0 дауыс
Журналистің міндеттері? (ҚР «БАҚ туралы» Заң бойынша)?
13.11.2015 1.9k қаралым

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 23 шілде N 451

21-бап. Журналистiң мiндеттерi

Журналист:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;
2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;
3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;
4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;
4-1) азаматтармен сұхбат жүргiзген кезде дыбыс- немесе бейнежазбаны пайдалануға келiсiм алуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
Ескерту. 21-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N181Заңымен.

13.11.2015
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы