0 дауыс
3.6k көрілді
Әзәзіл деген не? Шаитанба алде әруакпа?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Әзәзіл (арабша — азғырушы, арбаушы) — діни әдебиеттегі адамдарды Алланың ақ жолынан тайдырып, күнәға батырушы жіннің бір аты. Құраннан кейін тараған әпсаналарда Ібілістің көктен қуылу тарихы әрқилы баяндалады. Кейбіреуінде оның аты — Әзәзіл немесе әл-Харис екендігі, жерге перілердің бүлікшілігін басу үшін жіберілгендігі айтылады. Бірақ өзінің жеңісіне масаттанған, өзін әлем әлемінің әміршісі сезінген Әзәзіл Алланың билігіне бағынбай кеткен. Құранда кейбір адамдардың ізгілікке сенбей жауыздыққа бейім тұратыны періште жамылған перінің — әзәзілдің ісі деп түсіндіреді.
...