0 дауыс
5.5k көрілді
Толеген акесинин батасын алмай сапарга шыгады сол кезде Сансызбай жибергиси келмейди.Бирак Толеген жолга шыгады,жолда онын артынан Бекежан ок атады.Сонда ол аспанга карап осиет айтады?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Әлқисса, Төлегенменен жерінен бірге шыққан алты қаз бар екен, суа келіп қонайын деп еді, жаулар атқылап қондырмады, айналып ұшып жүргене Төлеген көріп «аһ,дариға» деп қимылдауға халі келмей жатқан жерінде, сол қаздарға қарап бір сөз деді:

 -Әуелеп ұшқан алты қаз,

 Етің шекер, сорпаң баз!

 Атайын десем оғым аз

 Қонар болсаң жануар,

 Міне майдан, міне саз.

 Өлмеген құлға құдай-ай,

 Болып қалды енді жаз.

 Атамды айтып қайтейін,

 Шешемді айтып қайтейін

 Мен кеткен соң, дариға-ай,

 Көкешім деп Сансызбай,

 Еркелеп кімге қылар наз.

 Әуелеп ұшқан алтауың –

 Жерге түсіп көлбейсің.

 Сендер тірі, мен өлі,

 Жатырсың неғып демейсің!

 Қасірет, қайғы халімді

 Неге келіп білмейсің?

 Тілсіз мақұлық, жануар,

Бірге келген жолдасым,

 Қасыма менің келмейсің?

 Мұнан былай кеткенде,

 Теңізге таман жеткенде,

 Төбеге шықса, белім деп,

 Ойға түссе, тыным деп,

 Қартайған әкем Базарбай,

 Алдыңнан шығып, жануар,

 «Қарағым менің Төлеген,

 Көрдің бе?»десе, не дейсің?

 Онан арман өткенде,

 Үйге таман жеткенде,

 Жая десе, жал берген

Майға салып нан берген,

 Әр алуан ас берген,

 Алақандап өсірген,

 Еркелік қылсам, кешірген,

 Алпыс жасар сорлы анам,

 Алддыңнан шығып, жануар,

 «Құлыным менің Төлеген,

 Көрдің бе?»десе, не дейсің?

 Онан арман өткенде

 Малға таман жеткенде,

 Қарға жүнді қаттасым,

 Үйрек жүнді оттасым,

 Таласып емшек еміскен,

 Бір төсекте жатысқан,

 Көп қызыққа батысқан,

 Тай құлындай тебіскен,

 Асық ойнап алысқан,

 Өлген ағасын көре алмай,

 Бақылдаспай, қоштаспай,

 Ажалым жетті алыста-ай,

 Жалғыз інім, бауырым –

 Қанатымда қияғым,

 Табанымда тұяғым,

 Жылжымас жерден ауырым,

 Алдыңнан шығып Сансызбай,

 «Көкешім менің Төлеген,

 Көрдің бе?»десе, не дейсің?

 Сауытының көзі сетіліп,

 Сынбай кетті дегейсің!

 Баратұғын жеріне,

 Жетпей кетті дегейсің!

 Алтынды сауыт, шөже көз,

 Түймеден кетті дегейсің!

 Өлі екенін білмейміз,

 Тірі екенін білмейміз,

 Қособаның жонына,

 Қоса кетті дегейсің!

 Маңдайынан аққан қан,

 Жоса кетті дегейсің!

 Алтыны жабдық, көкжорға ат,

 Бір қарақшы қолында,

Босқа кетті дегейсің!

 Қособаның жонындда,

 Құс қонбас, құла жапанда

 Жылай-жылай бір жалғыз,

 Дүниеден өтті дегейсің!
0 дауыс
Бекежан қатын екенсiң.
...