+6 дауыс
13.4k көрілді

Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында өтеді. Жәңгір жоңғарлардың жолын кесу үшін білтелі мылтықпен қаруланған 600 сарбазбен қарсы аттанады. Әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық Орбұлақ шайқасында осы 600 қазақ сарбазы 50 мың жоңғар қолын тас-талқан етіп жеңеді. 600 адамның 50 мың адамды жеңуі бізге аңыз секілді көрінгенмен, шындық солай. Отандық тарихнаманың осы айтулы оқиғасы қалай болды? Жеңіске жету үшін Жәңгір хан қандай қосымша тактика қолданды?

Орбұлақ шайқасы Жәңгір хан

18 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Орбұлақ шайқасы зерттеп жүрген тарих танымгері, өлкетанушы, шежіреші Асан Оразханұлы Тұрабаевты әңгімеге тартқан едік.

– Байырғы дұшпан Хото Батор Хонтажы бастаған ойрат-қалмақ елу мың қолмен қазақ елін жаулап алуға аттанғаны жөнінде Салқам Жәңгір өз шолушыларынан мәлімет алады. Орбұлақтағы ойрат пен қазақтың тектілері Қарахан патшаның тұсында «Арамызды шаhар байласын, шаhар байламаса, заhар шайнасын»деп анттасқан көрінеді. Маруан-Аhра би «Орбұлақ тектілердің ат-тізгінін тартып тоқтаған тәтті жері еді. Ойраттар анттан аттады. Орбұлақтың бойында улы жебемен қарсы алыңдар. Бұл жерге қылыш көтеріп келгендер өз қанына өзі тұншығады. Ойраттар елу мың болса да 800 сарбазың жетеді. Қостоқты бастаған қолың, Сүлеймен бастаған сексен мергенің бар, қия тұмсықты біз барғанша төтеп беріңдер» деп Салқам Жәңгірге хабар жібереді.

Жәңгір бастаған қазақ қолы Орбұлақтың қия беткейіндегі 800 қойтасты паналап ор қазып алып, жауын улы жебемен қарсы алады. Сонымен қатар Сасықтекенің түтінін де пайдаланады. Улы жебе адамға жанап кетсе болды, безгек тигендей мәңгілікке сұлап түседі екен. Ал Сасықтеке деген гүл таутекелер күйлеген кезде иіскейтін және сол уақытта гүлдейтін болса керек. Соны суға қайнатып, оған шүберек малып кептіреді де, жағып жіберсе түтіні жан-жануарды уландырып тастайды. Салқам Жәңгір әскерінің бас қолбасшысы Қостоқты батыр 800 сарбазын із суытар жерге тастап, ойраттардың алдынан өзі шығады. Оларды алдаусыратады да «Сасықтеке» түтініне ұрындырады. Қазақ қолының аз екенін білетін жау жапырып тастамақ болып лап бергенде улы түтінге, онан соң улы жебеге ұрынады. Міне, осындай амал-айла арқасында қалмақ қолы ойсырай бастайды.

Аузы-басын тұмшалап, ешкінің майымен майлап алған қазақ жауынгерлеріне улы түтін әсер ете қоймайды. Уланғандары қымыз бен меңдуананы араластырып ішіп, құсады да тазарып аман қалады. Ал аттары уланса тұмсығына құйрық маймен ұрып тазартады. Алғашқыда не болғанын түсінбей қалған ойраттар мәнісін кейіннен біледі. Он мыңдай жасағынан айырылған олар кейін шегініп ақылдаса бастайды. Осы кезде жиырма мың қолымен Жалаңтөс Баhадүрдің қолы тықсыра бастайды, сол кезде қырық мың қолымен Алатау батыр, ішінде азғана қырғыз жасағы бар, сегіз мың қолымен Арқадан Малдас би жетеді. Алатау батырдың сол кездегі жетпіс жетіден асып шау тартып қалған шағы екен. Ақыл-кеңес беріп, бастап келген жасағы соғысқа араласпады.

Осы соғыс ұмытылмас ерлік ретінде тарихқа жазылды. Жалаңтөс Баhадүр, Жиенбет жырау, Қарасай батыр, Қөкі батыр, Жақсығұл батыр, Сүлеймен мерген, Жаманбай батыр, Шілмекенұлы Қостоқты батырлар өшпестей із қалдырды. Салқам Жәңгір ұрыстан соң қалмақтың жас батырымен жекпе-жекке шығып қаза тапты.

Улы түтінге ұрындыру

«Сасықтеке» түтінін пайдаланатын ұсталарды «Сүлік» деп атаған, мұндай ұсталарды өте құпиялап ұстаған. Қазақ даласындағы үлкен соғыстар кезінде түтінге ұрындыру тәсілі көп пайдаланылған. «Ұйқымалым сірне» әдісіне салып, жаудың басын айналдырып ұйықтату, түтіндетіп, иіспен улау дұшпан жаққа өте көп шығын әкелген. Улы өсімдіктердің исін жұтқан кезде, жан-жануарлар да, адамдар да басы айналып, не болып, не істеп жатқанын байқай алмай, мәңгүрттеніп, ұйқы басып жатып қалатын болған. Кейбір шөптердің түтіні өлтіріп те жібереді. Қазақ жасағы жаудың жолын торып, жолына шөмеле шөп үйіп, ор қазып, оған улы шөптерді араластырып, лапылдап жанбауын қадағалаған. Яғни сулы күйінде бықсыған түтінге ұрындыру мақсаты болған. Ұзаққа ататын нарсадақпен садақшы мергендерді дайындап, садақ оғы жебесінің улы шөпке түсуі жау қолына үлкен шығын әкелген.

«Жер көсе» билер, жұлдызгер, көреген алымдар кез келген елдің, жердің ауа райын болжап, жел қай жақтан болатынын , биыл қыс қалай болады, ауа райын дәл есептеп беріп, қай жерден ащы су шығады, қай өңірден тұщы су шығатынын да дөп басып айтқан. Құдай берген мұндай қасиетті, дарынды кісілерді соғыс жағдайында өте құпия ұстаған. Көктемде, күзде шөптерді жинап, қайнатып, уын шүберекке сіңдіріп, кейбіреуін кептіріп, араластырып, алдағы ұрыстарға дайындап отырған. Мұндай улы иістен аттар бірден тырақай асып құлаған, адамдар екі сағатқа шейін есін жинай алмай, кейбірі сол күйінде жан тапсырған. Тек қана хан жарлығымен азғана жасақ осы улы шөптерді пайдаланып жауды кей тұстарда жеңіп отырған, ал бейбіт жағдайда жеке адамдарды улауға қатаң тыйым салынған, ондайлар шықса, қылмысына қарай қатаң жазаланған, билер сотында басы шабылған. Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар сирек болса да кездесіп отырған.

Жиналған дәрілік шөптерді және түтіндеп жанбайтын тамырларды, улы өсімдіктерді, уға малынған маталарды құпия қоймаларда, қатаң күзетілген ыдыстарда ұстаған.

Улы өсімдіктерді, емдік шөптерді жинаған кезде, итсигек, теке-сасық, меңдуана және дермене, мия, сора, көкнәр, жалбыз, адыраспан, т.б. шөптерімен араластырып, көктей кейбіреуін кептіріп, кейбір шөптердің күлін алып, қайнатып, қатты жараланған жауынгерге, сарбаздарға ота жасалғанда, сол шөптер арқылы ұйықтатып, емдеп отырған.

Етборсық емші

«Етборсық» емшілер, сынған сүйекті, ішкі ағзаларды тазалап жуып әрі кесіп, далалық госпитальдарда қос тігіп, жаңағы шөптер арқылы адамды бірнеше тәулікке шейін ұйықтатып, жағдайы өте ауыр сарбаздарды аман алып қалып отырған. Үлкен қос тігіліп, жараланған жауынгерлер сақайып жазылғанша солардың бақылауында болған. Ата-бабасынан келе жатқан емшілік қасиеттері бар аруақты адамдарды тауып, оларды жеті жылдай Тараз қаласында оқытып отырған. Бұлардан ант алып, жеке тұлғаларға қастандық істемеу, тек халық мүддесіне сай қимылдау, соғыс жағдайында ғана пайдалану пәрмен етілген. Иасы Түркістан, Тараз шаhарында ғаріпхана деп аталған емдеу орталықтары болған, ол жерлерде кеселі ауыр адамдарды, сүйегі сынған, ауыр жараланған адамдарды емдеп, ота жасап отырған.

Бал шарап

«Етборсық » емшілер қымыз, қымыран, дәрілік емдік шөптерден бөлек кей жағдайларда шарап та беріп емдеп отырған.

«Алтайдың бал шарабы,

Отырардың отты шарабы,

Тәшкеннің нан шарабы»

Тараздың жүзім шарабы» делінген. Жараланған сарбаздардың жарасын жуып, танған кезде ауру жұқпас үшін ота алдында «Отырардың отты» шарабымен тазалап жуған. ( Яғни бұл 96 % спирт) және маталарды осы шараппен жуып, жараларды таңып отырған.

«Алтайдың бал шарабын» жауынгерлерге күш-қуат алу үшін беріп отырған. Көп қан жоғалтқан сарбаздарға «Тараздың жүзім-жеміс шарабын» берген. Жүйкесі сыр берген сарбаздарға кейде шөп дәрілермен қатар қатаң тәртіппен «Тәшкеннің нан шарабын» берген. Осылайша қазақтың « Етборсық » емшілері бірнеше шөп қайнатпаларын беріп, сарбаздардың күш қуатын, денсаулығын арттырып, қатарға қосып отырды. Бұл шараптарды Алтайдан, Тараздан, Отырардан, Тәшкен шаһарларынан тапсырыспен алдырып, әртүрлі шөптерді және жеміс ағаштарын ашытып, соғыс жағдайында сарбаздар мен сардарларды емдеп, өлім-жітімнен, мүгедек болып қалудан сақтап, қатарға қосып отырған.

Бармақ ұста

Қазақ «Бармақ» ұсталары Ұлытауда, Қаратауда, Алтайда және үлкен шаhарларда, Түркістан айналасында, Текелі деген қалаларда шойын балқытып, ұңғы мылтықтар, білтелі мылтықтар соғып, кей жағдайда қолға түскен қаруларға қарап, «От-ұшпа » зеңбіректер соққан. Ата-бабамыздан келе жатқан өз қаруларымыз: наркескен, алдаспан, найза-қылыштар өз алдына. Ұлытауда ұстаханаларды «Отжағар, Боқжағар» деп атаған. Шойын темір балқытқан жерлерді «Отжағарда» қызыл жалынға қыздырып, шыңдап, жүйрік атпен шауып, суға салмай желге суытқан. Ал «Боқжағар» дегені, аттардың тезегін үлкен ыдысқа салып ашытып, қаруларды соған суытқан. Өйткені осындай әдіспен соғылған қарулардың жүзі ешқашан мұқалмаған, морт сынбаған. Полат, була, дула, шойын, зұлмарт темірлерді өте берік қылып шыңдап, әшекейлеп отырған. Мұндай қарулар өте үлкен сұранысқа ие болып, ұсталардың даңқын шығарған.

Сүлік ұста

Егер де жеке тұлғаларды улауға қатысы болған жағдайда «Сүлік ұсталардың» басы бірден шабылған. «Сүлік ұсталар» өз құпиясын, улы шөптердің өте зиянды түрлерінің сырын кез келген адамға ашпаған. Емшіліктің сырын ілімсіз таратуға тыйым салған.

«Сүлік ұсталар» бөлек жасақ ұстап, жауға шабарда садақ пен найзаның ұштарын уға малған. Бұларды ерекше мерген, найзагер, қылышкер сарбаздарға бөліп беріп, бұл қарулардан уланып қалмауын қадағалап отырған. Жауға шапқанда, улы шөптердің түтінін пайдаланғанда, жел қай жақтан соғатынын есептеп, ешкі майы батырылған маталармен тұмшаланып отырған (ешкі майы уды өткізбейді,тоңып қалады).

Қазақ хандары мен билері осындай киелі, адам жанына араша түсетін Етборсық емшілерді, Сүлік ұсталарды, Жер-көсе билерді, ауа райын болжайтын жұлдызгер алымдарды, есепші кісілерді қадірлеп және жұрттан құпиялап ұстаған. Қазақ даласындағы соғыс жағдайында, ел басына күн туғанда осындай шөппен улау және ұйықтатып бас айналдыру, «ұйқымалым сірне» әдісімен түтіндету амалдары тектілер пәрменімен, билер шешімімен қатаң бақылауда болып, хан жарлығымен істелінген. Қазақ жасақтары Жоңғар шапқыншылығында азғана қолмен бірнеше рет осындай әдістермен жауын күйрете жеңіп отырған.

«Орбұлақ шайқасында» сегіз жүз қазақ сарбазынан Хото Батор Хонтажының елу мың қолының он мыңының қырылуы Батыс және орыс тарихшылары арасында таңғаларлық оқиға болып, олар үшін де, басқалар үшін де жұмбақ күйінде қалуда.

Ал осы «Орбұлақ шайқасын» Әлиасқар Байғұтұлының баласы Ақпантайға айтып, баяндап, қағазға түсіртуі, қазақ халқы үшін де, тарих үшін де өте үлкен маңызды, мақтанарлық оқиға.

