0 дауыс
20.3k көрілді
Аға іні жайлы мақал-мәтелдер болса жазып жіберіңіздер! Алдын-ала рахмет!

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Аға адасса іні із кеседі.

Аға алдында арсыз іні сөйлейді.

Аға алдында пейілінді көрсет,
Іні алдында мейірінді көрсет.

Аға әдепті болса іні әдепті,
Апа әдепті болса сіңлі әдепті.

Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт.

Аға — бор, іні — тас.

Ағадан ақыл, атадан нақыл.

Ағадан ақыл, ініден ізет.

Ағадан қалғанды іні киіп өседі,
Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі — көргендерін бойына түйіп өседі.

Аға еңбекпен көркем,
Бала біліммен көркем.

Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңлі өсер.

Ағаның үйі ақ жайлау.

Аға өлсе жеңге мұра,
Іні өлсе келін мұра.

Ағасы ақылдының ауылы азбайды,
Жеңгесі шебердің жеңі тозбайды.

Ағасына қарай інісі,
Апасына қарай сіңлісі.

Ағасы ұрар болар,
інісі тұтар болар.

Аға ініге ұстаз,
Апа сіңліге ұстаз.

Аға ішкен бұлақтан інісі де су ішеді.

Ардагер аға алдында тұрсын, Әдепті іні артында тұрсын.

Арттағыны қозғау — ағалық, Алдағыны болжау — даналық.

Асыл аға, алғыр іні.

Ел ағасыз болмас,
көл жағасыз болмас.

Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.
–1 дауыс
Жағасы бардың ағасы бар)
0 дауыс
"Ағасы бардың, жағасы бар" дегенді біледі екенмін.
0 дауыс
ағасы бардың жағасы бар,                                                                                                           інісі бардың тынысы бар.                                                                                                              деген макалды ұмытып кетіп сіздер

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...