Толық атауы "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы
Қысқартылған атауы "Қазақстан қор биржасы" АҚ
Аббревиатурасы KASE
Заңды тұлға түрі Коммерциялық ұйым
Ұйымдастырушылық-құқықтық формасы Акционерлік қоғам
Мекен-жайы Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-ші қабат.
Тіркелген мекен-жайы Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-ші қабат.
Пошталық мекен-жайы Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы, а/ж 140
Эл. пошта
[email protected],
[email protected]
Телефондары (+7 727) 237 53 00, 237 53 11
Факс (+7 727) 296 64 02
Ресми сайты www.kase.kz
Телекс 612748 KICEX RU
SWIFT BIC KICE KZ KX
КҰЖК коды 30088469
БСН 931240000220
СТН 600200049149
Бастапқы мемлекеттік тіркеудің күні мен нөмірі 30 желтоқсан 1993 жыл, № 3980
Бастапқы мемлекеттік
тіркеу органы Алматы қ. Алатау аудандық әкімшілігі
Соңғы қайта тіркеудің күні мен нөмірі 07 қаңтар 2004 жыл, № 1952-1910-01-АО
Соңғы қайта тіркеу органы Алматы қ. Әділет Басқармасы
Қолданыстағы лицензиялары Бағалы қағаздар нарығында қызмет етуге берілген 2012 жылдың 19 шілдесіндегі № 4.2.3/1 лицензия. Лицензия бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын береді:
бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметі;
бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі.
2012 жылдың 29 маусымындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің ұлттық және шетелдік валютада банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін № 5.3.3 лицензиясы. Лицензия келесідей банктік операцияларды жүргізуге құқық береді:
банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
ақша аудару операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлем жасау және ақша аудару бойынша өкімдерін орындау;
заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу.
Алдындағы танымал атаулары 1993 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 1994 жылдың 03 наурызына дейін – "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" акционерлік қоғамы
1994 жылдың 03 наурызынан бастап 1995 жылдың 12 шілдесіне дейін – "Қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасы" акционерлік қоғамы
1995 жылдың 12 шілдесінен бастап 1996 жылдың 12 сәуіріне дейін – "Қазақстандық банкаралық валюта-қор биржасы" акционерлік қоғамы
1996 жылдың 12 сәуірінен бастап 1997 жылдың 06 наурызына дейін – "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы
1997 жылдың 06 наурызынан бастап 2004 жылдың 07 қапңтарына дейін – "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамы
2015 жылдың 01 қыркүйегінде төленген жарғылық капиталы 2 366 256 мың теңге
2015 жылдың 01 шілдесіндегі меншікті капиталы 5 560 658,35 мың теңге
Шығарылған акциялар саны 5 000 000
2015 жылдың 01 қыркүйегінде орналастырылған акциялардың саны 942 013
Шығарылған акциялардың түрі Жай
Басқару принциптері Акционерлер "бір акция - бір дауыс" принципі бойынша дауыс беруге құқылы
Саудаланатын қаржы құралдары Беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Репо нарығының құралдары
Шетел валюталары
Мерзімдік келісімшарттар
2015 жылдың 01 қыркүйегінде санаттар бойынша биржа мүшелерінің саны "Қор" санаты (Биржада айналысқа (сауда-саттыққа) жіберілген, бағалы қағаздардың сауда-саттығына қатысу құқығымен) – 48
"Валюталық" санат (шетел валюталарының сауда-саттығына қатысу құқығымен) – 31
"Деривативтер" (өндірістік қаржы құралдардың биржалық сауда-саттығына қатысу құқығымен) – 16
2015 жылдың 01 қыркүйегінде биржа мүшелерінің жалпы саны 53
Сауда-саттық өткізудің негізгі әдісі Ашық сауда-саттық әдісі
Есептеулердің қысқаша сипаттамасы (толығырақ ақпараттар сайттың "KASE ережелері" бөлімінде) Беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:Т+0 шартында "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) арқылы
Мемлекеттік бағалы қағаздар: Т+0 шартында "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) арқылы.
Шетел валюталары: TOD, TOM, SPOT шартында теңгемен – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі биржаның корреспонденттік есеп-шоттары арқылы; шетел валюталарымен – шетел банк-корреспонденттері арқылы.
Тарихи анықтама
1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы уақиғадан кейін екінші күні – 1993 жылдың 17 қарашасында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және жиырма үш жетекші қазақстандық коммерциялық банктарымен бірлесе отырып, валюталық биржаны ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады. Осыға дейін қызмет еткен Валюталық операцияларды өткізу орталығы (Валюталық биржа) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшесі болған. Жаңа биржаның алдына қойылған мақсаты – теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюталық нарықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады. Заңды тұлға ретінде биржа 1993 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді.
