0 дауыс
1.2k көрілді

Халел Арғынбаев «Қазақ халқындағы семья мен неке» атты кітабында толықтай жауап берген: «Әке өліп, артында жас балалары мен жас әйелі қалса, әмеңгерлік әдет бойынша өлген адамның бірге туған ағасы не інісі, ондай туысы болмаса немере, шөбере туысқандары, қала берді аталас ең жақын жанашыры жеңешесіне үйленіп, балаларын өз қамқорлығына алатын да, мал-мүлкіне заңды түрде иелік ететін. Жесір қалған әйел күйеуге шықпай, балаларын бағып отыра берем десе, оған зорлық жасамайтын. Бұған туыстар болып жетім қалған балалар мен жесір жеңгеге қамқорлық жасайтын. Жесір әйел әмеңгерлікке мойынсұнбай, басқа біреуге өз еркімен тұрмысқа шыққысы келсе, немесе төркініне кетпек болса, оған өзінің киім-кешек, төсек орны мен мінер атынан басқа ештеңе берілмейді. Әрине төркінінен келген жасауынан сақталғандары болса, оған ешкім таласпайтын. Бірақ, тиетін күйеуінен айып есебінде үш тоғыз не бір қызға берілетін қалыңмал алынатын. Шешесі басқа күйеуге шығып кеткен жас балалар әкесінің туыстарында қалатын да, әкеден қалған мал-мүлік олардың қамқоршысының қолында болады. Өлген адамның артында ешбір бала болмаса, жесір әйел, мал-мүлкімен әмеңгеріне қосылады. Әмеңгерге шыққысы келмей, басқаға кеткісі келсе, жоғарыдағы айтылғандай, болмашы үлесін алады да кете барады»

Қазаққа әмеңгерлік керек пе?

5 жауап

0 дауыс
Ол тек ортағасырларға жарасатын сияқты
0 дауыс
Қазақ халқы жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған халық. Бұл әмеңгерлік салт қазір де бірқатар отбасыларда сақталған. Тіпті бұл салт "Қыз жібек" жырында да көрініс табады. Бірақ қазіргі халықтың біразы бұл салтқа қарсы.
0 дауыс
Өз еркімен, өз келісімімен болса неге болмасқа, сосын қалыңмал деген біздің жақта мүлдем жоқ,
Қай қалыңмал, қыз алғанда берілетін қалыңмал берілмид дисіз ба
0 дауыс

Бір жаманы — шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы — қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы — үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы — жесірін қаңғытпаған.

-Қадыр Мырза-Әлі-

Бір әулеттің ұрпағын басқа жұртқа бергісі келмеуден туған салт деп ойлаймын. Арқа сүйер тірегінен айырылған жесір әйелге тұтас туыс болып көмектескені жөн-ақ. Адамға қарай, жағдайға қарай әр түрлі болар мүмкін. Бірақ бірқатар ерсі тұстары да жоқ емес сияқты. Біріншіден, күйеуінің туысқанына тұрмысқа шығу әйел адам үшін де ыңғайсыз, ал жесір әйелге үйленетін жігіттің тағдыры ше? Бауырын бөтен жұртқа жібермеу үшін махаббатын құрбан етуі керек пе?! Екіншіден, ана мен бала мәселесі. Әйел адам әмеңгерлік салтымен жүруден бас тартса, баласынан да қоса бас тартуы керек пе?! Бала анасыз өссе де ештеңе етпей ме?! Ана махаббатына бөлгенгеннен гөрі өз әулет, өз жұртында өскені тіпті де маңызды болғаны ма?!  Осы тұрғыдан қарағанда, аздап тұрпайы, қарабайырлау жағы да жоқ емес сияқты әмеңгерліктің. Бәрі тек заң арқылы басқарылатын қазіргі заманда, адам құқығы басты орынға қойылатын азаматтық қоғамда бұл салттың жалғасын табуы неғайбыл деп ойлаймын. Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар деген...

Иа соғо, бұрын қайным дем əзілдесіп жүрген адамың енді күйеуің болад десе. Біртүрлірек шынымен. Осыдан басқа амалы жоқтай
+1 дауыс
Әмеңгерлік деп күйеуі қайтыс болып жесір қалған әйелді қайтыс болған күйеуінің бірге туған ағайындарының біреуі алғанды айтады. Бұрын қазақ жесірді қаңғыртып, жетімнің көз жасына қалмау үшін, оларға қамқорлық ету мақсатында жесірді әмеңгерлікке алатын болған. Бұны орта ғасырдың нәрсесі деп қазіргі қоғамдық көзқарас тұрғысынан баға беру мүлдем қате көзқарас. Бұрынғы ғасырға сол замандық тұрғыдан қарау керек. Әмеңгерлік сол кезде қазақтың ең озық салты болған...
Ал қазір біреуді әмеңгерлікке шындап жаны ашығанынан, қамқорлық жасағысы келгенінен алады дегенге бірдеме деу қиын ғой. Қоғамның да қабылдауы қиын. Ал шындап жаны ашып бара жатса, басына баспана беріп, тұрмысына қарайласып дегендей басқалай жағынан көмектесуге болатын шығар.
Ia durys aitasz

Ұқсас сұрақтар

...