0 дауыс
9.9k көрілді
жарлы болсан арлы болма

калауын тапса кар жананды

атын шыкпаса жер орте

алтын корсе периште жолдан таяды

ата анадан мал татти алтын уйден жан татти

осыган пикир керек ой толгау сиякты

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі
Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іскетатырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол — ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі.
«Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген — ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.
«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.
«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.

 мен Абай атамның қасында кіммін, бірақ амал жоқ«ДАТ»-деймін.Мен бабаларымыздан қалған мақалдарды Абай атамнан арашалап көремін.Себебі өз түсінігімде бұл мақалдардың бәрі де өте дәл, тіліп түсер өткір мақалдар деп білемін.
1)-" Жарлы болсаң, арлы болма"-деген мақал менің түсінігімде,өзің кедей бола тұрып кесірленбе, жалған арланба, жомарт беріп тұрса ал,үйіңде қатын-балаң аш-жалаңаш отыр, солар үшін өз арыңды құрбандыққа шал садаға ет дегені деп білемін.Өз жан-ұямнан арымды жоғары қойғанымша солар ұшін жанымды да қиғаным жақсы деп ойлаймын.Осы жерде қазақтың « Кедейдің кербезінен сақта » — Деген мақалы дәл келіп тұрғандай.
2)-"Қалауын тапса, кар жанады"- деген де керемет мақал. Сен бір тірлікті қалай болса солай жоспарсыз бастасаң айлап істе, жылдап істе бәрібір түк шықпайды.Еңбегің еш болып, бар жиған-тергеніңнен айырылып, екі саусағыңды мұрыныңа тығып қаласың.Ал енді сол тіршілікті көзін туып, ебіне келтіріп жоспармен істесең қысқа ғана уақытта бітіріп бейнетіңнің зейнетін көресің.Міне қалауын тауып қардың жанғаны осы.
3)-«Атың шықпаса, жер өрте»-дегенде, бұл мақалды бабаларымыз үлгі, бағыт-бағдар есебінде емес, сақтандыру, жирендіру, кекесін мақсатында айтып отыр.Мысалы бұл мақал қазіргі «жетпіс мұсылманды құрбандыққа шаламыз»-дегендерге дәл келіп отыр.Кім бұларды жақсы дейді, бірақ атақтары шығып жатыр.Міне осынлай жаманатпен аттарың шығып қалмасын деген ойдан туған мақал деп түсінемін.
4)-«Алтын көріп, періште жолдан тайыпты»- деген мақал мыңдаған жылдар бұрын айтылса да дәл бүгінгі күннің суретін беріп тұрған мақал.Бұл жерде бабаларымыз Алланаың елшілері періштелерді емес, адамдар арасындағы қызметінде періштедей адал болуға міндетті әділ қазыларды, соттарды,қолында билігі бар ел ағаларын айтып отыр.Соларды көзден шұқып отырған жоқ па? Жақындағы ғана Қазақстанның Жоғарғы сотындағылардың әрекеті дәл келмей ма, байқасақ.
5)Бұл мақал -«Ата -анадан қалған мал тәтті, Алтынды үйден шыбын жан тәтті»-деп айтылатынын білуші едім.бұл жерде Абай атамның неге өзгертіп алғанын түсінбедім.Бұл мақалды түсіндіріп жатудың өзі артық.
Әкеңнің бөліп берген еншісі дүниедегі ең артық мүлік сол, ол әкеңнің көзі деген сөз, бұл жерде сол туралы.Ал жанға тірелгенде малда, атындаған үйіңде құрбандыққа шалынып кететіні рас қой.
Сонымен Абай атам өзі кешірсін, мен бұл мақалдарды даналық деп білемін.Дерек көз:мына жерде

Ұқсас сұрақтар

...