0 дауыс
2.2k көрілді
Талап- арызды қалай беру керек?

1 жауап

0 дауыс
Талап-арыз сотқа жазбашаны санда не электрондық құжат нысанында беріледі.
 Арызда:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) талап қоюшының атауы, оның ту­-ған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi ту­ралы мәлiметтер немесе егер талап қою­-шы ұйым болса, оның тұрған жері, сәй­­кестендiру нөмiрi мен банктік рекви­зит-
тері, сондай-ақ егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекенжайы, бұ­дан басқа, егер олар бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланыстың абоненттік нө­мірі мен электрондық мекенжайы ту­ралы мәліметтер;
3) жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құ­жатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, оның тұрғылықты немесе болатын жері, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі жә­не электрондық мекенжайы (егер олар бар болса), сондай-ақ қосымша сәйкестендіру нөмірі, электрондық мекенжайы, егер бұл деректер талапкерге белгілі болса;
4) талап қоюшының құқықтарын, бос­тандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
5) талап қоюшы өзінің талаптарын не­гіз­дейтін мән-жайлар және бұл мән-жай­ларды растайын дәлелдемелер;
6) егер талап қою бағалауға жатса, та­лап қоюдың бағасы;
7) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
 Арызға талап қоюшы немесе талап- арызға қол қоюға және оны ұсынуға өкі­леттігі болған кезде оның өкілі қол қояды.
Арыз электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының элек­трондық цифрлық қолтаңбасымен куә­лан­дырылады. Өкілеттігі болған кезде та­лап арыз өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
 Талап арызға:
1) жауапкерлер мен үшінші тұлға­лар­дың санына қарай талап арыздың көшір­месі;
2) мемлекеттік баж төлеуді растайын құжат;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
4) талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттар­дың көшірмелері;
6) оны дауға салған жағдайда норма­тивтік құқықтық актінің мәтіні;
7) талапкердің мерзімді кейінге қал­дыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дә­лелдемелерді талап ету туралы өтініші және олар талап-арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі.
Электрондық құжат нысанында бері­летін талап арызға осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың элек­трондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.
Бұл ретте, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлемді жүзеге асы­руды куәландыратын электрондық құжат мемлекеттік баждың төленгендігін рас­тайтын құжат болып табылады.
...