0 дауыс
Ол заманда Қазақтарда намыс болған,елі үшін, жері үшін, халқы үшін жан аямай соғысатын ерлер болған.Дулаттар соғыс тактикасын өте мықты білген өте жауынгер болған, еш уақытта жауын басындырмаған ғой, көбінесе жоңғарларды  қырып, ойсыратып жеңіп жүрген.Еш уақытта жеңілмей соғысу  Дулаттардың қанында бар, олардың ұрпақтары да әлемдегі ең мықты Бауыржан Момышұлы, Сабыр Рахымов сияқты аты аңызға айналған батыр қолбасшылар болған .
Дулаттар неге Тәшкентті өзбектерге беріп қойды? Дулаттар неге Таразды(Әулие ата), Шымкентті, Түркістанды  Қоқан хандығына беріп қойды, беріп қана қоймай оларға неге қызмет етті?
Дулаттар Индияны басып алып, тең жартысын мұсылмандыққа кіргізіп, әлемдегі 7 кереметтің бірі Тадж Махалды салдырған. Ташкентті өзбектерге беріп қойған жоқ, Қохан ханының өзі де қазақ болған, өтірік тарихты бұрмайлай бермеңдер. Өзбек деген ұлт болмаған, Ташкент Қаңылылар мен Шаңышқылдардың жері, Кейінірек Төле би Алтай жақтағы Қоңыраттарды көшіріп әкеліп сол жетісай, шардара, шәуілдір, ташкент жақтарға қоныстандырған. Қоңыраттарды көшіріп әкелген себебі: Қоңыраттар мен Найман керейлер жауласып қатты соғыс болып кету алдында тұрған, сол соғысты болдырмай қазақтарды бір-бірімен соғыспасын деп Төле бидің идеясымен оңтүстікке көшірілген. Өзбекстанда тең жартысы қоңыраттар,қаңылылар, шаңышқылдар тұрады, бірақ олардың құжаттарына ұлттарын өзбек қылып жазып жіберген, сол кездегі сталиннің саясатымен.
Сонда қалай дулаттар қазаққа кейін қосылғанба? Неге десең тарихты қазақтан бурын дулатқа қарай бурмалап жатыр мына батыр дулат.
 Индияны жаулаған дулаттар емес, Жалладдин Мухамадтың ата-бабалары Шабани тұқымдары емеспе?
Қазақ мүдделері үшін (қазақтарды тірідей қазыққа отырғызып қорлағаны үшін), қоқан ханымен дулаттың бір батыры өле-өлгенше соғысып өткенін естіп едім. Аты есіме түспей тұр.
Ол батырдың аты  Ұлы жүздің  Дулаттан тараған  Шымыр, шымырдан Көкірек Бесбала руынан шыққан Биназар батыр, ол 13 жасында атқа ер салмай жайдақ мініп қохан хандығының батырымен жекпе жекке шығып оны өлтіріп жеңіске жеткен. Биназар батырдың туған жері ОҚО Түлкібас ауданында , кейінірек ол Шу қазақтарына шапқан қырғыздарды ойсыратып жеңгені үшін ШУ жақта оған Би боласың деп сондай статус берген. Биназар батырдың зираты қазір Шу ауданында.
Ал, Мына жерді түсінбедім, Негізі Қазақ атауы Дулаттардың арғы атасы Үйсіндерде есімі "Қазақ" деген батыр кісі болған, Біздің Қазақ аталуымыз да сол себептен. Ал тарихты білгің келсе Мухаммед Хайдар Дулатидың жазған кітабын тауып оқы. Дулати деп ол өзін Дулатпын деп көрсетіп тұр. Бабыр да дулаттың баласы, сол бабыр бастаған жаһангерлер ғой үндістанды жаулап сол жақта қалды. Негізі дулаттар көп болды бірақ олар басқа елдерді басып алып сол жақтарда әмірлік еткен. Индияда Дулати деген сөздер содан пайда болды. Шынғысханның киносын көрсе Самарханда кімдер тұрғанын білесің ол жақта да Қаңылылар мекендеген, ол замандарда өзбек дегендер мүлдем болмаған, кіші жүз Қыпшақтар да сол жақта тұрған.
Қазақтар 1950 жылдарға дейін Киргиз (Киргизский АССР)болып аталып келгеніне не дейсіңдер. Сол кезде Ташкент, Жызақ, Шыршық, Алмалық, Самархандқа дейінгі жерді  мекендеген  Қоңыраттар,Қыпшақтар өзбекстан териториясына кіріп кетіп паспорттарына өзбек болып жазылып кеткен. Мен олардан сұрағанмын, не үшін қазақ болмайсыңдар деп, сода олар айтты- Біз өзбек болып жазылғанымызға қуанамыз дейді, қазақ атауының бізге қатысы жоқ дейді.
+1 дауыс
Жоңғарлар санын екі-үш есе артық көтсетіп жүр қазір
+1 дауыс
Өз тарихыңнан өзің жиренетіндей не болды Қазақ саған? Еш нәрсенің байыбына бармай жатып шулауды қою керек. Мұндай тарихтың атасы мен көкесі барлық ұлт пен халықтың тарихында бар. Солар өз артын өздері шұқып отыр ма? Жоқ! Леонид бастаған 300 спартандық парсыларды жеңді ме? Жоқ! Бар болғаны жолын бөгеді. Отаны үшін басын тікті. Олардың ерлігі бүкіл Грекияға рух беріп, жауға қарсы бірігуге сеп болды. Ал Орбұлақ шайқасына келсек Жәңгір хан 600 сарбазымен Батыр қоңтайшы бастаған 50000 жоңғарды ойсырата жеңген жоқ. Тек жолын бөгеп уақыт ұтты. Ал шайқас тағдырын Жалаңтөс баһадур басқарған қол шешкен. Бізге осының ара жігін ажыратып алу ғана қажет.
0 дауыс
Сан емес, сапа маңызды.
0 дауыс
Саналы оймен, даналықтың жемісі бұл.
+1 дауыс

