0 дауыс
831 көрілді
К-поперлер дегендер кімдер?  Неге кейбіреулер олардың фанаты?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
K-pop — Оңтүстік Кореяда 90-шы жылдардың ортасында батыстың электропоп, хип-хоп, заманауи R’n’B сынды музыкалық жанрлардың элементтерін бойына жинаған жаңа музыкалық жанр пайда болды.Ол тек ән ғана емес, бүкіләлемдік би мен Оңтүстік Кореяның киіну ерекшелігін біріктіретін, жастар арасындағы субмәдениет. Оны идолдар деп аталатын, танымал жастар тобы әншілер мен бишілер болып орындайды. Олар блюз бен рэпті араластыра отырып, тек Кореяның ғана емес, ағылшын өлеңін де қосып айтады. «Модаға кірген батыс әні мен жоғарғыэнергетикалық Жапондық әндердің қосындысы болған к-поп, ерекше дауыс шығарып, адамдарға бірден әсер етеді» деп 2006 жылы Rolling Stone журналына баспаға шығады. Әлем бойынша өте белсенді дамып жатқандығына таңқалған пекиндік журналистер бұл кореялық музыкалық жанрды K-pop деп атады. Орындаушылары К попперлер деп аталады.

Қазақстандағы K-pop

Интернеттің арқасында осыдан 2 жылдай бұрын корей толқыны біздің де елге келіп жетті. Ал соңғы уақытта жастар кореялық сериалдарды тамашалап, музыкасын тыңдап қана қоймай, кәріс тілін үйренуге деген құлшыныс білдіруде. Сондай-ақ қазақстандық жастар кореялық танымал әншілердің, әртістердің елімізге келулерін сұрап, оларға түрлі хаттар жолдап, корейліктер ұйымдастырған түрлі байқауларға белсенді қатысып жүр. Әлеуметтік желілерде түрлі пабликтер мен блогтар ғана ашылып қоймай, байқап қарасаңыз, қазақстандық интернет контент біртіндеп K-pop-қа арналған сайттармен де толығып келеді. Қазіргі қазақ жастары «мен үшін K-pop деген энергияға, жастыққа, би мен көңіл көтеруге, жақсылық пен өжеттілікке толы әлем» деп бағалайды. Тіпті, әлемге таным болып жатқан Корей толқыны Қазақстандық «V-Alem» тобынада зор әсер етті. Олардың айтуынша К-поп жұлдыздары өздерінің киім киісімен, биімен, стилімен бүгінгі топтарға кішігірім әрі ерекше бастау жасап берді әрі шоу бизнеске де үстеу болып отыр. Сонымен, к-поп дүние жүзіндегі интернеттің, жаңа технологиялардың дами түсуімен байланыстырылған, терең тарихы мен керемет ерекшелігі бар, ән тарихына зор үлес қосқан туынды.
0 дауыс
музыкалық жанр түрі
0 дауыс
К-поп Кореяның музыка жанры,түрлі түсті ашық киім киіп рэп сияқтыларды да бірге айтады,жалпы қазақтардың әншілерінін ішінен  Ninety One - Айыптама к-попқа еліктеп ән шығарған.К-поп топтардың ішінен girls generation,t-ara,big bang,GD,Bts,, 4 minute топтары атақты.
0 дауыс
К-поп дегеніміз атында айтылып тұрғандай Кореялық поп музыка.

Ұқсас сұрақтар

...