+1 дауыс
762 көрілді

Сағыныш пен махаббаттың мөп-мөлдір жасы ...

Таңертең жұмысқа белгілі және белгісіз себептерге байланысты көңілсіз келдім. Әдеттегідей, үйренген кеңседегі орныма келіп жайғастым. Бірер минуттан соң телефон шырылдады. Қарасам, әкем. 
«Қалың қалай, хабарласпағалы біраз болды,сенің қалыңды білейік деп, біз шәй ішіп отырмыз», деді.
Менің даусым жәй шықты: иә, жақсы бәрі, жұмыста отырмын.
«Көңіл-күйің жоқ қой, бәрі орында ма?», - деп сұрады. 
Сол кезде дым сөйлегім келмей қалды, тек көзіме жас орала кетті. Әзер дегенде, сыр білдірмегендей болып, «иә, бәрі жақсы» деп құтылдым.
Бұрыңғыша ашылып сөйлеспедім, «әңгіме айтпадым» зауқым жоқ екенін сезіп қойды ма, сосын хабарласамыз деп, әңгімесін тез қайырып, қоштасты. 
Көзден аққан жас тоқтамады, жанымда әріптестерім отырған, сыртқа шығып кеттім. Әлі де тоқтамайды, өзім қысылып барам, қазір «адамдар мынаған не болған, жынды ма?» деп айтатын сияқты. Өзімді сабырға шақырып, бар күш-жігерімді жинап, әйтеуір ана бетті жуған толассыз жасқа құрсау қойдық. Келіп отырдым. Бірақ, осы оқиға есіме түсіп кетсе, көзіме жас оралып, моншақтай берді......

Қорытынды: Маған не жетіспей жүр?)) «Қамқорлық, жылу, жақын адамдар, шүйіркелесу, ерекелеу» деп түйдім. Көбіне балалардың анаға деген махаббатының қасында әке көлеңкеде қалып қояды. Маған келсе, «ваще» мен тіптен «әжесінің баласы» болғам. Бірақ, әкеге деген махаббат сондай ұяң, тіпті алыста, жүректің түбінде орналасқан сияқты. Мен "бейшара" үйге барғанда «Әкетайым, әкешім, жақсы көрем» деп еркелеп, сезімімді де білдіре алмайм, жыным қайнайды, енді Құдай солай жаратты, болмысым сол. А так, әкемді қатты жақсы көрем ғой!!! Бүгін сағыныш пен махаббат екеуі езіліп, көз жасым болып көрініс тапты деп топшаладым. (Осындай дүниелерімді апарып берсем бе екен, білсін де қызының әкесіне деген ықыласы шексіз екенін.)

2 жауап

0 дауыс
Саған тұрмысқа шығу керек.
0 дауыс
Көптен бери жыламагандики жылап тұру керек кыздар ишиндеги жиналған энергия сыртка шығу үшін, кыздар ангимелесип тұру керек биреулерди жамандап сонда жеңілденеди екен !!!
...