Бұл болған оқиға, 600 әскер жеңген жоқ, тек ұстап тұрды. 10 мыңдайын қырды. айла тәсілмен, ұрымтал сәтті пайдаланды. ал, ертегі анау-мынау дейтіндер болса, далбасалай бермесін. шын соғыста адамның саны емес, рухы мен айла-тәсілі шешеді. Отырарды да 200 мың әскермен ала алмай қанша ай жатты. алты ай дейді, негізі алты ай емес, 1-2 ай ғана. 28 панфиловшыларды да өтірік деп жүр, негізі бар тарих, бірақ олар да тек ұстап тұрды ғой қосымша күш келгенше. совет заманында әскерде болған бір кісіден естідім, басы-қасында өзі болған, ол кезде де әлімжеттік болды дейді. сонда 2 қазақ жігіті 40 өзбекті ұстап тұрыпты, 2 неміске тиіскізбей, немістердің кінәсі жоқ екен, тек өзбектер болмайтын бір мәселе үшін ұрып кетпекші болған екен. сонда басқа немістер көмекке келгенше, 2 қазақтың осылай ұстап тұрғанын көріп таңқалған екен. айта берсе, мұндай ерліктер көп болған.

+1 дауыс
Бұл жағдайда уланған жебе саны көп болуы керек. Бұлай болған жағдайда оның иісінен сақтану мүмкіншілігі сенімсіз. Зерттеуді қажет етеді. Аты аталған шөптер ол жерде әлі өсіп жатқан болуы керек. тәжірибе жасау керек.
+1 дауыс
Осы зерттеу, тексеру,дәлелдеу деген сияқты бюрократиялық кедергілерге ұрынып қажеті не Қазақтар.? Өткен тарих өтті, кетті... Кімге, нені дәлелдемексіңдер? Бүкіл тарих дегенің  өтірік ойдан құрастылылады. Ең бастысы ұрпаққа отан  қорғауда, ұлттық намысты жоғары ұстауда тәліт-тәрбиелік маңызы болса болды емес пе? Отырар , отырар деп қақсауды қоймайсыңдар... Шыңғысхан туралы  Қытай сериалын  дұрыстап қайта қараңдар. Отырар билеушісі Қайырхан ба, әлде Қадырхан ба кім болса ол болсын Багдадский вор деп көрсетіледі. Шыңғысханның 500 адамдық керуенін тонап өлтіреді, тек бір ған адам аман қалып Шыңғысханға оқиғаны  жеткізеді. Ал Жалаладдин Индияға  қарай қашқанда оның ерлігіне риза болып,әрі қарай  қумайды. Осы кезде Жошы өлді деген хабар жетіп өзі  солтүстікке  бет  алады№ Егер Қаракеңгір өзені бойындағы  Жошыны  Шыңғысханның  баласы емес деп санамасаңдар, Сарыкеңгірдегің Алашахан деп  жүргеніміз, букіл Алаштың ұлы ханы Шыңғысханның өзі болып шықпай ма. Бұл жөнінде дәлелдерді,әрісі академиктер Сатпаев пен Әлкей Марғулан, Берісі  жазушы тарихшы Қуаныш Ахметов өз кітабында жазды емес пе? Ал енді орыс шовинистерінің сөздерін құп көріп, Шыңғысханды ең бірінші жау көріп, жаулап алушы ретінде бағаласаңдар, ұлы тарыхқа обал жасағандарың. Менің жеке пікірімше ол мемлекеттілікті қалыптастырушы ұлы реформатор, Ұлты қазіргіше айтсақ ҚАЗАҚ болып шығады.
Шыңғыс ханның шын есімі ТЕМІР (Темірші емес)

