0 дауыс
13.5k көрілді
Сабақты қалай жақсы оқуға болады? Өзім КазАТУ студентімін.  Грантта оқимын. Бірақ та 2 семестер стипендия ала алмай жүрмін. Қалай осыны қайтарып алам! Көмектесеңіздерші! Кеңестерініз керек болып жатыр
АТУ-да оқисың ба?!) Қай группада оқисың?
Жоқ, бұл С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университеті
Ал мен Дарын мектебінде оқимын 3 тоқсан болды үздік бола алмай жатырмын не істеймін өтінем көмектесіңіздерші!
Саламатсызба, бұл жерде көместесе алмайдығой, өзің ғана шешімін табасыз. Тек еріншек болмаңыз. Білімді заманы келді.

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Басында жақсы оқып көзге түсе алмапсың ғой бала, енді қанша жақсы оқысаң да алатының 3 болады, өйткені сенің білім деңгейің солай болып оқытушылардың миында жатталып қалған. Енді сен жақсылап дайындалып, аудиторияға барғанда, қолыңды көтеріп жақсылап жауап беріп бедел жинап алуың керек.Сосын сабақты жақсы оқитын студент болып шыға келесің, степендияға ілінесің!
Сәлеметсіз бе, раxмет пікіріңізбен толықтай келісемін, себебі 1-ші курста сабаққа салғырт қарап,сабақ оқымай қойғам, сол себептен 3 алып қалдым. Ендіосы тығырықтан қалай құтылуға болады? Сабаққа мүлдем салғырт қараймын, үйге келсем түк оқымай қоямын!
Айтып отырмын ғой, мен 1-ші курста кілең 5 деген бағамен оқығам, кейін 2-3-4 курстарда менен сабақ сұрамай ақ автоматты түрде 5 қоя беретін, көбінесе эмтихандарға қатыстырмайтын мені.Сол оқу орнына танымал болып қалады екенсің, атақты болып. Оқытушы апайлар мен ағайлар жақсы танып қалады, келешегі мықты, басы қатты істейді деп түсінеді. Барлық жерлерде сондай ол жұмыста да, армияда да, оқуда да.
Дұрыс, сіздің пікіріңізбен толықтай келісемін!
–1 дауыс
Жақсы баға алудың екі жолы бар біліммен және *.
0 дауыс
Tanatarik пікіріне қосыламын. Бір сөзбен айтқанда сабақ оқуға кедергі болатын басты себеп- ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН. Ұялы телефонды көп пайдаланудың қажеті жоқ. Және де берілген тапсырмаларды жақсы орындап , емтихандар мен аралық бақылауға жақсы дайындалсан болды барлық мәселе шешіледі деп ойлаймын. ОҚУЫҢА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН!!!
0 дауыс
Жақсы оқы. Келесі семестрде алуға тырыс енді.
0 дауыс
Мен емтиханға қанша дайындалсамда үнемі 3 алып қаламын неге уже өмірден тойып кеттім!!!!!!!!!!!!!
0 дауыс
Сабақта жақсы баға алу үшін қандай шаралар қолдануымызға болады? Бір қызығы, адам қаншалықты көп істі жоспарласа, соншалықты көбірек жұмыс жасап үлгереді. Бірнеше үйірмеге қатысатын оқушы, әдетте, сабағын оқып та, теледидар көріп те, достарымен қыдырып та үлгереді. Ал сабағын орындағаннан кейін белгілі бір нәрсемен айналыспайтын оқушы үй тапсырмасын орындап та үлгермейді. Мұның себебі неде? Себебі – жинақталмаушылық. Оқушы мектептен келген соң алда жарты күн бар екенін ескеріп, үй тапсырмасын жасап үлгеремін деп ойлайды. Нәтижесінде, уақыттың қалай тез өтіп кеткенін байқамайды. Аяулы оқушы, есіңізде болсын! Қаншалықты көп істі жоспарласаңыз, соншалықты көп іске үлгересіз. Сонда сабақ үлгерімін жақсарту үшін не нәрсеге назар аудару керек? Төменде осыған байланысты бірнеше мысал келтірдік: 1. Ең алдымен, жалқаулыққа «Қош!» деуіміз керек. Мұнсыз жақсы оқу қолдан келмейді. 2. Күніңізді алдын ала жоспарлап, үйірмеге жазылыңыз. Күніңізді сабақтан соң кем дегенде 1 сағат бойы басқа іспен шұғылданатындай етіп жоспарлаңыз. 3. Әрдайым үй тапсырмасын орындаңыз. Тіпті, ол тақырып ұстазыңыз түсіндіргеннен есіңізде қалса да, қайталап оқыңыз. Ережелерді жақсылап жаттаңыз. Оқуда жіберіп алған тақырыптарымыз көп болған сайын жинақталуымыз да қиындайды.
4. Тапсырманы қиынынан бастап, оңайына өту арқылы орындаңыз. Яғни, ең қиын деген сабақтың тапсырмасын бірінші орындаңыз. Миымыз тың болған сайын тапсырманы да дұрыс орындаймыз. Ал шаршай бастаған кезде оңай тапсырмалар қалады. 5. Егер ертеңге тапсырма бермеген болса, өткен тақырыптарды қайталауға 30 минутыңызды арнаңыз. Осылайша миыңызды жаңа материалды меңгеруге дайындайсыз. 6. Физикалық ауыртпалықтар – сабақ үлгерімінің жақсаруының басты кепілі. Сондықтан, жаңа материалды меңгеру барысында арасында физикалық жаттығулар жасап тұруыңызға болады. 7. Еш уақытта ұстазыңызбен ренжіспеңіз. Жақсы оқу үшін пәнге қызығушылық танытсаңыз болғаны. Ал мұғалім мұны бағалайды. Олай болса іске сәт дейміз! Күнделігіңізде тек бестік бағалар болсын. Ал ең бастысы – басыңызда сол бағаға лайық білім болсын!
0 дауыс
Коп солемеш дисынде окисын
0 дауыс
Маган кым комек тесе алады меним жасым 22де быр балам бар  сабак окыгым келеди бырак басыма ештене конбаиды есеп былмим ештене былмим шынын аитканда калаи окуга болады мектепке барып каитан баснан бастап окуга уиалам
...