0 дауыс
14.8k көрілді
Қазақстан аумағында соғатын желдер туралы мәлімет керек?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 – 45 м/с) және көктем мен күзге (20 – 35 м/с) келеді. Өте күшті желдер Каспий жағалауы және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады. Дүниежүзілік желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел тіркелген. Оларды Қазақстан бойынша мынадай аймақтарға бөледі: ашық далада (Жосалы, Сілеті, т.б.); шөл және шөлейт, үлкен ашық су қоймалары төңірегінде (Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл көлдері, т.б.); тау аңғарларында және тау аралық өңірлерде («Жетісу қақпасы», «Шілік аңғары», «Жаңғызтөбе», «Қордай», т.б.); орташа биіктіктегі таулар мен қырқаларда («Ерейментау», «Ұлытау», «Қарқаралы», «Мұғалжар», т.б.) соғатын желдер.
0 дауыс
Ең төмен 5м/с
Орташалау13м/с

Орташа 24м/с

Ең үлкені 35м/с
0 дауыс
Ебі желінің жылдамдығы 60-80 м/с
Сайқан желінің жылдамдығы 50-60 м/с
Мұғалжар желінің жылдамдығы - 50 м/с
Қордай желінің жылдамдығы 40 м/с-қа дейін
Арыстанды-Қарабас желінің жылдамдығы - 35 м/с-қа дейін
Шілік желінің жылдамдығы 8-10 м/с.
...