Нақтырақ айтқанда Темірдің (Шыңғыс ханның) руы "Жалайыр"(Жалайырдың шын есімі Мерке,Ұлы жүз)Мерке тайпасынан шыққан.Жалайырдан Манақ-Орақты-Андас-Ор-Онтұр-Бәкір-Ұзық-Тор-Көк-Бөгде-Қара-Бұрық-Кер-Құмыр-Бұрыл-Шамшы-Тілеуберді-Қашау-Досан-Тұрымтай(атақты шешен болған)-Тұмағұл-Дін-Баян-Есугей-Темір(Шыңғысхан).Ол кезде Моңғол,Қазақ атауы әлі қалыптаспаған(болмаған).Әр тайпаларды ру атымен атаған.

 Темірдің(Шыңғыс ханның) Жошы,Шағатай,Үгедей,Төле есімді төрт балалары болған.Темірді(Шынғысханды) алғаш ақ киізге салып төбелеріне Хан көтерген де Найман тауында(кейінірек Шыңғыс тау атанған)Дегелең төңірегіндегі Арғын,Алшын,Үйсін,Найман,Жалайырлар болатын.Бұл Хижра бойынша 605-ші жыл еді.

 Темірдің (Шыңғысханның) 500 000 әскері болды,әскерді бастағандарыдың көбі біздің түркілер қазақтар еді.Темірдің(Шыңғысханның) қолында Моңғолдар да болды,олар бары-жоғы 4500 адам ғана.32 000 татарлар да бар еді.Шыңғыс ханның жарты миллион соғыс қолы тегіс Түркі тілінде сөйлейтін,450 мыңдайы Арыстың бес баласының үрім-бұтақтары болатын.Шыңғыс сауаты жоқ адам болған,оның барлық шешімі,өкілі Ұран-Майқы мен Тоқы бидің құптауынсыз жүзеге аспады.  Шыңғысхан өте әділдікті ғана қолдайтын адам болды,әділетсіздікке жаны қас болды,әділетсіз шешім қабылдағандарды аяусыз жазалап отырған.Шыңғыс жер бетіне әділдік орнатуды көксеген,осы қазақ териториясының тұтастығын сақтаған.Ол жастайынан қара қытай басқыншыларына жаны қас болып өскен.Сондықтан қазақ даласындағы қалаларға қытайдың жымысқы тыңшылары барын естісе жермен жексен етіп қиратып тастайтын болған,бұның бәрі елін,жерін аман сақтау мақсатында іске асырған.

--------------------------------------------------------------------------

Темірдің(Шығыс ханның) арғы аталары:

1.Үйсін-Бай-Шора-Алым-Есен-Асау-Жүз-Дәу-Елсау-Нулы-Абыл-Қайыр-Бақ-Таң-Пәр-Мән-Майқы(Майқы би)-Ұзын-Сақ-Ал-Иба-Райым-Бармақ-Он-Тағар-Озбай-Оңбай-Егін-Азбан-Әшеке-Үйсіл-Сақал-Жан-Мерке(ЖАЛАЙЫР)-Манақ-Орақты-Андас-Ор-Онтұр-Бәкір-Ұзық-Тор-Көк-Бөгде-Қара-Бұрық-Кер-Құмыр-Бұрыл-Шамшы-Тілеуберді-Қашау-Досан-тұрымтай(атақты шешен болған)-Тұмағұл-Діл-Баян-ЕСУГЕЙ-ТЕМІР(Темірші),(Шыңғысхан)-Жошы,Шағатай,Үгедей,Төле.
0 дауыс
Орбұлақ шайқасы туралы кино түсірілсе ғой
0 дауыс
Ең соңғы екі адамның қолындағы балта мен тікендері бар екі аспапты шынымен қолдана мекен. Осы соғысушыларға таң қалам біреуді сол балтамен шабуға, айтуға да қорқынышты, қылышпен мойнын кесуге, олжа ретінде жауының кесілген басын өз басшысына əкеліп көрсетуге жүректері қалай дауалайд. Шынымен мықты болып жаратылған ау. Өлтірейн деп жатқан адамның бетіне қарап тұрып, қалай оп оңай өлтіре салад, іштей ештеңе сезінбеймекен сонда, дегенмен ол да өзі сияқты адамғой
0 дауыс
Орбұлақ оқиғасы тарихта болды ма, болды 600 қазақ Жоңғарларға төтеп берді ма берді. ендігі жерде кімге нені дәлелдемекшісіндер ол баяғы заманда өз уақытысында дәлелденген оқиға. Себебі бұл орбұлақ шайқасы жайлы Ресейдің, Қытайдың тарих жайлы "Қазақ жері жайлы" тарихшы жазушылары жазып дәлелдеп кеткен. Енді біздің дәлелдеуіміз керек емес, тек осы бабаларымыздың ерліктерін мақтанышпен айтып, өзіміздің келешек ұрпаққа осы оқиғанын болғанын жеткізу парыз.

