0 дауыс
31.6k көрілді
Орыс халқының салт дәстүрі жайлы мәлімет керек еді?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Орыс халқында ерекше саналатын салт-дәстүрлердің бірі – ыдыс шағу ырымы.  Бұл дәстүр адам өміріндегі өзгерістерге байланысты орын алады. Мысалы, адам дүниеге келгенде, үйлену тойында немесе адам қайтыс болғанда.

Сәби дүниеге келген уақытта арнайы шыны ыдыста күріштен немесе бидайдан ботқа пісіріледі. Қонақтар тамақ ішіп болған соң, дастарханға осы дәм әкелінеді. Кімде-кім ыдысқа көп ақша салса, сол адам ыдысты сындыру құрметіне ие болады. Шыны ыдыс сынған уақытта ішіндегі ботқа сол қалпында, яғни шашылмаған күйінде тұруы қажет. Бұл дәстүр отбасы бақытқа, ырысқа, байлыққа кенеледі деген мағынаны береді. Алғашқы болып астан жас босанған ана дәм татады. Егер ас келген қонақтардан артылып жатса, үй иесі қалған ботқаны малдарына, одан қалса бақшаларына шашады. Сол сияқты сәбиді аспалы  немесе ағаш бесікке салып оны үш рет темір пышақпен аластайды. Егер ер бала болса, пышақ, ал қыз бала болса жастығының астына қайшы қояды. Бұл дәстүрді баланы бәле-жаладан, тіл-көзден аман болсын деп жасайды.

Үйлену тойында ыдыс сындыру салтының мағынасы, егер жас келін босағаны адал аттаса, той күннің ертеңіне қайын енесі өзінің қымбат бір ыдысын сындырады. Ыдыс өте майда бөлшектерге бөлініп, ұнтақталып шағылуы тиіс. Бұл дәстүр бас қосып жатқан екі жастың өмірі молшылық пен байлыққа толы болсын деген мағынаны білдіреді.

Сондай-ақ суыт хабар келіп, отбасында біреу қайғылы жағдайға душар болғанда немесе адам қайтыс болғанда олар міндетті түрде қара көйлек киіп, бастарына қара орамал тартады. Адам о дүниелік болғанда қызық дәстүрлерінің бірі дастарқан теріс жайылып, үстіне қойылған ыдыстар төңкеріліп қойылады. Тіпті қасықтар да күнделікті өмірден өзгеше, яғни төңкеріліп қойылады. Бұл дәстүрдің мағынасы әруақтар сенімен бірге тамақтанады деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар қайтыс болған адамды жерлеп келгеннен кейін, артынан туыстары іші суға немесе бидайға толы ыдысты сындырады. Онысы «артында қалған ұрпақтары аман болсын, арты мол болсын» дегенді білдіреді екен.

Адамды жерлегенде табыттың астына темір зат салып, ал бас жағына іші суға толтырылған ыдыс қояды. Бұл ырымның мағынасы аруақтар тыныш болсын, шөлі қанып жатсын дегенді білдіреді.

Қазақ халқындағы секілді орыс дәстүрінде де ер адам үйдің басшысы, отағасы, отбасының қорғаушы, қамқоршысы саналады. Ер адам тұтынған заттар киелі деп есептеліп, құрметпен қараған. Мәселен, үйлену тойынан кейін, қалыңдық өз ер азаматының аяқ киімін шешіп жоғары қояды, бұл ер азамат қашанда әйел адамнан жоғары тұру деген мағынаны білдірсе керек.

Орыстарда қасықтарға қатысты ерекше дәстүрлері бар. Бірнешеуіне тоқтала кетсек.

Мысалы, олар ер азаматтарына құрметпен қарайтыны соншалықты күнделікті ас ішетін қасығын тағамды араластыруға пайдаланбаған. Бұлай ырымдауына себеп егер ер адам қасығын пайдаланса, сол үйден ырыс, байлық кетеді деп жорамалдаған. Сондай-ақ ер адамдардың қасығын балаларды көз тигеннен сақтандыру үшін тұтынған. Ер адам қайтыс болған соң оның қасығы киелі деп саналып, таза жерде сақталған.

Сондай-ақ өздерінің пайдаланған қасықтарын қыздар мен жігіттер бір-бірлеріне ұсыну арқылы өз сезімдерін білдірген.

