0 дауыс
1.1k көрілді
Kaspi.kz туралы толық айтып берсеңіздер. Пайдалы ма?

6 жауап

0 дауыс
Жазда Kaspi.kz-ке тіркелген едім. Жақында АҚШ-қа оқуға кеттім. Енді Kaspi.kz-тің пайдасын көріп жатырмын. Пәтерімді жалға беріп кеткенмін. Жалға алушылар пәтерақыны Kaspi терминал арқылы депозитіме салып отырады. Ал, мен коммуналдық қызметке Kaspi.kz арқылы шетелде отырып төлеп отырмын. Өте ыңғайлы. Өткенде досым банк бөлімшесіне барып төлеп жүрмін дегенді естіп, Kaspi.kzтуралы түсіндіріп бергенмін. Жақында хат жазып, рахмет айтты. Біздің банктер де инновациялық өнімді жасай алады. Және жәй ғана емес, алдыңғы қатарлы өнім жасай алады. Рахмет, Kaspi.
Қай штаттасың?      .
0 дауыс
Өте пайдалы сайт. Оның пайдасын ұшаққа билет алғанда көрдім. Досым екеуміз Малайзияға саяхаттап барып едік. Қайтарда Астанаға Алматы арқылы ұшатын болдық. Ұшаққа кешігіп билетіміз күйіп кетті. Алматыға кешігіп жететін болған соң, Астанаға алған билетімізді де өткізе алмай, күйіп кететін болды. Амал жоқ, басқа билет алудың жолын қарастыра бастадық. Билетті брондадық, енді төлем жасау керек. Түрлі жолдарды қарастырдық. Таныстарымыздың бірі . Kaspi.kz-ті айтты. Кіріп, тіркеліп көрдік. Қуанышқа орай танысымның Каспиде депозиті бар екен. Kaspi.kz-тен билет сатып алдық. Қазір коммуналдық қызметтер үшін тұрақты түрде тұтанамын. Комиссиясыз болғаны ұнайды. Каспи өзі тез өзгеретін, ерекше банк қой. Осы бағытынан жаңылмасын.
0 дауыс
IT маманы болған соң, сайт жасауға, оларды техникалық қолдауға тапсырысты жиі аламын. Домен, хостинг алуға PS компаниясының қызметін қолданамын. Бұрын аталған компанияға қаланың екінші бір басынан келіп, кейде жол жүргім келмесе комиссиясы жоғары Qiwi арқылы төлейтінмін. Kaspi.kz-тің жарнамасын көріп қалып, тіркелгенмін. Шынымен пайдалы екен. PS-ке бірден төлем жасаймын. Өткенде «Нұр хостан» хостинг алмақшы болып, төлем жасайын десем оларға Kaspi.kz арқылы төлем жасау мүмкіндігі жоқ екен. Qiwi арқылы жасаудың әуресі көп. Бірінші терминалдарын табу керек. Екінші әмияны арқылы төлеу керек. Үшінші чекті аталған компанияға жіберу керек. Сосын олардың қызметін қолданудан бас тартып, өздеріне Kaspi.kz-ке қосылу туралы ұсыныс-хат жазып жібердім. Kaspi шынымен тамаша инновациялық нім жасап жатырсыздар. Еңбектеріңізге табыс тілеймін.
0 дауыс
Жақында Қазақтелеком 2 пайыз комиссия ұстайды, ал Kaspi.kz-те комиссия алынбайды, бұрынғыдай қалады дегенді оқып, сайтқа тіркелгенмін. Бұрын мұндай «байлықты» білмей жүріппіз ғой. Kaspi.kz-те шынымен комиссия алмады. Комиссияны керісінше маған төледі, бонус берді. Клиентке шынымен қамқорлық жасаған бірінші банк. Қызмет көрсеткен соң осылай болуы керек қой. Алғыс айтамын. Kaspi.kzшынымен пайдалы сайт. Жұмыстағы әріптестеріме айтып, түсіндірейін деп отырмын. Жақсыны көрмекке деген мақал бар ғой.
Kaspi red туралы білсеңйз айтып беріңізші?
0 дауыс
Әйтеуiр клиент жинау амалы )
0 дауыс
Пайдаланбаппын. Білмейді екем. Қазір көп банктің өзінің интернет банкингі бар. Сол дұрыс.
...