Көзде жалын, бойда қайрат көре алмайсың көбінен!
Тренингке қатынасатын ақшалары жоқтарына "Ақысыз қатынаса бер, кейін табыс тапқан соң қайтарасың" десем де кежегегелері кейін қайтып келмей жолда қалып қалды жарым жартысы!
"Тауға шығайық , мен 55 темін, аяғым 3 жерден сынған, спицалар әлі тұр" десең төмер қарап міңгірлеп түрлі сылтау табады. Бүгін "Аға жаңбыр жауып тұр ғой" деп қорқады..
Мұқағалиды жаттайтын жастар бар ма өзі???
Кім боласың,
Қандай өмір сүресің,
Ол — өзіңнің үлесің.
Ақылымды тында, мейлің, тындама,
Тілегім бар бір ғана:
Шығып ал да арманыңның шыңына,
Сосын, мейлі, ұшып өл де, сырғана.
Болса ақылың біл мынаны: жалғанда,
Жолай көрме арманы жоқ жандарға!
Арманда, ұлым, арманда!
Арманда, ұлым, ақтық демің қалғанда!
Бүкіл өмір, бүкіл дүние, бар жалған,
Жадыңда ұста: жаратылған арманнан!
Өмірінің аяғы жоқ, басы жоқ,
Өлген артық армансыз боп қалғаннан.
Айтқанымды жөн де, мейлі, жөн деме,
Арманда, ұлым, қия деме, өр деме.
Шығып ал да арманыңның шыңына,
Қира мейлің, күйре мейлің, дөңгеле.