Корольдік кеңесі 1900 жылғы 29-шілдеде бекітті. Араға бір жылдан астам уақыт салып, 1901 жылы 10-желтоқсанда, яғни, Нобель қайтыс болған күні тұңғыш рет алғашқы Нобель сыйлықтары өзінің лайықты иелеріне табыс етілді. Бұл күнде сыйлықтар аталмыш өсиетнамаға сәйкес мына бес сала бойынша беріледі: әдебиет, физика, химия, физиология және медицина, бүкіл әлемде бейбітші-лік орнатуға бағытталған іс-әрекет.

КЕРЕК ДЕРЕК

Достай Раманқұлов 1960 жылы қасиетті Түркiстан топырағында дүниеге келген. Қарапайым қазақ отбасында туылып, қазақ мектебiнде білім алған. Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық политехникалық университетiн бiтiрген. Кейiн Мәскеудің жоғары оқу орындарында білімін шыңдап қайтады. Елімізде Атом қуаты жөнінде комитет құрылғанда сонда қызмет істейді. АҚШ-тағы Қазақстан елшiлiгiнде ғылыми-техникалық кеңесшiсi болып еңбек етеді. 1998 жылдан берi МАГАТЭ ұйымында жұмыс iстейдi. «Нобель» сыйлығын алған тұңғыш қазақ Достай Раманқұлов бүгiнде Венада тұрады. Жары Әлия екеуі екі ұл өсіріп, үлкені Данияр сонда университетте, кішісі Дәурен мектепте оқиды.

0 дауыс

Салмақты сөйлейтін, ойлы дүние айта алатын басылымның бірі болған соң «Қазақ үні» газетінің сайтын қарап отыратын әдетіміз бар. Осы сайт 5 желтоқсандағы санында «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫМЕН МАРАПАТТАЛҒАН ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ» деген мақала берді. Мақаланы, «ойпырмай, мынау шын ба, шын болса сенсация болды ғой, біз қалай естімедік? Басқа ақпарат құралдары не ғып үнсіз жатыр, қашан алды екен, кім болды екен?» - деп шұқшия қарап, оқып шықтық.   

Сөйтсек... сайт деректі көп адам біле қоймайтын басқа бір сайттан алыпты. (Жарнама болып кетпес үшін оның дерегін жазбадық). Осы сайт қазақ азаматы Достай Раманқұловтың 2005 жылы МАГАТЭ-де істеп жүргенде Нобель сыйлығын алғанын жазыпты. Тіпті, үзіп-жұлып бір кездерде басқа басылымдар да осылай жазған екен.

Егер бұл оқиға шын болса, ендігі төбеміз көкке жеткендей қуанып, Достайдың атын аспанға шығарар едік қой. Өйткені, Нобель сыйлығын алу деген... адамзаттың мойындауы дегенді ұқтыратын ерекше атақ. Мәселе тіпті оның ақшасының көптігінде де емес, атағында!

Енді мына жаңсақ ақпараттың жайын айтып көрейік. Нобель сыйлығын алушыларды жыл сайын тұтас институттар мен академиялар анықтайды. Сыйлыққа ұсынылған жүздеген еңбектердің арасынан физиология мен медицина саласынан лауреат болатын еңбекті Каролин институты, әдебиет саласының лауреатын Швед академиясы, физика мен химия салаларының лауреатын Шведтің корольдық ғылым академиясы, ал әлемдік бейбітшілік сыйлығының лауреатын Норвегияның Нобель комитеті анықтайды. (Бұрын швед пен норвегтік уния бір болып, 1905 жылы ғана бөлінген. Сондықтан Нобель сыйлығының бір саласы бойынша лауреатты белгілеу норвегтіктердің үлесіне тиген).

Тіпті бұл ұйымдар өздері де анықтамайды, тек олар жауапты деп саналады. Ал лауреатты анықтайтын әр саланың білікті мамандарынан тұратын халықаралық комитеттер. 1969 жылдан бері Швеция банкісінің бастамасымен экономика саласы бойынша да сыйлық беру белгіленді. Осыдан кейін Нобель сыйлығының қоры номинациялар санын көбейтпеу туралы арнайы шешім қабылдады. Айта кететін жайт, Альфред Нобельден қалған байлық бүгінгі бағаммен 250 млн. долларға тең болған. Ал сыйлықтар осынша қаражаттың құнды қағаздарға салған өсімінің есебінен төленеді. Сондықтан ол жыл сайын өзгеріп тұрады. Бірақ осы уақытқа дейін 1 млн. АҚШ доллары көлемінен түсіп көрген емес.

