+6 дауыс
1.1k көрілді

12 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
...Сіңді деген бекер-ау қалаға мені,

Жырақтамас көңілім даладан елі.

Маң төбеттер ауылда әзер үретін,

Қалада неткен адамдар қабаған еді...

 

бір өлеңімнен үзінді
+3 дауыс
Есіл дерті ақшаға ауып кеткендіктен,көбіне жеткізе алмайды.Ауылдан етпен,балықпен ,сумкаң толы болып барса құшақ жайып қарсы алады.
+7 дауыс
Ойткени ауылда бир бирин тани бере ди гой , е физика мугалими Есилбайдын немересисинбе, ее билем билем атанды, жаксы киси гой деп, немесе анау коше шетиндеги уйге келген конаксынба, таним таним, Мариям апайдын уйи гой ол, тоже жаксы адам деп тани береди барин,

миллион киси туратын калада кайсы бирин танып жатасын, ишинде аласы ды, карасы да, мейиримдиси де, канишери де бар, сосн гой...адамды танымагасын, биреуге комектеси булай турсын, озин бирденеге урынып калмайн деп жан сактау камымен катыгез болады, не истейди енди байгус
Расымен де сақтықта қорлық жоқ қалада.
+3 дауыс
Мал көрмеген адам көрдіңізбе?
көргенмін, қаланың кішкене бүлдіршіндері, өздері мектепте оқиды бірақ, бір рет есектің суретін көрсетіп едім, құлағы бар қоян ғой деген маған.
+3 дауыс
каланын барлык адамы катыгез емес кой
+4 дауыс
Жанұяда бір, екі бала ғана болады да көбінесе, олар бауырмал емес өзімшіл болып өседі, қазіргі жағдай бойынша енди ауыл адамдары да соған келе жатыр
"Көмектескің келе ме, әрі  жүр..." дегендей ғой... ))))
+4 дауыс
Кейде ойлап қарасаң, ат төбеліндей ғана ауылдың өзінен айуандықтың түр-түрі шығып жатыр. Бүлдіршінді зорлау, бір жартыға бола қасындағыны қан қақсату, көршіні тонау.../әрине, қала үшін бұл таңсық емес/. Осының бәрі, сайып келгенде, жұмыссыздықтың салдары. Жаппай урбандалу белең алды. Өйтпегенде ше? Ауылда әкімшілік, мектеп, балабақша, аурухана...әрине бұлар бүкіл ауылды жұмыс орнымен қайдан ғана қамтамасыз ете қойсын? Сөйтіп, бәрі қалаға ағылуда. Тиісінше, ауыл бәз баяғы сипатын өзгертіп келеді. Қала мен ауыл халқының болмысы, әрине, әр қилы. Ауыл адамдары мейлінше қарапайым, кішіпейіл келеді. Ал, қалалықтар сәл жұтыр, бірбеткейлеу келеді ғой. Әрине, бәрін қатігез деу артықтау болар енді...
+1 дауыс
Осындай сөзді бір группаласымнан естіп таңғалаған едім. Қалай десем, солай қатал, ашушаң, кешірімсіз, т.б айтады. Өмірге байланысты адам да өзгереді ғой. Заманына қарай адамы деген сөз бар емес пе?!
+2 дауыс
қалада халық көп,сосын баратын жерің шалғай,жету үшін қанша светофордан өтуің керек,шаршатып жібереді. Сондықтан адамдар көп араласпайды,ауылдағыдай. Қатігездік адамның мінезіне байланысты,ол қала,даладан болмайды)))
+3 дауыс

Шықпайды-ау түк те ол жақта баладан жасық,

Қалада жоқ күй - жататын ара қамдасып!

Ауылда жүрмін,  (ертеңім, ертегім -ауыл!)

Қатыгез адам қаптаған қаладан қашып...

 

(Көпт-е-е-е-н жазып тұрғаным...)

+2 дауыс
Шынымен, қаланың адамдары көбіне қатал болып келеді. Бір жағынан бұл өмір заңы, миллионға мейірімді болып, көпке жем болуға тағы болмайды. Себебі, адамның жақсылығын жақсылықпен қайтаратын адамдар аз. Қалада аз да болса, мейірімді адамдардың барының өзіне шүкіршілік. Бірақ, қалайдегенмен де, бұл өмір заңы деп ойлаймын. Әйтпесе, қазағымның қонағына төрден орын беріп, бір қойын сойып беретін ақкөңіл қонақжайлылығынан неге айналып қана кетпеске
0 дауыс
Өйткені ауыл қалаға қарағанда кіші, сосын халқы көп, сондықтан қалада ұры-қарылар көп болад. Қаланың адамдары  ауылдағылар сияқты сенгіш болмайды. Бәлкім сондықтан шығар. Мен өзім ауылдыкімін. Қалалықтарды жек көрем. Әсіресе орыстарды. Бірдеме бола қалса ұрыс шығарып сотқа дейін барад(тип кетсе - сип кетед" деген сияқты) Сондықтан ауылдың адамдары өте мейірімді, қарапайым болып келеді. Бірақ қайдам олар да қалаға барса өзгеріп шыға келед шығар.
...