Айналайын тарихшылар, "Мәңгіел татар"- деген не пәле тағы? Не түркі, қырғыз болып біттік те енді татар болған қалды ма? Не болған бізге, Европа не оттаса соны оттасын, біз өз тархымызды ҚАЗАҚ деп басқа еш сөз қоспай жазуымыз керек қой. Мәңгі ел де болмай ақ қойдық, оның несі жақсы? Өлгеннің бәрі мәңгі, қырылғанның бәрі мәңгі, ал тірінің мәңгісі жоқ. Ұлы ел, батыр ел, асқақ ел болған жақсы шығар, мәңгі ел дегенде не мағана бар. Мәңгі дегеннің бір түсінігі "мәңгіру, естен тану" емес па? Жүрміз ғой қазір бабаларымыз салған жолдан жаңылып, салт-дәстүрлерімізден адасып, кім не айтса соған еріп, мәңгіріп. Жетер осы мәңгіргеніміз де. Қасқайып ҚАЗАҚПЫЗ дейтін кез келді емес па? Орыстар "қырғыз" деп айтты деп қырғыз болдық, түріктер "түркі" деп айтты деп түркі болдық, енді европа "татар" деп айтты деп татар болсақ жетіскен екенбіз. Сонда біз қашан ҚАЗАҚ боламыз?
@Jako