+2 дауыс
711 көрілді
Сұраққа нақты жауап берулеріңізді сұраймын.Өйткені бірінші байлық-денсаулық.Ал саған ең жақын адамдар ол жанұяндағы адамдар.

7 жауап

+6 дауыс
Менімен келіспеулеріңіз мүмкін, бірақ та Денсаулық болса, ЖАНҰЯҢ да болмақ.
+4 дауыс
Денсаулық. Себебі, денсаулық сенің меншігің. Ал, бұл өмірде ешкім ешкімін жоғалтпайды, себебі ешкім ешкімге тиесілі емес. Әркім өз бетінше өмір сүре алады.
+5 дауыс
біріңші орынға жанұяамды қояр едім. Бір ғана мысал. Отбасымда менің ағам жалғыз ұл бала ғана. Отбасымның тұяғы сол жалғыз ағам. Ағам үшін жүрегімді беруге де аянбас едім.  Отбасым аман болса болғаны. Отбаымның ошағы өшпесе болғаны мен үшін
+6 дауыс
Денсаулық пен жанұя екеуі де қымбат. Бірақ денсаулығың болмаса атақ пен даңқ далбаса. Денсаулық болмаса жанұяға да жексұрын боласың, бірақ қасымызда жанұямыз болып, берекелі болса бәрін тіпті денсаулықты да ұмыта салатынымыз жасырын емес.......
+3 дауыс
Бірінші байлық - Деңсаулық.
Екінші байлық - Ақжаулық.
Үшінші байлық - Қорадағы бес саулық.
0 дауыс
Екеуі де маңызды дүние ғой, бірақ аяулы адамдарыңның қасыңда болғанына не жетсін?! Жақын адамдарыңның біреуі ауырып қалса, түні бойы көз шырымыңды алмай, тамақ ішпей, уайымдап кетеміз ғой, бұл денсаулығымызды жанұямыздан артық қойғанымыздың белгісі емей немене?!
0 дауыс
денсаулық! жанұя қанша жақын болса да, денсаулығың болмаса сені қажет етпей кетеді. ащы болса да өмір шындығы.
...