+1 дауыс
2.5k көрілді
Сағыз шайнау арықтауға қалай әсер етеді?

4 жауап

0 дауыс
Таңғы ас пен түскі асқа дейін кемін­де 20 минут сағыз шайнау ағзадағы энергия шығынын 5 %-ға арттырады. Бұған қоса  түскі астан бұрын қолданылған сағыздың әсерінен қорек ағзаға 67 калорияға аз сіңе­ді. Сағызды шайнаған сайын асқазаннан сөл бөлініп, тамақ тез қорытылады. Демек, сағызды жиі шайнайтын адам табиғи жолмен арықтай түседі.
0 дауыс
Сағыз шайнау қайта кері әсерін тигізеді. Яғни, ол арықтатпайды, керісінше толып кетуге мүмкіндік жасайды. Себебі, сағыз шайнаған кезде адамның асқазаны асты дұрыс қорыта алмайды.
0 дауыс
Сағыз артық салмақ қосады дейтіндер қателеседі. Ол небары 2 кКалл құрайды. Ал осы себепке сүйеніп, бірдеңе жегісі келсе, асқазанын сағызбен алдайтындар бар. Сағыздың өзі салмақ қоспағанымен, сағыз шайнағанда асқазаннан сөл бөлініп, тез қарын ашады. Ауыз шайнаңдап тұрса, асқазанға тамақ бара жатыр деген сигнал жіберіледі де, ол өз қызметіне дайындалады. Ешқандай азық бармаған соң ішек шұрылдап, тамақ сұрайды. Одан соң диета туралы ұмытып, дереу азықтануға отырасыз. Тамақтан соң ағзаңыз сағыз талап етсе, асты сіңіру және ауыз қуыстарын тазалау мақсатында 5-ақ минут шайнауға болады. Мүсініңізге шын жаныңыз ашитын болса, дұрысы, өзіңізді сағыздан алшақ ұстауға дағдыланған жөн.
0 дауыс

Сағыз тәттіден семірген адамдарға пайдалы .Себебі сағыздың құрамында аздаған тәтті дәм бар. Ал тәттіден семірмеген адамдар болса сағыздан алшақтаған дұрыс болады.

Ұқсас сұрақтар

...