0 дауыс
695 көрілді
Дүниеге тойдым, ақша енді керек емес, жетеді  дейтін адам бар ма?

2 жауап

+1 дауыс
Мен бақытты сәтке толы болған күндерімді жиі елестетем, сол күндерді еріксіз аңсаймын. Ол әрине, менің балдан да тәтті, ақшадан да қымбат балалық шағым. Қартайғанымда да "сенің бақытты күндерің қайсы?" деп сұраса, "ол менің балалық шағым" деп ойланбастан жауап берер едім. Белім бекіп, бұғанам қатпаған бала кезімде ата-анамның арқасында мен қиыншылық көріп, аласапыран өмірдің салмағын сезінген емеспін. Өсе келе өмірдің өзі ұстаз болып, жақсы мен жаманды шатастырмай тануды үйретті. Балалық сәтте көзге бәрі жақсы болып көрінді. Сөйтсем, дүрбелең дүниеде мүлдем бәрі бөлек екен. Жанталас пен арпалысқа толы өмір. Адам баласы бар өмірін нан табу жолына сарп етуге жаралғандай. Таңның атысынан күннің батысына дейін уақыттан озамын деген күйбең тірлік. Пендешелік. Әр нәрсе өз уақытымен дегенді мүлде жадымыздан жойған секілдіміз. Тарих беттеріне кеткен күндермен салыстырсақ, ол кездері әділеттілік басым болса деседі-мыс. Тіпті ақшаның да қадір- қасиеті болған дейді көнкөз қариялар әлі күнге. Ақылы оқу, пәтер жалдау, бесіктен белді көтермей жатып жалданып жұмыс жасау деген болмаған әрі қоғам оны қажет етпеген екен. Бүгін неге сол тіршіліктен безіндік?! Керегі не еді? Керегі ақша ма? Ағылшынның бір атақты қаржыгері «Адам ақша үшін емес, ақша адам үшін жұмыс жасауы қажет» деген екен. Біз ше, ақша үшін ғана тіршілік етеміз. Тек ақшаны табуды ойлап, ақшамен не табуды ойламайтынымыз тағы бар. Өмірдің мәніне материалдық тұрғыдан ғана қараймыз. Рухани дүниеміздің жұтағаны қашан?! Соңына ілестіріп, ақша адамды әлдеқашан өзіне тәуелді етіп қойған. Өмірдің ластанғаны соншалықты, сол құны жоқ қу ақша үшін қаншама жан баласы қыршыннан қиылып жатыр десеңізші. Адамдар әлдеқашан бақытсыздыққа ұшырап, тіпті шамасы жеткендер кедейлерді жылатып, аузынан жырып алып кетіп жатқанын да көріп жүрміз. Сол жаны жоқ қағаз үшін, бір-бірінің жанын аямай қиып жатқанын қайтесіз?! Сонда да бақытын ақшадан іздейді Міне, осының бәрі жан бағу үшін емес пе? Ал, қолдың кірі - қу ақшасыз ауа жұтып көр...
0 дауыс
Әй, қайдам...

"Адамның екі алқап алтыны болса, үшіншісін қалайды. Адамның көзін бір уыс топырақ қана толтырады".

                                                                                                                       Хадис шәриф
...