+1 дауыс
874 көрілді

Қазақстанда азаматтардың әртүрлі жағдайларға тап болуына орай түрлі  әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Соның бірі - декреттік демалыс кезіндегі және бала күтіміне байланысты төлемдер. Жүктілік - балалы болуға әзірленіп, бар уақытыңды, күш-жігеріңді отбасыңа ғана арнайтын кезең. Яғни бұл кезде әйел жұмыс істемейді, сәйкесінше ешқандай табыс та таба алмайды. Әйелдер жүктіліктің осындай ерекшеліктерін ескеріп, кейде  балалы болуды кейінге ысырып жатады. Дегенмен, мемлекетпен бекітілген әлеуметтік жәрдемақылар қалтаңды томпайтпаса да, бала күтімі кезінде қаржылық қиындықтарды ойламай, алаңсыз бала тәрбиесімен айналысуға мүмкіндік береді.

Бала күтіміне қатысты төлемдер қалай есептеледі?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес жүкті және бала туған әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты және бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беріледі. Аталмыш кодекстің 193-бабына сәйкес жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығыбосанғанға дейін 70 күнтізбелік күн және босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күнді құрайды. Демалыс күндерінің саны жұмыс ұзақтығына байланысты емес, сол себепті жұмыс берушіде сіздің қанша уақыт жұмыс істегеніңіз маңызды емес.

Бірінші кезекте жұмыс істейтін әйелге тиесілі декреттік төлемақыға тоқталайық. Ол аталған қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын жұмыс істейтін әйелдерге төленеді (жұмыс берушісі әлеуметтік аударымдар төлейтіндер). Ол бір-ақ рет беріледі. Оны есептеудің өзіндік үлгісі бар. 

Табыс мөлшері нақты жұмыс істеген мерзіміне қарамастан бала туғанға дейінгі соңғы жылдағы әлеуметтік аударымдар бойынша анықталады. Төлем мөлшерін соңғы жылдың орташа айлық табысын 10% мөлшеріндегі зейнетақы аударымдарын шегерумен еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициентіне көбейту арқылы білуге болады. Орташа айлық табыс жыл бойғы жалпы табысты 12 айға бөлгенде анықталады. Еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициенті жүктілігі және босануына байланысты демалыс күндерінің санын 30 күнге бөлумен анықталады. Сол себепті максималды коэффициент 126/30=4,2 теңеледі.

Мәселен, белгілі бір жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жұмыс істейтін, айына 50-60 мың теңге жалақы алатын әйелдің төлемақысын есептеп көрейік. Ол 20 мамыр күні еңбекке жарамсыздық қағазын алды. Бұл - әлеуметтік тәуекел пайда болған күн деп саналады. Осы қағазды алған күннен кейінгі 12 ай ішінде ол әлеуметтік сақтандыру қорына өтініш бере алады.  Сосын оның соңғы бір жылдағы табысы есептеледі. Бірақ ол соңғы 9 ай ғана жұмыс істеген. Сол аралықтағы барлық табысын қосқанда 441 мың теңге болды. Ай сайынғы орташа табыс мөлшері - 36 750 теңге. Ал қорға аударған әлеуметтік аударымдары - 28 мың теңгені құрады. Еңбекке жарамсыз күндері санының коэффициенті - 4,2. Енді орташа табысты осы коэффициентке көбейтеміз. 36 750*4,2=154 350 теңге. Ол әйелдің декреттік төлемақысы  осынша болады.

Бала туғандағы біржолғы жөргекпұл мөлшері заңмен бекітілген. Бірінші, екінші және үшінші балаға -  30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал, төртінші, бесінші, алтыншы және т.б. балаларға - 50 АЕК төленуге тиіс. Бір АЕК - 1982 теңге. Сәйкесінше 59 460 және 99 100 теңге.

Ал, сол баланың бір жасқа дейінгі күтімі үшін ай сайын тағы жәрдемақы белгіленген. Жұмыс істемейтін әйелдер бірінші балаға - 5,5 АЕК (10 901 теңге), екінші балаға - 6,5 АЕК (12 883 теңге), үшінші балаға - 7,5 АЕК (14 865 теңге), ал төртінші және одан да көп перзентті болғанда -  8,5 АЕК (16 847 теңге) алады.

Ал жұмыс істейтін әйелдер баласы бір жасқа толғанға дейін соңғы екі жылдағы орташа табысының 40 пайызы мөлшерінде көмек алуына болады. Алайда, жалақысының 40 пайызы жұмыс істемейтін әйелге төленетін жәрдемақыдан төмен болса, оған да сондай жәрдемақы тағайындалады.

...