Осылайша қазіргі Қазақстан қор биржасы ұйымдастырылған, ал 17 қараша – оның туған күні болып саналады.
1994 жылдың 03 наурызында, биржаның атауын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты, биржа "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен қайта тіркелді.
Алғашқы екі жыл бойы жаңа құрылған биржа тек шетел валюталарының сауда-саттығын ұйымдастырумен айналысты. 1994 жылдың тамызынан бастап Биржалық кеңес Биржа Басқармасына бағалы қағаздар нарығында биржалық қызметін дамыту мәселесі бойынша сұрақтарды пысықтауды тапсырды, ал биржаның әрі қарай қызметінің бағытталуын белгілеу мақсатында акционерлердің жалпы жиналысы шешімімен биржаның атауы "Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасы" (тіркелген жазуы – "ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ ВАЛЮТА-ҚОР БИРЖАСЫ"). Жаңа атаумен биржа 1995 жылдың 12 шілдесінде қайта тіркелді.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылдың 03 қазанындағы № 1099 қаулысымен бекітілген, бағалы қағаздарды шығару және айналысқа жіберу және қор биржасы туралы Уақытша қағидасын қабылдауға байланысты, қор биржасының қызметі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігімен лицензиялануға жататын болды (осыға дейін 1991 жылдың 11 маусымындағы "Қазақ ССР бағалы қағаздардың айналыста болуы және қор биржасы туралы" Қазақ ССР заңы бойынша қор биржасы тек Республика қаржы министрлігінде тіркеуден өтеуі тиіс болған). Сондай-ақ, қор биржасы ретінде қызметті жүзеге асыруға лицензия алу қажеттілігі туралы 1995 жылдың 21 сәуіріндегі "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар өкімінде де көрсетілген. Бұл ретте, лицензиардың функциясы Қаржы Министрлігінен алынып, жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясына берілді.
1995 жылдың 02 қазанында биржа бағалы қағаздардың нарығында биржалық қызметті жүзеге асыруға № 1 лицензиясын алды, бірақ осы лицензия тек мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыру құқығымен шектелетін. Мемлекеттік бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығы 1995 жылдың 14 қарашасында өткізілді. Сол кезде түрлі себептерге байланысты мемлекеттің борыштық міндеттемелер нарығындағы биржалық сегменттің үлесі шағын болатын, мемлекеттік облигациялардың сауда-саттығы эпизодтық, тұрақсыз сипатта болғандықтан, бір жылдан соң – 1996 жылдың 20 қыркүйегінде биржа осы бағалы қағаздардың сауда-саттығын тоқтатуға мәжбүр болды. Мемлекеттің борыштық міндеттемелерінің биржалық нарығы тек 1998 жылы Қазақтанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілгеннен кейін ғана белсендіріле бастады.
Қазақстан Республикасы Президентінің аталмыш өкімінде қор биржасына тауарлық биржа қызметтерін атқаруға тыйым салынуына байланысты, биржа лицензиарының талабы бойынша биржаның атауы өзгертіліп, оның атауынан валюталық құраушысы алынды. 1996 жылдың 12 сәуірінде биржа "Қазақстан қор биржасы" деген атаумен қайта тіркелді, ал сол жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы биржаға бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыруға шектелмеген лицензиясын берді.
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығын дамыту бағытында жұмсалған күш-жігермен қатар, биржа мерзімдік нарықты дамыту бойынша жұмыстар өткізді. 1996 жылдың басында мерзімдік келісімшарттардың биржалық нарығын реттейтін нормативтік базасын құру жұмыстары жүзеге асырылды. Өкінішке орай, осы нарықты ашу бойынша алғашқы ұмтылыстар табысты болмады, сондықтан 1998 жылдың ақпан айында мерзімдік келісімшарттардың сауда-саттығы тоқтатылды. Нарықтың осы секторын қайта жаңғырту тек 1999 жылдың наурыз айында ғана мүмкін болды.
1997 жылдың 05 наурызындағы Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" жаңа заңы қор биржасының қызметін тек бағалы қағаздармен шектейтініне байланысты, биржа акционерлерінің жалпы жиналысы 1997 жылдың сәуірінде "Алматы қаржы құралдарының биржасы" ЖАҚ (AFINEX) жеке заңды тұлғасын бөліп шығару арқылы биржаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, осы ұйым 1997 жылдың 30 шілдесінде тіркелген. Сол жылдың 01 қыркүйегінен бастап AFINEX сауда алаңына шетел валюталарының және мерзімдік келісімшарттардың сауда-саттығы ауыстырылды. Ал Қазақстан қор биржасы 1997 жылдың 03 шілдесінде бұрыңғы атауымен қайта тіркеуден өтті де, сол жылдың 19 қыркүйегінде беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын өткізді.
