Кейде ойлап қарасаң, ат төбеліндей ғана ауылдың өзінен айуандықтың түр-түрі шығып жатыр. Бүлдіршінді зорлау, бір жартыға бола қасындағыны қан қақсату, көршіні тонау.../әрине, қала үшін бұл таңсық емес/. Осының бәрі, сайып келгенде, жұмыссыздықтың салдары. Жаппай урбандалу белең алды. Өйтпегенде ше? Ауылда әкімшілік, мектеп, балабақша, аурухана...әрине бұлар бүкіл ауылды жұмыс орнымен қайдан ғана қамтамасыз ете қойсын? Сөйтіп, бәрі қалаға ағылуда. Тиісінше, ауыл бәз баяғы сипатын өзгертіп келеді. Қала мен ауыл халқының болмысы, әрине, әр қилы. Ауыл адамдары мейлінше қарапайым, кішіпейіл келеді. Ал, қалалықтар сәл жұтыр, бірбеткейлеу келеді ғой. Әрине, бәрін қатігез деу артықтау болар енді...