Бабаларымыз бұл жеңіске қалай жеткеніне келсек бірлік пен арнамыстың асқар шыңына жеткендіктен осы шайқаста жеңіске жетпесе де, үлкен соққы беріп жауын әлсіреткен.

Автор: Жолшора Жасұлан

ARTLIST.KZ жарнама агенттігінің деректордың көмекшісі
0 дауыс
Алты жүз қазақтың 50 мың жоңғарды жеңгені аңыз ба, ақиқат па?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе жоқ (Н. Назарбаев).

Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Керісінше, ұлан-ғайыр өлкені көзінің қарашығындай сақтап, бізге жеткізген бабаларымыздың әлем алдында мақтана көрсететін ерлік істері ұшан-теңіз. Бір ғана Салқам Жәңгірдің Орбұлақ шайқасында 600 жауынгерімен жоңғардың жер қайысқан қарақұрым қолына қасқайып қарсы тұруы, бүгінде бүкіл әлем білетін 300 спартандықтың ерлігінен еш кем емес. Қайта, алты жүз қазақ сарбазы тірі қалу үшін күресіп, алдын ала өлімге бас тіккен сол спартандықтардан ақыл-парасатымен оқ бойы озды деуге тұрарлық. Әттеген-айы, сол артықшылықты өзіміз паш ете алмай жүргеніміз.

Иә, Салқам Жәңгір дүлей дауылға ақ найзаның ұшымен емес, ақыл-парасаттың күшімен қарсы тұрды. Соның арқасында аман қалып қана қоймай, жауын ойсырата жеңді. Әйтпесе, тау-тасқа бекінген аз ғана адамның 50 мың қарулы қолды кері шегіндіру былай тұрсын, 10 мың жауынгерін жер жастандыруы қай жағынан алып қарасаң да, ақылға қоныңқырамайды. Қазіргі заманның автоматымен де 10 мың адамды қырып салу оңай шаруа емес. Сонда Жәңгір ханның бұл ерлігі аңыз ба, ақиқат па? Бұл жердегі түйінді Жәңгір хан соғыс өнерін қаншалықты шеберлікпен қолдана білді деген сұрақтың жауабы ғана шеше алатын сияқты. Сонда Салқам Жәңгір қандай соғыс өнерін қолданған? Біршама деректерді (деректер тым аз) пайымдасақ, бұл қақтығыстың нағыз ақыл-парасат қақтығысы болғанына көз жеткіземіз. Сонымен, әңгімені басынан бастайық.

Қазақ тарихында Салқам Жәңгір туралы дерек тым аз сақталған. Тіпті оның қай жылы туғаны да әлі күнге белгісіз. Бір деректерде оның 1608 жылы туылғандығы айтылады. Қайтыс болған жылы да әр түрлі. Біреулер 1652 жылы соғыста қаза тапты десе, енді біреулер сол соғыста қатты жараланып, сал болып қалған, 1680 жылы өлген дейді. Салқам Жәңгір деп аталуы туралы да түрлі сөздер айтылуда. Бір ғалымдар Жәңгірдің бойы аласа, мол денелі болғандықтан «Салқам» аталды десе, екіншілері сал болып қалуымен байланыстарады. Үшінші тарап «Салқам» сөзін «еркетотай, бейбастақ» сөздерімен ұштастырады. Сондай-ақ, қазақта алқам-салқам деген де сөз бар, алайда бұл мағыналардың билікке ерте жасынан араласып, өзінің ержүректігімен, батырлығымен ел аузына іліккен Жәңгір ханға қатысы болуы мүмкін емес. Тағы бір деректерде «Салқам» сөзі «айбатты» деген мағынаны білдіреді деген пікірлер де бар.

Қазақ тарихында Еңсегей бойлы ер Есім атымен қалған Есім ханның баласы Жәңгір әкесінің тірі кезінде-ақ Қазақ хандығының шеткі ұлыстарын, нағашы атасы Әбдірақым хан билейтін Тұрфанмен шекаралас жерлерін басқарып жүрді. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында жазылғандай, бұл кезең қазақ-қалмақ арақатынасындағы аумалы-төкпелі, текетіреске толы жылдар болатын. 1620 жылдары 12 жасар Жәңгір қалмақ еліне қазақ елшілігінің құрамында барған. Төрт жыл өткен соң қазақ сұлтаны Есім мен шорастың тайшысы Қарақұл бірігіп, Ресей иелене бастаған Тары бекінісіне шабуыл жасайды. Осы сәтті пайдаланған ойраттың Байбағыс пен Далай тайшылары Есім сұлтанның еліне тиіседі, бірақ жеңіліс табады. Сол ұрыстарда жас Жәңгір өзінің қолбасшылық қабілетін байқатады.

