–1 дауыс
826 көрілді
Салем барине,маган бир жигит унайды,унататынын айтып соз айтты,брак ол жигиттин сезимин калай блсем болады?дос кызым онын туракты кызы бар екенин айтты,оган жок деп жауап бердим,дос боп калайык деп едим,бирден араласпай ак кояык деп сойлеспей койды,мен оган сынадым сени шын унатсан олай демес един дедим,ол болса неге сынадым деп айтпайсын деп айтты,енди кайтсем болады,ол жигиттин сезимин калай блем?онын туракты кызы болса ол демек мени жай уакытша кызык кылып журма сонда?;(достар тез арада жауап кутем

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
мүмкін сіздің құрбыңыздың айтқан сөздері жалған болар...бұл жерде сіз дос қызыңыздың айтқан сөздеріне сенбей, өзіңізге ұнайтын жігіттен барлық шындықты сұрауыңыз қажет еді деп ойлаймын! мүмкін ол жігіт сізді шын мәнісінде жақсы көретін шығар, сіз де оны ұнатады екенсіз...сондықтан да, араларыңызға ешкімді салмай, жігітпен жақсылап сөйлесіңіз!:) көп жағдайда жігіттер өзінің ұнатқан қыздарымен дос болғысы келмейді...ол жігіттің араласпай-ақ қояйық деп айтуының себебі де содан болар...
Брак туракты кызы бар екенине толык сенимдимн ,маган сенимди жаннан естидимгой,ертен алданып калмаймынба деп коркам
кооооооооооооп рахмет сиздерге.онымен ашык сойлесип шешермиз
Егер бір-бірлеріңізді шын мәнінде жақсы көретін болсаңыздар, алданбайсыз және қандай да бір шешім қабылдамастан бұрын, құрбыларыңыздың немесе өзге жандардың пікіріне сүйенбеңіз! Ең бастысы жүрегіңіздің үнін тыңдаңыз...ол сізді еш уақытта алдамайды!
міне, мұның енді дұрыс болды! оқасы жоқ! әрқашан қолдан келгенше көмек көрсетуге дайынбыз! сүйіктіңмен бақытты болып кетуіңе шын жүректен тілектеспін!)
+1 дауыс
Әрине қызы боласың немесе болмайсың дегенге келтіріп тұрғандай. Дос болуға келіспесе ол жай ойыншық көріп жүрген болар!
+4 дауыс
Қызық екесіз, керісінші сіз оны ойыншық етіп жүрсіз. Оның бізден несін сұрайсыз? Өз жүрегіңізге үңіліп көріңіз, сіз өзі оны жақсы көремісіз? Сыбысқа, өсекке сенгенше неге сол жігіттің өзінен сұрамайсыз? Жалпы сынау деген дұрыс емес неге десеңіз мына өмірдің өзі сынақтан тұрады, оны одан ары қиындатудың қажеті жоқ. Мүмкін оған да бір жақын досы "е оның тұрақты жігіті бар" деген шығар, қалай оңай тие ме? Оның өзімен ашық сойлесіңіз дер едім.
Қуасыз ғой, осы сайттың біреуі жауап ретінде ойнап жүр немесе шын сүйеді десе шынымен сене қалатын адамдайсыз. Ұзын сөздің қысқасы, ол жігіттің ішіне ешкім кіріп шыққан жоқ, өз жүрегіңізді тыңдаңыз......
Ашык сойлесип айтканым дурыс деп ойлайсызба
Әрине, ол да ет пен сүйектен жаралған адам баласы, түсінеді. Ешкімнің де біреумен ойнап, күнәға батқысы келмесе керек, ардан аттамайды ғой. Ашық сөйлесу барысында өзіңіз-ақ шындықты біле аласыз.......
+1 дауыс
Бәлен жерде алтын бар, барсаң, бақыр да жоқ)))

Басында болад осындай қызық сезімдер хехе)) Ол енД, бір бірін жақсы танымайтын адамдар бір бірін идел етіп елестетед, бір біріне деген от сезім лаулап туру ықтималдығы жоғары. Бірақ, соңында барлығы өшеді. Маңыздысы осы жер. Себебі, осы кезден басталып сыналады адамның характері, оның көзқарасы.

Былай болсын, бастапқы көргендегі сезім мәңгі солай жадырап тұрмайды, ол өтпелі кезең (переходной возраст туралы айтывотқам жоқ хехе)

Сонда келе, шынайы махаббат жоқ сияқты. Әділ махаббат, ол күнделікті иттірлікті бірге кешуге дайын болу, бірге болу. Міне, махаббат деп осыны түсінуге болатын сияқты. Осындай ашық қатынастан кейін, айым, күнім сол дисін да енД :)
Арине ,брак ар кездин оз кызыгы болады гой,сизде бастан откерген боларсыз
Өткермедім десем )

Е, қарағым, көпті көрген бізге сен,
Қателестің, жалғыз бақыт ол десең
Қарамаса, бір-ақ сілте қолыңды
Ондай адам табылады іздесең

//Мақатаев

Ұқсас сұрақтар

...