Жаңа үйге қоныс тепкенде, үй тұрғызғанда да орындалатын өзіндік дәстүрлері бар. Мысалы, жаңа үйге кіргенде аулаға әтешті жібереді. Бұл дәстүр әтешсіз аулада мал болмайды, болған күнде де сиырдың сүті сұйық болады дегенді білдіреді. Орыстардың өзге халықтан ерекшелігі ырым-тыйымға қатты сенгіш келеді. Мысықты бірінші болып үйге енгізудің себебі, алғашқы болып үйге енген адам бірінші қайтыс болсын деп ырымдаған. Ескі үйден жаңа үйге қоныс аударғанда, ескі үйдің жанып тұрған отын немесе күлін ала барған.

Кішкентай балаға қатысты салт-дәстүрлерінің бірі нәрестені шіркеуден шоқындырып алап келгеннен кейін оны арнайы босағаға жатқызады. Бұл дәстүрдің мағынасы «Жас сәбиді жамандықтан босағаның киесі қақсын, әрқашан аман сақтасын, есейгенде босағасы берік болсын» дегенді білдіреді. Сондай-ақ тоғыз айға толмай қайтыс болған баланы босаға іргесіне жерлеген. Сондықтан орыстардың салты бойынша босағаны басуға, босағада тұрып тамақ жеуге, қал-жағдай сұрасып, амандасуға болмайды. Тек әке-шешесінен бірдей айырылған жетім балар ғана босағада тұрып, нан мен тұз жеуіне болады. Бұл кішкентай балаларын ата-анасын ойламасын, қорқыныштары сейілсін деген мағынада айтылады. Жалпы орыс халқының босағаға қатысты дәстүрлері де қазақ халқына өте қатты ұқсас. Себебі біздің халқымызда да босағаны киелі санайды.

Терезеге қатысты тиымдар. Орыстар терезенің сыртқы қоршаған ортамен байланысы көп деп есептеген. Мысалы, терезеден түкіруге, мысықты лақтыруға, суды төгуге, сүйектерді тастауға болмайды. Адам қайтыс болғанда терезе алдына бал салынған суы бар ыдыс қояды. Адамның денесінен ұшып шыққан жаны осы сумен жуынып, тазаланады деп ырымдаған. Суды күнге дейін қойып қойған. Егер шоқындырылмаған бала қайтыс болса, оны терезеден табытпен шығарған.