Міне, осы тұста жоңғар-ойраттардың билік басына Батур хонтайшы  (Эрдени Батур хунтайджи - туылған жылы белгісіз, қайтыс болған жылы - 1654, кейбір деректерде 1660) келіп, бытыраңқы Жоңғар хандығын күшейте түседі. Ол әкесі Қарақұланың (Хара-Хула) саясатын жалғастырып, өзіне бағынғысы келмеген ойрат ақсүйектерінің қарсылығын басуға көп күш салды. Әбден әлденіп алған соң, яғни 1635 жылы Қазақ хандығына шапқыншылық ұйымдастырып, бейбіт жатқан қазақ ауылдарын қасіретке ұшыратты. Сөйтіп, жүз жылға созылған қазақ-жоңғар соғысының тұтануына түрткі болды. Осы шайқастардың бірінде Жәңгір жоңғарлардың қолына түсіп, жеті жылдай тұтқында болады. Тұтқында жүріп ол жоңғарлардың, соның ішінде Батур хонтайшының әскери тактикасын жақсы игеріп алады. Жеті жылдан кейін тұтқыннан қашып шығып, еліне оралып, Қазақ хандығының билігін қолына алды. Ал Батур хонтайшы бұл кезде Ресейге бірнеше рет елші жіберіп, онымен астыртын тіл табысуға тырысып жатқан. 1640 жылы қыркүйекте маньчжур шапқыншылығына тойтарыс беру, шашыраңқы ойрат қалмақтарының басын қосу және көшпелі өмірге негізделген заң ережелерін қабылдау мақсатында құрылтай өткізді. 1643 жылы 50 мың әскермен Жетісуға басып кірді. Дәл осы кезде Жәңгір хан Самарқан шаһарының билеушісі Жалаңтөс баһадүр 20 мың қолымен көмекке жеткенше, аз ғана адамымен қара нөпірдей лықсыған жоңғарларға қарсы шабуға бекінді.

Шайқастың нақты қай жерде болғаны туралы да ғалымдар пікірі әр түрлі. Қазақ шежірелерінде және халық аңыздарында соғыс жоңғар Алатауында, Орбұлақ деген жерде болған делінеді. Ал «Қазақстан» энциклопедиясында жазылғандай, М.Мағауин "Қазақ тарихының әліппесі" атты еңбегінде ойрат-халха шабуылының хронологиялық өрбу тізбегін, географиялық орналасу ретін негізге ала отырып, Орбұлақ шайқасы сол кезде Қазақ хандығының құрамына кірген өңірде, қазіргі Қырғыз Республикасының шегінде өтті дейді. Ш.Уәлихановтың "Ыстықкөлге сапар күнделігінде" (1961, 243-б.) қырғыз жерінің қазіргі Алматы облысының Райымбек ауданымен шектесер тұсындағы асудағы қолдан жасалған табиғи ескерткіш - Сантас үйіндісі туралы сипаттай келіп, оны қазақ-жоңғар соғысындағы елеулі бір оқиғамен, яғни қазақтардың жеңісімен байланыстырады. 1990 жылы жазушы Б.Нұржекеев Орбұлақ шайқасы қазіргі Алматы облысы Панфилов ауданының Белжайлау алабында өткендігі жөнінде дәлел ұсынды. 1993 жылы 3 шілдеде осы Белжайлау алабында ұлы жеңістің 350 жылдығына арналған той өткізілді. Ұрыс болған жердің атауы Орбұлақ, ал оқиға Орбұлақ шайқасы деп аталып, гранит тастан белгі қойылды.
0 дауыс
Матай Найман Маманның Тұрысбегі 1903 жылы 74 жасында дастан етіп қалдырған шежірені (Қытайдағы қазақ фольклоры.Қазақтың дала кітапханасын тауып оқыған болсаңыздар) Нұқ пайғамбардың кемесімен 3 ұл Хам, Сам, Япас аман қалады. Самнан Араб, Үнді, Ажам туады. Ажамнан Аннас сахаба туады. Аннас сахабаның бел баласы Жəбел. Майқы би Жəбелдің 7-ші ұрпағы. Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би. Бүкіл қазақтың түп атасы осы Майқы би. Үйсінге қиыстырып тығатындай ешбір қисын жоқ.
0 дауыс
неге қазақтар теқ қана қорғана берген?
...