0 дауыс
639 көрілді
Алматы автобустарына "Оңай" деген терминалдар қойып жатыр дейді. Біз екі-үш жылда бір барамыз. Сонда ендігі барғанда автобусқа отыру үшін арнайы карточка сатып алу керекпіз бе?

3 жауап

0 дауыс
Таксимен жүрсең де жарасады ғой жылына 1 рет 2-3 күн ғана жүретін болсаң, ал егер күніге сол Алматыда жүретін болсаң амал жоқ автобусқа мінуге тура келеді, қалтаң көтермей қалады.
0 дауыс

«Алматы қалалық транспорт холдингі» 2015 жылдың 1 қарашасынан бастап Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерде «Оңай» төлем құрылғысы іске қосылатындығын хабарлаған болатын. Бірақ бізге беймәлім кейбір жағдайлармен оңай құрылғысының жаппай қолданысқа ендіру 2016 жылдың 1 қаңтарына шегерілді. Енді сол мерзімге дейін қоғамдық көліктерде «оңай» – кондукторлар мен валидаторлардың жұмысын атқаратын болады. Бірақ Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасы бастығының міндетін атқарушы ­Ерлан Әділов мырзаның айтуы бойынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы қа­ла­сындағы қоғамдық көліктердің бәрі «Оңай» төлем құрылғысына көшеді. Ал талапты орындамаған жеке автопарктің қоғамдық көліктері жұмысы тоқтатылатын болады. Ал кондукторлық қызметпен айналысып жүргендер ревизиялық-тексеру жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар, ол: «Тексеруші-кондуктор қызметінде 600-ден астам жұмысшы жасайтын болады. Олардың барлығына бірдей арнайы үлгідегі киім беріліп, суретті бейдж әзірленеді. Олардың жұмысы екі ауысымда жүзеге асырылмақ. Мұның өзі қоғамдық көліктерді жалған тексеруші-кондукторлардан «құтқаруға» мүмкіндік береді. Ең бастысы, жаңа жобаны толық іске асырып, барлық қоғамдық көліктерді электронды жүйеге көшіру арқылы мемлекет қазынасын қаржымен барынша молайта түсеміз деген ойдамыз», – деді.

Ерлан Әділовтің сөзіне сенсек, «Оңай» төлем құрылғысы расыменде барлық қо­ғамдық көліктегі проблеманы оңай шешіп тастайтын сияқты. Бірақ 232 873 теңгеге сатып алынған әрбір оңай төлем құрылғысы «валидатордың» кебін киіп қалмайды ма? Мұндай тұжырым айтуымыздың себебі, «оңайдың» орнатылып бітпей жатып, жақында ғана «Киікбай» ЖШС-ға тиесілі 13-бағыттағы қоғамдық көлікте құрылғының бұзылуы. Тексере келе құ­рылғының LCD-дисплейі істен шыққаны мәлім болды.

Шындығында, қоғамдық көлікті жиі пайдаланатындар үшін «оңай» төлем картасы әзірге оңайлық тудыра қойған жоқ. Себебі, бүгінгі күнге дейін қоғамдық көліктерге орнатылған «оңай» роботтары толықтай іске қосылып үлгермеді. Сондықтан қала тұрғындары толықтай «оңай» төлем картасын сатып ала қоймады. Жалпы алғанда бұл картаның іске қосылуы қарапайым халықтың қалтасын қаққалы тұр. Өткені, жұмысқа екі қоғамдық көлікпен барып келетін жолаушы үшін «оңай» оңай емес, тиімсіз.

Есептеп көрелік: күніне жолдың өзіне 320 теңге жұмсайтын халық айына (жексенбі күнгі жол ақысын алып тастадық дегеннің өзінде) 9000 теңге жұмсайды екен. Сонда айына орта есеппен 50 мың теңге жалақы алатын қала тұрғыны үшін қалтасына қанша салмақ салады десеңізші?! Осы мақсатта қала тұрғындарының оңай төлем құрылғысына деген пікірлерін білген едік.

Жәнібек Ізбаев есімді қала тұрғынының айтуы бойынша, «оңай» жол жүру картасы ол үшін тиімсіз екен. Қала тұрғыны: «Мен осы күнге дейін айына 6000 теңгелік жол жүру билетін пайдаланып келдім. Сондықтан жұмыс күндерінен бөлек, сенбі, жексенбі күндері қалада жеке жұмыстарыммен қанша жүрсем де тиімді болатын. Енді ол билет қолданыстан түпкілікті алынып, «оңай» жол жүру картасы енгізіліп жатыр. Бірақ, мен ол «оңай» картаны аса қолдай қоймаймын. Өйткені ішінде бір реттік жол жүруге 80 теңге ақысы бар картаның өзін 400 теңгеге сатып аламын. Оның өзі қалтама ауырлық салса, одан бөлек жолымды есептеп қарасам, айына 10 000 теңгені тек жолыма жұмсайды екенмін. Мұны мен қарапайым қарашаның қалтасын қағу деп білемін», — деді.

Ал екінші қала тұрғына Қуаныш Иманов есімді азаматтың оңай картасына деген пікірі бөлек. Ол: «Мен жұмысқа үнемі жеке көлігіммен барып келемін. Сондықтан қоғамдық көлікте анда-санда жүретінім болмаса, көп пайдалана бермеймін. Егер жеке көлігім сынып, айына бір рет қана жүретін болсам, оңай төлем картасын 400 теңгеге сатып алғым келмейді», — деп өз пікірімен бөлісті.

«Валидатор» мен «Оңай» кондуктордың орнын баса ала ма?

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қоғамдық көліктерді кондукторсыз елестетіп көріңізші? Жалпы кондуктордың жұмысы біздің қоғам үшін қаншалықты маңызды? Осы сұрақтар төңірегінде жауап іздеп көрелік. Мысалы, қаламызда қоғамдық көлікпен жүретін жолаушылардың 23%-ы егде жастағы қарт кісілер десек, олардың қоғамдық көлікке мініп-түсуі өздігінен оңайға түспесі анық. Сол жағдайда ол кісілердің мініп-түсуіне көмек қолын созып, қолтығынан сүйеп, демеп жіберетін әрине, кондукторлар екеніні белгілі. Бірақ алдағы уақытта кондукторлар қызметі тоқтайтын болса, қариялардың қоғамдық көлікке мінуі қиынға соқпақ. Сондықтан да, кандукторлардың орнын роботтар 100%-ға басады деу әбестік. «Валидатор» мен «Оңай» құрылғыларының жиі сынып тұратынын ескерсек, мемлекетке түсетін қаржыны талан-таражға түспеуі үшін электронды төлем карталарын енгізіп жатырмыз деген бекер сөз. Себебі, темір болған соң бұзылады. Ал әрбір бұзылған құрылғыларды жөндеткенде, бөлшектерінің өзіне қанша қаражат жұмсалатыны баршамызға аян.

0 дауыс
Оңай карточкасы ауылдық жердегі автобустарына да енгізіле ма?
тек Алматы қаласы

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
5 жауап
+2 дауыс
8 жауап
...