0 дауыс
334 көрілді
Мен өзімнің бақшамнан ескі күміс тең­гелерді тауып алдым. Заң бойынша олжа кім­ге тиесілі екенін білгім келеді?

2 жауап

0 дауыс
Тапқан - тапқандікі, ешкі - баққандікі.
+2 дауыс

Мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының мен­шiгiне берiлуге тиiс.

Қазақстан Республикасының Аза­маттық кодексінің 247-бабына сәйкес

«1. Көмбе, яғни жерге көмiлген немесе басқа әдiспен жасырылған, меншiк иесiн анықтау мүмкiн болмайтын, не Қазақ­стан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға құқығынан айырылған ақша не­месе өзге де бағалы заттар көмбе жасырыл­ған жер учаскесi меншік иесінің немесе қоз­ғалмайтын затты меншiктенушiнiң және көмбенi тапқан адамның, егер олар­дың арасындағы шартта өзгеше белгiлен­бесе, меншiгiне тең мөлшерде түседi.

Көмбе жасырылған жер учаскесiн пай­даланушының (жер пайдаланушының) не­месе жылжымайтын затты меншiкте­ну­шiнiң келiсiмiнсiз қазған немесе бағалы заттар iздестiрген адам көмбенi тауып ал­ған жағдайда көмбе меншiк иесiне берi­луге тиiс.

 2. Мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының мен­шiгiне берiлуге тиiс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесінің меншік иесі немесе қозғалмайтын мүлiктi мен­шiктенушi және көмбенi тапқан адам осы көмбе құнының елу процентi мөлшерiнде сыйақы алуға құқылы. Сыйақы бұл адам­дар арасында осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер қолданыла отырып бө­лiнедi.»

Сіздің жағдайыңызда көрсетілген бап­тың 2 тармағы қолданылады, оған сәйкес Сізбен табылған олжаның құнының елу пайызы мөлшеріндегі сыйақыны алуға құқылы боласыз.

...