0 дауыс
4.0k көрілді
NFC деген қандай технология? Смартфонда бар екен.

1 жауап

0 дауыс

nfc

Жиі көшеге қолыңа бір смартфонды ғана ұстап шыға салып, кейіннен жолай дүкенге кіру, бір жерге барып келу қажеттілігі туындап қалады, бұл жағдайда  әмианыңды алу үшін үйге оралу керек. NFC-чипі бар смартфонды пайдалана отырып, бұл жүгірістен құтылуға болады. Бүгінгі таңда таңсық емес осындай жаңа технологияны пайдалану мүмкіндіктері жеткілікті деңгейде ойластырылған және олардың басым бөлігі төлем жүргізуді жеделдетуге, олардың ыңғайлылығын арттыруға бағытталған. NFC дегеніміз не және осы технологияның келешегі қандай?

NFC аббревиатурасы Near Field Communication дегенді білдіреді, бұл ағылшын тілінен «жақын радиустан әрекет ететін коммуникациялар» деп аударылады. Әрине, осын-дай қысқаша түсініктеме технологияның мәнін толық аша қоймайды, сондықтан теория мен терминологияға тереңірек үңіліп көрелік. NFC бір-біріне жақын арақашықтықта орналасқан құрылғылардың сымсыз өзара әрекет ету техно-логиясы болып табылады. NFC жұмыс схемасы өз тамырын белгілі RFID (Radio Frequency Identification — «радиожиілікті сәйкестендіру») технологиясынан алады, бұл технология өте ұқсас және арнайы белгілерде сақталатын деректерді оқитын немесе жазатын радио белгілер арқылы нысандарды автомат-ты сәйкестендіру әдісі болып табылады. Дәл RFID-белгілерді біз жиі өз-өзіне қызмет көрсету жүйесі енгізілген аудио-, видео-CD жүйелері енгізілген дүкендердегі өнімдерден көре аламыз.

2003 жылдың желтоқсан айында мақұлданған NFC стандарты деректерді берудің 0,8 Мб/с дейінгі жоғары жылдамдығына ие, бұл ретте құрылғылар арасында қосылыс орнатуға ең көбі 0,1 секунд кетеді. Құрылғылар арасындағы ең алшақ арақашықтық 20 см-ге дейін жетеді, бірақ әдетте 10 см-ден аспайды. 2004 жылғы 18 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін тұрмыстық электроника құрылғыларындағы NFC-ді әзірлеумен және дамытумен NFC Forum коммерциялық қауымдастығы шұғылданып келеді. Оның негізін салушар NXP Semiconductors, Sony және Nokia болса, 2011 жылдың наурызында NFC Forum-ға озық қатысушысы ретінде Google де қосылды. Бүгінгі таңда осы технологияны дамытуға және енгізуге Samsung, MasterCard, Philips, HTC, VivoTech, DeviceFidelity және басқа да компаниялар қатысып отыр.

Сарапшылардың болжамдары бойынша 2014 жылға қарай әрбір бесінші смартфон NFC технологиясын қолданады.Осы жылдың басында NXP Semiconductors өкілдері мәлімдегендей кемінде 15 ірі OEM-өндіруші қазіргі кезде осы стандартты ұстанатын телефондар мен планшеттердің 130-дан астам үлгісін әзірлеу үстінде, ал 2011 жылы NFC-чиптері орнатылған шамамен 40 млн. смартфон тиелді, ол жалпы жеткізу көлемінің шамамен 10% құрайды. Сондықтан пайдаланушылардың басым бөлігі өз қалтасында NFC-чипімен жасақталған смартфонның барын білмеуі де мүмкін. Қазақстанда сатуға түскен смартфондардың мынадай барынша танымал үлгілерінің тізімін келтірейін: Google Galaxy Nexus, Google Nexus S, HTC Incredible, HTC Ruby, Nokia 603, Nokia 700, Nokia 701, Nokia С7, Nokia N9, Nokia Oro, LG Prada, Samsung Galaxy Note, Samsung Galaxy SII, Sony Xperia S. Сіздің қолыңызда осы смартфондардың бірі болса, сіз осы технологияны өз мақсатыңызда қазір-ақ пайдалана аласыз. Осылайша, мыса-лы NFC технологиясын ұстанатын Nokia смартфондарының иегерлері фирмалық гарнитуры, колонкалары бар өз құрылғыларын оған бір ғана жанасу арқылы синхрондай алады. Windows Phone 7, Windows Phone 8, Windows 8 базасы негізінде смартфондар мен планшеттерге NFC-чиптерін енгізу мүмкіндігі туралы софтвердік алып компания Microsoft та мәлімдеді.

NFC-чиптері бар смартфон иегерлерін осы технологияны қолдануға қатысты тағы да қандай жаңалықтар күтіп тұр? Осындай чипі немесе ішіне чип орнатылған операторлық sim-картасы немесе microSD-картасы бар смартфондар электронды әмиан рөлін атқара алады және түрлі бонустық бағдарламаларға, жеңілдіктер мен акцияларға қатысу туралы деректерді қамтуы мүмкін. Осылайша бір жағынан ақырғы пайдаланушы түрлі мекемелерден алынған ондаған карточканы алып жүру қажеттілігінен құтылады, ал екінші жағынан төлем кезінде процессинг орталығымен байланысу қажет болғандықтан және бұндай байланыс кезінде ақаулардың жиі туындап отыруымен байланысты үлкен ыңғайсыздық туындайды. NFC-чипі бар смартфондардың көмегімен тау-арлар мен қызметтерді төлеуге қасқағым ғана сәт кетеді. NFC-белгілерін барлық жерде пайдалануға болады, өйткені әрбір белгіде өзі тіркелген нысанға қатысты түрлі ақпарат болады. Бұл толық жасалу сипаттамасы берілген ескерткіш, аялдамадағы қоғамдық көліктің жүру кестесі мен жарнама берушінің ұсыныстары көрсетілген жарнама тақта да болуы мүмкін. Демек, осындай ақпаратты алу үшін гидті күтудің немесе әлдекімнен қозғалыс бағыты туралы жөн сұрап, қоқыраған жарнама қағаздарын бірге алып жүрудің орнына смартфонды белгіге жанастыру ғана керек болады. NFC көмегімен барлығы қарапайым, жылдам әрі сенімді болады. Бірақ әзірге бұл болашақтың жоспары ғана.

Қазіргі сәтте NFC технологиясы бұтағын кең жайды деп айта алмаймыз, бірақ осы бағытта біраз дүние жасалу үстінде. Осылайша, MasterCard мен Visa сияқты ірі төлем жүйелері біртіндеп NFC-чиптерін өздерінің пластик карталарына енгізіп келеді. MasterCard PayPass барынша танымал Google Wallet жобасында да қолданылады, бұл жоба мобильді телефонды арнайы оқығыш құрылғыға жанастыру арқылы ғана қарапайым дүкендерді қоса алғанда Google Play қосымшаларын қолданатын дүкендерден сатып алу әрекеттерін жасауға мүмкіндік беретін мобильді төлем жүйесі болып табылады. Visa РayWawe де тексеру мен енгізу сатысында.

...