IT маманы болған соң, сайт жасауға, оларды техникалық қолдауға тапсырысты жиі аламын. Домен, хостинг алуға PS компаниясының қызметін қолданамын. Бұрын аталған компанияға қаланың екінші бір басынан келіп, кейде жол жүргім келмесе комиссиясы жоғары Qiwi арқылы төлейтінмін. Kaspi.kz-тің жарнамасын көріп қалып, тіркелгенмін. Шынымен пайдалы екен. PS-ке бірден төлем жасаймын. Өткенде «Нұр хостан» хостинг алмақшы болып, төлем жасайын десем оларға Kaspi.kz арқылы төлем жасау мүмкіндігі жоқ екен. Qiwi арқылы жасаудың әуресі көп. Бірінші терминалдарын табу керек. Екінші әмияны арқылы төлеу керек. Үшінші чекті аталған компанияға жіберу керек. Сосын олардың қызметін қолданудан бас тартып, өздеріне Kaspi.kz-ке қосылу туралы ұсыныс-хат жазып жібердім. Kaspi шынымен тамаша инновациялық нім жасап жатырсыздар. Еңбектеріңізге табыс тілеймін.