+1 дауыс
Мая Веронскаяның өмірбаяны керек?
24.11.2015 2.2k қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Майя Веронская (1983 жыл, 22 маусым – Алматы, Қазақстан) – Қазақстан телеарналарының тележүргізушісі. 

Өмірбаяны

Майя бесінші сыныпқа көшкенде ата-анасы оны Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №12 қазақ-гимназиясына әкеледі. Осы сәттен бастап Майя қазақ тілін үйренеді. Мектепті бітірген соң, әкесінің кеңесімен Абай атындағы ҚазҰПУ-дің қазақ филологиясы факультетінің «аудармашы-ісқағаздарын жүргізуші» бөліміне оқуға түседі. Оны бітіргеннен кейін, екінші жоғары білім – «экономист» мамандығын алып шығуға бел буады. Оқуын сәтті аяқтап, хатшы болып жұмыс істейді. Майя алғаш рет телеарнаға көрермен ретінде келеді, телеарна қызметкерлерімен танысып, әртүрлі ток-шоу, бағдарламаларға көрермен ретінде барып жүреді. Телеарна қызметкерлері Майяның қазақ тілін жақсы білетінін байқап, тележүргізуші қызметіне алады, «Таңшолпан», «Екі жұлдыз»бағдарламаларын жүргізді.

24.11.2015
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы