+1 дауыс
12.9k көрілді

1 жауап

+3 дауыс
Футбол — спорттық ойын түрі, аты ағылшын тіліндегі foot – аяқ, ball – доп деген сөздерінен шыққан. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі.Ойын ұз. 100 — 110 м, ені 64 — 75 м алаңда өткізіледі. Биікт. 2 м 44 см, аралығы 7 м 32 см қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі. Ф. добының салм. 396 — 453 г, шеңбері 68 — 71 см. Ойынға әрқайсысында 11 ойыншыдан екі команда қатысады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойын 15 мин үзілісі бар, 45 мин-тан екі кезеңде өтеді. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Ф-дың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Ф-ға ұқсас аяқ доп ойнының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейіннен бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті. 19 ғ-дың соңына қарай Ф. Еуропа мен Латын Америкасы елдеріне кеңінен тарай бастады. 1904 ж. халықар. футбол федерациясы (ФИФА), 1954 ж. Еур. футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) құрылды. 1900 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. 1930 жылдан төрт жылда бір рет әлем чемпионаты және 1958 жылдан Еуропа кубогы жарыстары өткізіліп тұрады. Қазақстанға Ф. 1909 — 1910 ж. келді. Әуелі Орал, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Петропавл қ-лары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-бара бұқаралық сипат алды. Қолда бар деректер бойынша алғаш команда құру 1911 ж. басталған.
Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.
1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі.
1389 жылы Ричард II пашта сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрдайым жағымсыз жауап алып отырған.
Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих IV 1399-1401, Генрих, V 1413 - 1433 ж, Генрих VI 1449-1451 ж, Эдуард IV 1471 ж, Генрих VII 1491 ж, ал Генрих VIII ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұдай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.
Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды.
Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған.
1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты.
Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ.
1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы -шотландықтар болды. 1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде Белгия мен Чехословакия кездесті. Онда чех футболшыларын ойсырата жеңген бельгиялықтар олимпиада чемпионы танылды. Ал, 1924 жылы Оңтүстік Америкада ашылған олимпиадада алтынды Уругуай құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ, француз, голланд пен Швейцария ойыншыларын қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды үйренген Уругуай футболшылары әлдеқайда ширақ еді. Италия мен Испания, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия да футболдың қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны 1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді.
Ежелгі Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде Мысыр, Қытай,) (Грекия, Рим), тіпті Франция, Италия, Англияда футболға ұқсас ойын болған.
Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған. 19 ғасырдың аяғында футбол Еуропа мен Латын Америкада қарқынды дамыды.
1904 жылы Белгия, Дания, Нидерланд мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның (ФИФА) құрылуына мұрындық болды.
1923 жылы Ресей құрамасы Скандинавия турнирінде Швеция мен Норвегия командаларын қапы қалдырды. Одан кейін бірнеше мәрте Түркия ойыншыларын сан соқтырды.
1946-48 жылдары Оңтүстік Америка үш рет қатарынан аргентиналықтардан басым түсті. 1950-60 жылдары футболдан үздік мектептер саналғандар мыналар еді: Лев Яшин мен Игорь Нетто, Альфреде ди Стефано мен Франсиско Хенто, Раймон Копа мен Жюст Фонтэн, Полеи Диди, Гарринча және Жильмар, Драгослав Шекуларац пен Драган Джаич, Иозеф Масопуст пен Ян Поплухар, Бобби Мур мен Бобби Чарльстон, Герд Мюллер, Уве Зеелер мен Франц Беккенбауэр, Ференц Вене мен Флориан Альберт, Джачинто Факкеттии Джанни Ривера, Жаирзиньо және Карлос Альберте.
1956 жылы Кеңес Одағының футболшылары алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Төрт жылдан кейін олар Еуропа кубогының жеңімпазы танылды.
Әлем чемпионатында жеңіске жеткендер Бразилия құрамасы - Бес рет: 1958, 1962, 1970, 1994 және 2002 жылдарындағы чемпионаттарды жеңді.
Италия құрамасы - төрт рет: 1934, 1938, 1982 және 2006.
Германия құрамасы - үш рет: 1954, 1974, және 1990.
Аргентина құрамасы - екі рет: 1978 және 1986.
Уругуай құрамасы - екі рет: 1930 және 1950.
Англия құрамасы - бір рет: 1966.
Испания құрамасы - бір рет: 2010.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
Белгісіз 27.10.2013 Жалпы спорт сұрақ қойды
+2 дауыс
5 жауап
0 дауыс
10 жауап
Белгісіз 20.05.2012 Футбол сұрақ қойды
...