Ия,мұндай жаңалықтарды естіп біздің де төбе шашымыз тік тұрып, жағамызды ұстаған едік. Мектептерден, жоғарғы оқу орындарынан қыздар жоғалыпты-мыс. Оларды ұрлап,зорлық көрсетіп, кейін бауыздайды екен. Көздегендері әсіресе қыз балалар, сондықтан қыздар айт күндері үйден шықпандар дегенді естідік. Елдер тіпті сабаққа,жұмысқа қалай барамыз деп шошып қалды.
Егер бұл рас болса, асқан айуандық. Тірі адамды-мал құсатып бауыздау,ойласаң жанын түршігеді. Әйтсе де , өз басым бұған мүлдем иланған жоқпын. Неге? Менің ойымша, бұл үлкен бір саяси "жүріс". Тұнып тұрған саясат. Қарайықшы, "Құрбан айт" -ол мұсылман қауымның ең ұлы мейрамы. Айтта құрбандық шалынып, туған-туыс,көрші-қолаң,дос-жаранның басы ақ дастарханда жиналады. Адамдар мәз-мейрам болып, үйді-үйді аралап айтшылайды, айт сыйлығын сыйлап, бірін-бірі қуантады. Балалар айттық сұрап, тәтті-дәмдіге қарық болады. Тіпті,өзге дін өкілдеріде "Айт қабыл болсын"-, деп айттық сұрап жүреді. Міне, бұл 3 күннің өзі 3 ай, 3 жылдан артық ұлаң асыр мейрам,қуаныш. Ал енді, жоғарыдағы зәреңді ұшырар жаңалықты естігенде , қу жанынды шүберекке түйіп төрт қабырғада тығылу қалады. Бағанағы қуанышымызды қорқыныш билейді. Ойлаңыз, бәрі болмаса да біршама мұсылман бұл айтты тойлай алмай, Құрбан айтқа деген сенімдерін күдік шалды. Бұл деген зор қауіп емес па? Бізді мұсылмандық жолдан тайдырып,кәпірлікке айдау саясаты деп ойлаймын. Асыл дінімізді- қатігездік діні етіп көрсету. Бұл менің жүрегіме қатты тиеді.
Мен бұл шындық немесе алып-қашпа әңгіме деп кесіп айтпаймын. Себебі,анығына көзім жеткен жоқ. Бүгінде, ақпарат, жалған ақпарат ең күшті қару. Ақпараттар тасқынында адасып қалмайық,ағайын, сақ болайық.