0 дауыс
5.4k көрілді
Биржа деген не? Осы биржа деген нәрсеге ставка немесе қомақты ақша аударып байып шыға кепті дейді-мыс.

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Білуімше, букмекер системасына ұқсайды.

Өте үлкен қаражаттар ойнатылады. Очм, іріп концерн, компанияның бюджетін ставкаға салып жіберіп, компанияны банкротқа отырғызып алатындар да, бірнеше есе үлкен қаражат ұтып кететіндер де бар.

Әрине, бұны ойнау үшін де біраз экономикалық, рисктік білім керек, әйтпесе ұтылу ықтималдығы жоғары.

Қарапайым шарты осыған келеді: доллар көтерілгенде теңгемен сатып жіберіп, арзандаған кезде сатып аласыз. Бірақ бұларды болжау керек. Болжау үшін негіз, негіз тудыру үшін білім керек болып тұр ғой. )))
0 дауыс

Нуржол өтірік айтпа, сен биржа туралы ештеңе білмейді екенсің.

Білсеңіз бөлісіңіз.
0 дауыс
Экономикаға қатысты тақырып.
+1 дауыс

Биржа деген сатушылар мен сатып алушылар арасында сауда өткізетін жер. Бұрын биржа деп сауда (айырбас) жасайтын жерді немесе ғимаратты айтқан. Ол кездегі сауда келісімдері ауызша немесе көзбе-көз жасалған. Қазір- компьютерлік технологиялар дамыған кезде, биржаларға барып сауда жасау міндетті емес. Сауданы интернет арқылы үйіңізде немесе офисте отырып-ақ жасай беруге болады. Биржа сауда-айырбас операцияларын ұйымдастырып, өткізетін жер. Биржалар қазір-тек сауда жасайтын ғимарат қана емес. Қазіргі биржа-сол биржа орналасқан ғимараттан да, интернет арқылы-алыстан да сауда немесе айырбас жасауды өткізетін заңды тұлға.

 Биржа сөзінің шығуы туралы әртүрлі ақпарат бар. Оның бірі-латын тілінен шыққан, аудармасы-қапшық немесе әмиян (кошелек). Екіншісі-алғашқы биржа орта ғасырлық Голландияның Брюгге қаласында пайда болған деген ақпарат. Қазір ол қала (Брюгге), Бельгияның ең басты қалаларының бірі. Сол кезде осы қаладағы атақты саудагер Ван Дер Берзе өз үйінің алдында әртүрлі айырбас, сауда жасаған және осы жерге көптеген саудагерлер жиналып, алып-сатумен айналысқан. Бұл қазіргі биржа атауы осы адамның атымен (фамилиясымен) байланысты деген пікір. Бірақ ең алғашқы ресми түрдегі биржа 1608 жылы Голландияның Амстердам қаласында ашылды. Және қазіргі уақыттағы жұмыс істеп жатқан биржалардың ішінде ең алғашқы ашылғаны болып саналатыны да осы биржа. Ол кезде қызғалдақ (тюльпан) гүлінің Европаға жаңадан әкелініп, ол үлкен сұранысқа ие болып тұрған кезі. Қызғалдақ (жауқазын) гүлін тек ақсүйектер ғана ала алатын болған. Сол қызғалдақтың бір түйір тамырының құны (луковица), екі ат жегілген күйменің құнына тең болған. Осы гүлдер де сол кездегі биржалар арқылы сатылған. Ал ол қызғалдақ біздің Қазақ Даласынан шыққаны қазір әлемге белгілі.