Жалпы айтқанда орыстарда өзге халықтар секілді ерекше аталап өтілетін мерекелері бар. Олардың қатарына пасха, «Рождество», «Русалка», «Ярило», «Петровки», «Купало», «Башихо», «Троицын день», «Башихо» деп аталатын мерекелері бар.
0 дауыс
Башихо екі рет жазылып кетіпті.
0 дауыс
Орыстар — ұлт, Ресей Федерациясының негізгі халқы. Шығыс славян тайпасы байырғы заманнан рүс атанған да, ежелден көршілер түркі тайпасы оларды орыс деп атап кеткен. Көне орыс мемлекеті 9-12 ғасырларда құрылып, орыс ұлтына айналды. Орыс халқы Ұлы Новгород аймағы мен Еділ, Ока өзендері аралығыңда қалыптасқан. Орыс халқының салт-сана, мінез-құлқы, тірлік-тынысы, әсіресе, өз заманында күшейе түскен орыс мемлекетінің отаршылдық озбырлықтары ақын шығармаларында айтарлықтай із қалдырған. Тұрмыстары Өңдеу Орыс халқы ежелден орын тепкен атамекен - Шығыс Еуропа жазығы.Осы аумақта орыстар солтүстік ұлы орыстар және оңтүстік ұлы орыстар болып бөлінеді. Бұл екі үлкен топтың әрқайсысынан өздерінің айрықша топтары жіктеліп шығады.Ежелгі орыс халқы XII ғасырда әр түрлі шығыс славян тайпаларының бірігуі нәтижесінде қалыптасты. X ғасырда Киев Рүсі шоқындырылғаннан кейін христиандық орыстар арасындағы кең таралған дінге айналды. Дәстүрлі орыс ерлер киімі қисық жағалы көйлек болып табылады, оның сыртынан әдетте белбеумен буған.Сонымен қатар кенеп шалбар киіп жүрген. Қыста қалың шұғадан немесе барынша дөрекі шұғадан тігілген жағасыз (шекпен) шапан (армияқтар) жамылған.Шаруалардың көпшілігі шабатамен, мерекелерде етік киіп жүрген.Әдеттегі әйелдер киімі ұзын кенеп көйлек,оның жоғарғы жағын жемелекпен көмкерген.Суық мезгілде күртеше киген.Көне әйелдер бас киімі қарқара, кейіннен орамал мен шәлі салған.Орыстардың кеңінен таралған сыртқы киімі тон болып табылады.Кедейлер тоңнды қой немесе қоян терісінен тіксе, ауқатты адамдар тиін немесе сусар терісінен жасаған.Ал байлар – бұлғын немесе түлкі терісінен тігілген тон киген. Ескі уақытта орыстар жер төлесі бар ағаш жармалы үйшіктер тұрғызған.Қос қабатты шатырларды тақтаймен жапқан, терезе жақтауларын ою-өрнекпен әшекейлеген. Әйнек жетіспегендіктен, терезені бұзаудың қарнымен керіп қоятын, кейін оны слюда алмастырды. Үйге түнде шырағдан жағып қоятын.Әдетте үй үш бөлікке бөлінетін: шөп қоятын жер қойма және пеш орналасқан жатын бөлме. Орыс ауласының ерекшелігі үйді қақпаның қасына емес, ішкерлей салған, бас қақпадан оған дейін жол жүретін. Аулаға әр түрлі шаруашылық құрылыстары көрік беріп тұратын. Үйдің биіктігі және ауланың кеңдігі қожайынның байлығынын хабардар ететін. Дәстүрлі орыс сусыны квас пен бал болатын. Ол балдың қазір біз білетін балға ұқсастығы жоқ. Бұл сусынды дайындаудың құпиясы, өкінішке орай, ұмытылып кеткен. Және бал қатқан сусын шайқурайға, сәлбіге, лаур жапырағы мен бұрышқа бал қосу арқылы жасалатын. Абай және орыс мәдениеті Өңдеу Абай өнер, білімі өркендеген, еңбеккер орыс халқына құрметпен қарап, ретті жерінде олардан үйренетін қасиеттің, өнегелі істің көп екенін ескертіп отырады. «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...» деген өлеңінде халқымыздың тура тілді кісіні орыс деп атайтынын әдейі тілге тиек етеді. Ал «Интернатта оқып жүр...» өлеңінде талап қылып, білім алғысы келген жас азаматқа, жаман бол деп, «орыс теріс айтпайтынын» ескертеді. Бар кінә сол білім алып, қулықпен сұмдық жолына түскендердің өздерінде, тек солардың «Орыста қалар жаласы» дейді. Абай еңбекқор, өнерлі орыс жағында. Ғақлияларының екінші сөзінде шамалыға тақымы толмай, өздерінен басқа жұртты өгей санап, күлкі етуге, мысқыл қылуға дайын тұратын халқымыз «Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе, шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп. Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп келеке қылатын орысты сөзінің тұжырымында: «Орысқа айтар сөз жоқ, біз күңі-құлы құрлы да жоқпыз» деп әжуадан арашалап алады. Ақын ел сөзі арқылы атқа мінсе шапқылай жөнелетін орыстың тасырлау, бала мінезін, жоққа сеніп, ұзын құлақты іздеткен аңғалдығын айнытпай тап басқан. Бірақ бұл уытты, өткір сын емес, жылы мысқыл ғана. Ағартушы-ақын жас ұрпақты өзі қолын «кеш сермеп» құмарын қандыра сусындай алмай қалған орыс ғылымын үйренуге шақырады. «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де ғылым да - бәрі орыста бар... Орыстың ғылымы - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» деп жазады жиырма бесінші сөзінде. Абай үшін орыс ғылымы мен өнері - табыс көзі, өмірді арзандата түсетін құрал. Бұл оның орысшылдығы емес, өмірден түйген тұжырымы, тәжірибелі, іскер адамның озық білімге, тиімді құралға деген құштарлығы. Сондықтан да ол: «Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек» деп ескертеді. Ақын орыс ғылымын үйреніп алып, әкесінің айтағымен өз халқына қырғидай тиіп жүрген кейбір жастарға реніш білдіреді. Абай және орыс отаршылдық саясаты Өңдеу Отаршылдық ойранын күнде көріп, оның түпкі зардаптарын тереңірек түсінген көзі ашық, көңілі ояу ақын орыс деген сөзді көп ретте патша әкімшілігі, соның жергілікті өкімет орындары мағынасында қолданады. Бұл орайда Абайдың қарапайым, өнер қуған орыс халқына деген жылы ықыласынан, барлық іс-әрекеті зорлық-зомбылыққа негізделген өкімет орындарына, патша жандайшаптарына деген жиіркеніші басым түсіп жатады. Ел ішін жайлаған айла-шарғыларға, пара-жалаға, ұрлық-қарлыққа осы билеушілік жүйе кінәлі екенін ақын айқын түсінген. Сондықтан да ол «орыстың законсыз зорлығына көнбейтінін» ашық айтады. Үкімет, билеуші кейпіндегі орысқа келгенде ақын тілі де ащы. Бір оқығанда-ақ жатталып қалатын: «Мәз болады болысың, Арқаға Ұлық қаққанға. Шелтірейтіп орысың, Шенді шекпен жапқанға...» - деген жолдарындағы ақын тіліне оралған ащы кекесін, уытты сөздері барша күлкілі жиіркенішті көріністі қаз қалпында көз алдыңа әкеледі. Абай: «Орыс айтты өзіңе ерік берем деп, Кімді сүйіп сайласаң бек көрем деп. Бұзылмаса оған ел түзелген жоқ Ұлық жүр бұл ісіңді кек көрем деп...» - деген жолдар арқылы Ұлықтың айтатынының бәрі жалған, бос желеу сөз екендігін еске салады. Шындап келгенде елді түзу жолға салуды көздеп отырған үкімет жоғын аңғартады. Абай жергілікті би-болыстардың үкімет алдындағы бишаралық кейпін де әбден келістіре сипаттайды, сілейте соғады. Көжекбай болысты өлтіре әжуа ететін «Бөтен елде бар болса...» атты өлеңіндегі: «Орыс сыяз қылдырса, Болыс елін қармайды. Қу старшын, аш билер Аз жүрегін жалғайды. Орыссыз жерде тап болса, Шақырған кісі бармайды...» - деген жолдар арқылы ойдан-қырдан бас қосқан ордалы қулардың бар сырын ашып көрсетеді. Мұнда жәдігөй жарамсақтық та, орыстың төресі, қазақтың би-болысы болып өлексеге үймелеген жемқорлық та бар. «Ұры-қарыны қашықтан таниды» дегендей, халық қанын сүлікше сорған қарақшылардың екі елден де табылып жатқанына қынжылады: «Құтырды көпті қойып азғанасы, Арызшы орыс - олардың олжаласы. Бірде оны жарылқап, бірде мұны, Қуды ұнатты-ау, Семейдің бұл қаласы...» - деп налиды «Тұлпардан тұғыр озар шабылса да...» деген өлеңінде. Сөз аңдыған, қылмыс қуған қазаққа арыз жазып беруді кейбір көзі ашық орыстың кәсіп етіп алғанын көреміз. Кәдімгі жемтікке үймелеген құзғын-қарғаның жемдестігі. Ақын бұл жерде Семей қаласындағы орыс атауын патша әкімшілігі деген мағынада қолданған. Абай үшін елін сатқан, халық қамын ұмытқан адамнан өткен сұмырай жоқ. Ондайлардан тілінің зәрін, қаламының қаһарын аямаған. Ақын орыс ұрысса, аш бурадай бұрқырап өз жұртына шапқан болыс-билерді «Үйден үрген итке» теңейді. Бұл халықты қан қақсатқан озбырлықты көре тұрып, бұралқы итше жәутеңдеген жасықтыққа әбден қаны қайнап, қаһарына мінген, намыс тұғырына қонған өр мінез, орақ тілді адамның іркіліссіз құя салған ашу-ызасы. Жоғарыда келтірілген мысалдардан Абайдың, өзі айтқандай, орыстың залалды істерінен қашып, пайдалы жақтарынан үйренуге шақырғанын көреміз.
...