0 дауыс
685 көрілді
Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарына Заң бойынша қойылатын талап?

1 жауап

0 дауыс

8-бап. Ақпарат агенттігі (БАҚ туралы заң)

1. Ақпарат агенттігі - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тіркелген, қызметі ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған заңды тұлға.
2. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған уақыты қоса берілуге тиіс.
3. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан кезде ақпарат агенттігіне сілтеме жасауға міндетті.
4. Ақпарат агенттігіне осы Заңның 2, 10-баптарының күші қолданылады.

Қазақстандық ақпарат агенттіктері авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңға түзетулер енгізілгеніне қолдау білдірді. Алайда осыған қарамастан, көптеген БАҚ-тар зияткерлік меншік құқықтарын бұзуды жалғастыруда. Бұл қазақстандық ақпарат агенттіктердің жаңалықтарын заңсыз таратуға қатысты.

Ақпарат агенттіктерінің жаңалықтарын редакцияның рұқсатымен ғана таратуға болатынын еске салғымыз келеді. Бірқатар ақпарат агенттіктері үшін ақылы жазылудың негізінде, бастапқы дереккөзіне міндетті сілтеме жасау арқылы және бұл материалдарды пайдалану ережелерінде қарастырылған.

Атап айтқанда, көптеген шетелдік және қазақстандық ақпарат агенттіктерінің материалдарды пайдалану ережелерінде аталған агенттіктердің жазбаша рұқсатынсыз қайта басуға немесе ретрансляциялауға, қандай да бір формада кез-келген ресурстарда, соның ішінде интернет-сайттарда да, жаңғыртуға, көшіруге немесе таратуға тыйым салынады. Егер ол материалдарды пайдалану қажеттілігі туындаса, аталған субъект ол материалдарды заңды негізде пайдалану үшін ақпарат агенттігімен келісімге отыруға тиіс.

Сонымен бірге, ақпарат агенттіктерімен қол қойылған келісімдерді қатаң сақтау керектігіне назар аударамыз. Егер келісімде бір ақпарат көзі үшін (газеттерде, журналдарда жариялау) материалдың бір бөлігін пайдалану туралы жазылса, редакциялардың ақпарат агенттіктерінің жаңалықтарын өз сайттарында ашық түрде жариялауға құқықтары жоқ.Телеарналарға, радиостанциялар мен басқа БАҚ-тарға келетін болсақ, олар өздерінің жаңалықтар шығарылымында ол материалды ретрансляциялаған порталға емес, бастапқы ақпарат көзіне – ақпарат агенттіктеріне міндетті түрде сілтеме жасауға тиіс, мұны телеарналар мен радиостанциялар жиі назарға алмайды.

...