Теңгенің құлдырауы-қазақстандық өндіріс пен өнеркәсіпке пайдалы, теңгенің құлдырауы-Ресейлік, Өзбекстандық, Қытайлық өндіріс пен өнеркәсіп үшін зиянды. Бұл - тілі шықпаған бала да біледі, бұны ең надан ақымақ та білетін шындық. Мысалы, Сіз-қазақстандық тауар өндірушісіз, сүт және ет өнімдерін өндіріп, Қазақстандық және Ресейлік нарыққа шығарып сатасыз. Енді Ресей рублі арзандап, Сіздің басыңызға қара бұлт төнді, Сіздің тауарларыңыз қымбат теңгенің кесірінен өзіндік құны қымбат болып шықты да, Сіздің қымбат өнімдеріңізді ешкім де сатып алмайтын болып шықты, бәрі қазіргі кезде арзан ресейлік сүт және ет өнімдерін сатып алып жатыр. Енді Сіздің өндірісіңіз жабылып қалады, енді кімге зиян, одан әрі қарапайым халық пен Үкіметке зиян-Сіздің өндірісте жұмыс жасайтын 500 адам жұмыссыз қалады, яғни 500 қазақ (2 мың жанұя) тауып отырған табысынан қағылады, сосын Үкіметке Сіздің және қысқарғандардың тарапынан бюджеттік салықтар түспейді. Одан әрі зейнеткерлер мен бюджеттік қызметкерлерге қиын. Сіз сияқты мыңдаған шағын кәсіпорындар жабылып, жүздеген мың қазақ жұмыссыз қалады да, олардан енді Үкіметке салық түспегесін, ол енді жалақы мен зейнетақыны, жәлдемақыларды қысқартуға мәжбүр болады. Теңге қымбат болған сайын, елде жұмыссыздық көбейеді, Үкіметке салық түспейді, бюджеттегі жалақы мен зейнетақы қысқарады. Жұмыссыз қалатын кімдер - әрине, осы қымбат теңгенің кесірінен жабылып қалған кәсіпорындарда жұмыс істеген жастар. Осы жастар енді қайтеді, жұмыссыз қалғандар әлеуметтік шиеленіс тудырады, әртүрлі жолдармен ақша табуды ойлап, қылмыскерлік күшейеді. Жастар арасында жұмыссыздық жоғары болған сайын-елде қылмыс та жоғары болады. Яғни, теңге қымбат болған сайын-елде әлеуметтік шиеленіс артып, қылмыскерлік ошақтары және теріс ағымдарға ілесуші жастар көбейе береді. Сосын жұмыссыз жүрген жастар үйленбейді, үй салмақ түгілі үй жалдап тұратын да ақшасы жоқ. Елде жұмыссыздық жоғары болған сайын үйленудің және бала табудың коэффициенті де төмен болады. Яғни теңге қымбат болған сайын - қазақ халқының жұмыспен қамьылуы және халық санының артуы төмендей береді.6-шы сонда Ресейдің арзан тауарын (автокөлік, жиһаз, тұрмыстық техника) алып жеңілдеп қаласың, ақырында ол-өзіңнің балаларыңның жұмыссыз тентіреп жүруіне және Сіздің зейнетақыңыз бен жалақыңыздың төмен болуына әкеліп соқтырады.