ЕГЕР СІЗ ӘЛЕУМЕТТАНУ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАҒАН БОЛСАҢЫЗ, онда осы бағдарламаның негізінде сіз қоғам туралы қолданбалы ғылымның классикалық негіздерімен, әлеуметтік және саяси процестердің механизімдерімен, сайлау алдындағы күреспен және сайлаушылармен жұмыстың ерекшеліктерімен танысып, мемлекеттік билікті, оған қатысуды, нарықты түсініп, сауатты менеджер бола аласыз.
БҰЛ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУ АРҚЫЛЫ,
СІЗ АЛҒАН БІЛІМІҢІЗДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРА АЛАСЫЗ:
мемлекеттік қызметте (ҚР Президентінің әкімшілігінде, Министерстволарда, Әкімшіліктерде);
оқытушылық және әкімгершілік қызмет саласында;
әлеуметтік технологтар мен менеджерлер ретінде;
ірі бизнес пен ғылымның жаңа салаларының маркетологтары мен зерттеушілері ретінде;
PR- компанияларда, халықаралық жобалар мен кадрлық қызметте.
, онда осы бағдарлама негізінде сіз халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қорғалған категорияларына көмекті ұйымдастыруды және олармен жұмыс жүргізудің әдістерін, әлеуметтік технологияларын біле аласыз.
БҰЛ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУ АРҚЫЛЫ, СІЗ АЛҒАН БІЛІМІҢІЗДІ ҚЫЗМЕТТІҢ КЕЛЕСІ САЛАЛАРЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРА АЛАСЫЗ:
Мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер менхалықаралық қорлардың мамандары ретінде;
әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің (халықты жұмыспен қамту орталығы, әлеуметтік бейімдеу және реабилитация орталығы, жеткіншектер мен балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталықтары және т.б) қызметкерлері ретінде;
халықаралық жобалар мен ұйымдарда;
әлеуметтік саясат және халықты қорғау Департаменттерінің эксперттері мен кеңесшілері ретінде.
БҰЛ МАМАНДЫҚТАРДЫ АЛУ АРҚЫЛЫ СІЗДІҢ МҮМКІНДІГІҢІЗ БАР:
өзіңіздің алғашқы қажетті затыңызды сатып алуға ақша табуға;
әртүрлі мәдениетпен танысуға;
көптеген адамдармен танысуға;
халық алдында сөйлеу дағдысын қалыптастыруға;
сайлау кезінде депутаттың немесе әкімнің жеңіп шығуына көмектесуге;
адамдар қатынасына әсер етуге;
жанжалдарды болдырмауға және уақытты үнемдеуге.