Енді 2005 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы туралы айтайық. Осы жылдың желтоқсан айында Норвегияның астанасы Осло қаласында халықаралық МАГАТЭ ұйымына және оның басшысы Мұхаммед әл Барадейге ядролық қуатты әскери мақсатқа жұмсауға қарсы жасаған әрекеттері үшін Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы берілді. Сөйтіп, бір сыйлық ұйым мен оның төрағасына бөліп тапсырылды. Ұйымның атынан сыйлықты Басқарушылар кеңесінің сол кездегі төрағасы Юкия Амано (Жапония) қабылдады. Ал Мұхаммед әл Барадей (суретте) өзіне тиесілі бөлікті өзі қабылдап, төсіне Нобель сыйлығының алтын белгісін қадатты. Сөйтіп, 2005 жылғы Нобельдің Бейбітшілік сыйлығына МАГАТЭ ұйымы мен оның сол кездегі төрағасы Мұхаммед әл Барадей ие болды деп алтын әріптермен нобелдік кітапқа жазылды.

Бар оқиға осы. Ал біздің журналистер осы сыйлықты сол кезде МАГАТЭ-де қызмет ететін Достай Раманқұлов та алды деп жазып жүр. Қазір халықаралық ұйымдарда қызмет істейтін қазақ жігіттері мен қыздары толып жатыр. Достай да соның бірі. Ол МАГАТЭ-ге берілген сыйлықтан басқалармен бірге үлес алуы мүмкін, алайда бұл Нобель сыйлығының иегері болды деген сөз емес. Сондықтан оны «қазақтан шыққан тұңғыш Нобель сыйлығының лауреаты» деу орынсыз. 

МАГАТЭ мен М.Ә.Барадейдің есімдері осы жылы 200 үміткердің арасынан таңдап алынған. Тартыстың қаншалықты қиын болғанын осыдан-ақ аңғарамыз. Сондықтан бүйрегіміз бұрып тұрса да, қол жеткізуі өте қиын сыйлықты өз қандасымызға қанша телісекте қисынға келмейді.

0 дауыс

Баяғыда Қожанасыр халықты қатырып алдамақшы болып, елге жақындағанда есегіне қамшыны басып беріп, ауылға шауып кіріпті. Ойбай, Қожеке сізге не болды, бала-шаға емессіз мына шабысыңызға жол болсын дегендерге: -Ана жақта алтын жауып жатыр, соған қапшық алайын деп үйге келе жатырмын, -депті ол түтігіп. Мұны естіген халық қапшық, дорбаларын алып Қожекең сілтеген жаққа жүгіреді ғой. Олардың алданғанына қарап, біршама күліп тұрған Қожекең біраздан соң ешкім қалмай, бәрі жүгіріп кеткенде, ойпырмай, шынында алтын жауып жатпасын, бәрі де кетіп қалыпты ғой, деп өзінің өтірігіне өзі де алданып, қапшығын ала жүгірген екен…  

Сол сияқты, қазір Интернетте жауапсыз жаңалықтар, өтірік деректер шықса болды, оның тегін тексермей, кейбір сенімді деген ақпарат құралдарының өзі көшіріп баса беретін болды. Сөйтіп, халықпен бірге өзі де оп-оңай алданып жатады…

Салмақты сөйлейтін, ойлы дүние айта алатын басылымның бірі сияқты көрінген соң «Қазақ үні» сайтын анда-санда қарап қоятын әдетіміз бар еді. Осы сайт 5 желтоқсандағы санында «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫМЕН МАРАПАТТАЛҒАН ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ» деп айғайлатқан мақала беріпті. Ойпырмай, мынау шын ба, шын болса сенсация болды ғой, біз қалай естімедік? Басқа ақпарат құралдары не ғып үнсіз жатыр, қашан алды екен, кім болды екен деп шұқшия қарап, оқып шықтық.

Сөйтсек… сайт деректі көп адам біле қоймайтын басқа бір сайттан алыпты. (Жарнамалау үшін оның дерегін жазбадық). Осы сайт қазақ азаматы Достай Раманқұловтың сонау… 2005 жылы МАГАТЭ-де істеп жүргенде Нобель сыйлығын алғанын жазыпты. Тіпті үзіп-жұлып бір кездерде басқа басылымдар да осылай жазған екен.

