Талап-арыз сотқа жазбашаны санда не электрондық құжат нысанында беріледі.
Арызда:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) талап қоюшының атауы, оның ту-ған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер немесе егер талап қою-шы ұйым болса, оның тұрған жері, сәйкестендiру нөмiрi мен банктік реквизит-
тері, сондай-ақ егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекенжайы, бұдан басқа, егер олар бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланыстың абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер;
3) жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, оның тұрғылықты немесе болатын жері, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (егер олар бар болса), сондай-ақ қосымша сәйкестендіру нөмірі, электрондық мекенжайы, егер бұл деректер талапкерге белгілі болса;
4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер;
6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;
7) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Арызға талап қоюшы немесе талап- арызға қол қоюға және оны ұсынуға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды.
Арыз электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкілеттігі болған кезде талап арыз өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Талап арызға:
1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі;
2) мемлекеттік баж төлеуді растайын құжат;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
4) талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері;
6) оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні;
7) талапкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету туралы өтініші және олар талап-арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі.
Электрондық құжат нысанында берілетін талап арызға осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.
Бұл ретте, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлемді жүзеге асыруды куәландыратын электрондық құжат мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын құжат болып табылады.