1998 жыл мемлекеттік бағалы қағаздардың биржалық сауда-саттығы қайта басталуымен көзге түсті, оған себеп – заңнама талаптарына сәйкес активтерді тек ұйымдастырылған қор нарығында ғана пайдалануға міндетті, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жаңа тобы ретінде зейнетақылық активтерді басқару жөніндегі компаниялардың пайда болуы. Сол жылы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының көмегімен елімізде Қазақстан Республикасының тәуелсіз еурооблигацияларының ұйымдастырылған қайталама нарығы құрылды. Осы еурооблигациялардың биржадағы бірінші сауда-саттығы 1998 жылдың 19 қазанында өткізілді. Сол жылдың 15 шілдесінен бастап биржа баға белгілеу сауда-саттық жүйесін қолданысқа енгізді, соның көмегімен Қазақстанда биржадан тыс баға белгілеу ұйымын құру мәселесі де шешілді.
1999 жылдан бастап корпоративтік облигациялардың биржалық нарығының дамуы басталды, осы облигациялардың алғашқылары биржаның ресми тізіміне 1999 жылдың 01 ақпанынан бастап енгізілді. Сондай-ақ, 1999 жыл мемлекеттік бағалы қағаздарды репо операцияларының биржалық секторында алғашқы рет саудалануымен және муниципалдық облигациялардың орналастырылуымен ерекшеленді.
Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылдың 10 маусымындағы заңы өз күшіне енуімен қоса, қор биржасының қызметіне шетел валюталарының және бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдардың сауда-саттығын ұйымдастыруға салынған тыйым жойылып, AFINEX пен Қазақстан қор биржасы біріктіруге мүмкіндік берді. Осы туралы шешімді акционерлердің 1999 жылдың 06 қаңтарында өткен жалпы жиналысы қабылдады, ал сол жылдың 16 наурызында біріктірілген биржаның тиісті мемлекеттік қайта тіркеуі жүзеге асырылды.
2007 жылдың 07 қаңтарынан батап Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы оратылығының қызметін реттеу жөніндегі Агенттіктің (ҚҚА АӨҚО) 2006 жылдың 15 желтоқсанында өз күшіне енген № 74 бұйрығына сәйкес биржа АӨҚО арнайы сауда-саттық алаңының операторы ретінде белгіленіп, алғашқы сауда-саттық 2007 жылдың 27 ақпанында өткізілді.
2007 жылдың 21 шілдесіндегі "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының заңшығарушы актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңы 2007 жылдың 08 тамызынан бастап өз күшіне енген сәттен бастап биржа коммерциялық емес ұйым мәртебесінен айырылып, кез келген мүдделі тұлғалар оның акцияларын сатып алу құқығына ие болды (осының алдында биржаның акционерлер тұлғаларының шеңбері заңмен тек бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысуышсы болып табылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыруға құқылы, басқа да ұйымдармен шектелген).
Осы күннен бастап биржа акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру принципі өзгертілді ("бір акционер – бір дауыс"-тың орнына – "бір акция – бір дауыс") және бір акционерге, оның аффилиирленген тұлғараларымен қоса, тиесілі биржа акцияларының максималды санына шектеу енгізілді. Бұл шектеу ҚҚА АӨҚО басқа (мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы ҚҚА АӨҚО тиесілі) биржаның кез келген акционері үшін биржаның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 20 % құрайды (осы кезде аталмыш ұйым биржаның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 13,75 % иеленген).
2007 жылдың 23 тамызында өткен биржа акционерлерінің жалпы жиналысы биржа тарихындағы алғашқы, 2007 жылдың 26 шілдесінде өткен Биржалық кеңеспен алдын ала мақұлданған, 2007–2010 жылдарға арналған биржаның даму стратегиясын бекітті.
2011–2013 жылдарға арналған биржаның даму стратегиясы Биржалық кеңеспен 2011 жылдың 24 ақпанында мақұлданды.
Осы күнде биржа әмбебап қаржы нарығы болып табылады, оны шартты түрде бес негізгі секторларға бөлуге болады: шетел валюталарының нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздардың нарығы, акциялар мен корпоративтік облигациялардың нарығы, репо операцияларының нарығы, деривативтер нарығы.