Егер бұл оқиға шын болса ендігі төбемізге көкке жеткендей қуанып, Достайдың атағын аспанға шығарар едік қой. Өйткені, Нобель сыйлығын алу деген… адамзаттың мойындауы дегенді ұқтыратын ерекше атақ. Мәселе тіпті оның ақшасының көптігінде де емес, атағының әлемдегі ең зорлылығында.

Енді мына жалған ақпараттың жайын айтып көрейік. Нобель сыйлығын алушыларды жыл сайын тұтас институттар мен академиялар анықтайды. Сыйлыққа ұсынылған жүздеген еңбектердің арасынан физиология мен медицина саласынан лауреат болатын еңбекті Каролин институты, әдебиет саласының лауреатын Швед академиясы, физика мен химия салаларының лауреатын Шведтің корольдық ғылым академиясы, ал әлемдік бейбітшілік сыйлығының лауреатын Норвегияның Нобель комитеті анықтайды. (Бұрын швед пен норвегтік уния бір болып, 1905 жылы ғана бөлінген. Сондықтан Нобель сыйлығының бір саласы бойынша лауреатты белгілеу норвегтіктердің үлесіне тиген).

Тіпті бұл ұйымдар өздері де анықтамайды, тек олар жауапты деп саналады. Ал лауреатты анықтайтын әр саланың білікті мамандарынан тұратын халықаралық комитеттер. 1969 жылдан бері Швеция банкісінің бастамасымен экономика саласы бойынша да сыйлық беру белгіленді. Осыдан кейін Нобель сыйлығының қоры номинациялар санын көбейтпеу туралы арнайы шешім қабылдады. Айта кететін жайт, Альфред Нобельден қалған байлық бүгінгі бағаммен 250 млн. долларға тең болған. Ал сыйлықтар осынша қаражаттың құнды қағаздарға салған өсімінің есебінен төленеді. Сондықтан ол жыл сайын өзгеріп тұрады. Бірақ осы уақытқа дейін 1 млн. АҚШ доллары көлемінен түсіп көрген емес.

Енді 2005 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы туралы айтайық. Осы жылдың желтоқсан айында Норвегияның астанасы Осло қаласында халықаралық МАГАТЭ ұйымына және оның басшысы Мұхаммед әл Барадейге ядролық қуатты әскери мақсатқа жұмсауға қарсы жасаған әрекеттері үшін Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы берілді. Сөйтіп, бір сыйлық ұйым мен оның төрағасына бөліп тапсырылды. Ұйымның атынан сыйлықты Басқарушылар кеңесінің сол кездегі төрағасы Юкия Амано (Жапония) қабылдады. Ал Мұхаммед әл Барадей өзіне тиесілі бөлікті өзі қабылдап, төсіне Нобель сыйлығының алтын белгісін қадатты. Сөйтіп, 2005 жылғы Нобельдің Бейбітшілік сыйлығына МАГАТЭ ұйымы мен оның сол кездегі төрағасы Мұхаммед әл Барадей ие болды деп алтын әріптермен нобелдік кітапқа жазылды.

Бар оқиға осы. Ал біздің жазғыштар осы сыйлықты сол кезде МАГАТЭ-де қызмет ететін Достай Раманқұлов та алды деп қойыпты. Қазір халықаралық ұйымдарда қызмет істейтін қазақ жігіттері мен қыздары толып жатыр. Достай да соның бірі. Ол МАГАТЭ-ге берілген сыйлықтан басқалармен бірге үлес алуы мүмкін, алайда бұл Нобель сыйлығының иегері болды деген сөз емес. Сондықтан оны «қазақтан шыққан тұңғыш Нобель сыйлығының лауреаты» деп даңғазалау орынсыз.

МАГАТЭ мен М.Ә.Барадейдің есімдері осы жылы 200 үміткердің арасынан таңдап алынған. Тартыстың қаншалықты қиын болғанын осыдан-ақ көруге болады. Сондықтан бүйрегіміз қанша бұрып тұрса да қол жеткізуі өте қиын сыйлықты өз қандасымызға оп-оңай тели салғанымыз… жұмсартып айтқанда ұят болады.

0 дауыс
1тапсырма 1В,2Д,3А,4С.

2тапсырма.Форма,Бейбіт,демократиялык,кең байтақ,шексыз,мурагер
...