0 дауыс
6.1k көрілді
Адам ақылымен көрікті деген тақырыпқа шығарма

1 жауап

0 дауыс
Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты. Ішкі жан дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп оспадарсыз сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. «Киіміне қарай қарсы алып,  Ақылына қарай шығырып алады» деген ұғым осыны меңзеп тұрған секілді. Адаммен қарым-қатынасың сөз ғой, сондықтан да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен дауысыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жина. Рухани байлығың – білім мен тәрбие. Киім киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін, оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады. Теледидардан көргеннің бәріне еліктеуге, үйренуге болмайды. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» дегендей жақсы мен жаманның арасын ажырата білу керек. Батыстың мәнсіз музыкасын тыңдап, соған бой алдырып, еліріп қисаңдаған қыздардан не күтесің, қазақтың әсем сазын, асқабақ әуенін бағалап тыңдай білген жөн болар. 
Ашық-шашық киінгеннен жақсы көрінбейсің, керісінше көрген адам «Мынаны айтатын ата-анасы, ұстазы жоқ па?» деген ойға қалады.ерсі бояну да көңілге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, мініп келе жатқан көлік ішінде үлкенге орын бермеу, ешкіммен санаспай өз беттерінше даурығып дөрекі сөздер айтып айғайлап сөйлеу өте ұят, өзісшіл, өркөкіректікті көрсетеді. Қалай болса солай сөйлеу, киіну – талғамсыздық пен тұрпайылық белгісі. Үлкеннің айтқан сын ескертпесін, ақылын өзімдікі дұрыс демей, «Қалай айтылды, неге айтылды?» деп өз-өзіңе талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар ғой. Әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі болу керек. Үлкенді сыйлайтын, кішіні сипайтын – жақсы қыз, өнегелі, тәрбиелі қыз.  
Қыз балалар әдемілікке аса назар аударады. Бірақ асқан сұлулықтың өз зияны бар екендігін бірі білер, бірі білмес.  Әдемі болу әртүрлі проблемар тудырғанымен, оның шешудің бірнеше жолы  бар. 
Сұлулық- адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып, тәнті ететін, таңырқататын, сүйсіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой-қиялдың жемісі. Қыздардың көрікті болуы көптеген жайсыздықтарға әкеледі. Әдемі болу ең басты  бақталастықты  туғызады.  Бақталастық та – адам өмірі  тек бәсекемен өтіп, көрсеқызар болып, қызғанышпен, көреалмаушылықпен жалғаса береді. Бұл жағымсыз қырлар арқылы қыздар көп қалта шығынына ұшырайды. Шығын- үстіндегі киіммен, түрлі әдемі, қымбат бұйымдарымен, косметика, сұлылық салонымен тізбектеліп кетеді. Өте әдемі қыз мен-мен келеді. Өзін өзгелерден артық санап, биіктен қарап, тәкәппарлық сезімі ұялайды. Соның арқасында “өзіне лайықты” санайтын жар табалмай “ана болу” бақытынан айырылып қалуы да ықтимал.  Ғалымдардың пікірінше жоғарыда айтылған мысалдардан басқа да түйткілді мәселелерге ұрындырады. 
Мұндай жайттар орын алмау  үшін көптеген факторларға назар аудару керек. Алдымен қыз өте қарапайым болу керек. Ешкімді ренжітпей, кемсітпей өзінің әдемілігін тек іштей сезініп, жария қылмауы дұрыс болады.  Ақшаны үнемді пайдалануы шарт. Оңды, солды шашпай керекті кәдеге жаратып, өзіне ұнайтын қажетті жұмыспен айналысса. Ал қыздың ең басты  өмірдегі міндеті, мақсаты “ана атану”, “ана бақытын” сезіну. Сондықтан ер-азаматтарға  мейлінше қарапайым болып, көп көңіл бөлгені жөн.
Сұлу болу мәселесі түйіткілді болғанымен, оны еңсерудің көптеген мәселелері бар. Менің ойымша  әдемілікті сезініп, өр көкірек болған қыздарымыз өмірде өте жалғыз, бақытсыз. Бұл өмірдегі ең қиыны- жалғыздық. Әдемі қыздар жалғыздық сезіміне беріліп, өмірлеріңіз қорқынышта өтпесін!!!
...