  Қазіргі кезде биржалардың түрі өте көп. Солардың ең бастылары: шикізат-товар биржасы, қор биржасы, валюта биржасы. Әр дамыған елдің өз товарлық немесе қор биржасы бар. Сонымен қатар әлемге әйгілі, өте үлкен биржалар бар. Олар: NYSE-Нью-Йорк қор биржасы, CME-Чикаго товар биржасы, NASDAQ-жоғары технологиялық компаниялардың акциялары саудаланатын биржа, AMEX-Америка қор биржасы, т.б.      Осылардың бәрінен де үлкені-сөткесіне 3-5 триллион доллар қаражатты айналдыратын биржа-ол: FOREX. Foreign Exchenge-ағылшын тілінен аударғанда: халықаралық айырбас деген мағына береді. Әрине валюта айырбастау. Форексті толыққанды биржа деп айтуға келмейді, өйткені оның белгілі орналасқан жері немесе ғимараты жоқ. Ол белгілі бір ұжым-компания немесе заңды тұлға емес. Сауда-саттық тек электронды түрде ғана жасалады. Форексті Банк аралық биржа деп те атайды, өйткені әлемдегі барлық мемлекеттердің Ұлттық немесе орталық банктері өздеріне керекті валюта түрлерін (доллар, евро, фунт, иена, франк және т.б.) осы Форекс арқылы сатып ала алады. Немесе сатуына болады. Форексте ұлттық, коммерциялық немесе инвестициялық банктермен қатар кез-келген адам (жеке тұлға) да сауда жасай алады. Оларды Трейдер (Trader) деп атайды. Жеке адамдар қазіргі кезде тек Форексте ғана емес, жоғарыда айтылған биржалардың бәрінде сауда жасай алады. Тек оларға кіріп сауда жасау үшін қомақты қаржы керек. Ал Форексте 100 долларыңыз болса, сол ақшамен де сауда жасап пайда табуыңызға болады. Кейбір брокерлерде тіпті 50 доллардан бастауға да болады. Бірақ, биржадағы сауда тек қана көп пайда табу ғана емес, сонымен қатар салған ақшаңызды жоғалтып алу қаупі бар үлкен тәуекел. (Кез-келген саудадағы сияқты). Биржадағы негізгі қағида: арзан алып-қымбат сат!  Егер бәрін дұрыс жасап, биржада сауда жасауды үйренсеңіз, әрине, мол ақша табуға болады. Ол үшін шыдам, білім, табандылық, ерік, жігер сияқты көп қасиеттер болу керек адамның бойында. Осы қасиеттер бойыңызда болып, соларды дұрыс қолдансаңыз, әрине табысқа жетіп, мол ақша табуға болады.Биржадағы сауданы "жеңіл ақша табудың-қиын жолы" деп те айтады. Әрине әзіл де бар, бірақ дөп басып айтылған сөз.

  Қазіргі кезде биржа саудасы, немесе ТРЕЙДИНГ, Ресей, Украина сияқты көрші елдерде (жалпы дүние жүзі десе де болады) қатты дамыған. Трейдингпен айналысатын адамдар да көп ол елдерде. Тек біздің елде ол дұрыс дамымай қалған. Көбісі біле де бермейді. Биржалық трейдинг арқылы миллионер болған адамдар да жетерлік. Солардың ең атақтылары: Джордж Сорос, Уоррен Баффет (трейдерден гөрі биржалық инвестор деуге болады), Насиб Талеб, Ларри Вильямс, Линда Брэдфорд Рашке, Джесси Ливермор, Эд Сейкота, Марк Даглас және басқалары. Осылардың көбісі осы күні де трейдингпен айналысады.

  Биржалық трейдингтің беретін мүмкіндіктері өте көп. Тек мүмкіндік қана емес тәуекел (риск) де жетерлік бұл істе. Осы іспен айналысам деген адамда жоғарыда айтылған талаптарға сәйкестік, аздаған ақша, компьютер және интернет болса-сол адам кез-келген уақытта трейдингпен айналысып кетуіне болады. Тек жасыңыз 18-ден жоғары болуы керек. 

  P.S. Ең басты айта кететін нәрсе: биржалық сауданың букмейкерлік кеңселерге еш қатысы жоқ. Букмейкерлік жүйеде тек бәс тігу арқылы ғана пайда табуға болады, ол биржаның қасында мұхиттағы тамшыға тең.  Ал биржада тек табанды еңбекпен ғана пайда таба аласыз. (Бағы жанып, кездейсоқ табыс табуға  да болады, әрине. Бірақ ондай жағдайлар өте сирек кездеседі, және ондай табысқа кенелген адам әдетте өзінің осыдан кейінгі трейдингте жіберген қателіктерінің нәтижесінде бар табысынан қайта айырылуы мүмкін). Және биржалар арқылы дүниежүзілік экономиканың флагмандарының (Toyota, Airbus, IBM, Sony, Apple, Samsung, Facebook, Twitter т.б.) акциялары саудаға түседі. Биржалар, дамыған елдерде, экономикаға тигізер ықпалы өте зор. Сондықтан, биржаларды, сол биржаның қасында ұсақ бизнес түрі боп қалатын "букмейкерлік кеңселермен" салыстыру өте орынсыз.

  

0 дауыс
рисккккккккккккккккккккккккккккккккккк
0 дауыс
Қандай биржа керек ?
Әртүрліғой , фондовый рынок акция сататын ,форекс валютный пара , криптовалютный рынок.

Форекс пен фондовый рынок перегрето , криптовалютаны үйреніндер . Криптовалютада табыс табамын . Терең үйреніп сабақ алғандар жақсы табыс табуда . Переспективасы жоғары монеталарды нарыққа дейін сатып алудамын . Нарыққа шыққанда 10есе одан жоғары сатамыз
...