Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырғанын атап өтті. Осы жылдары денсаулық сақтау саласында да қыруар іс атқарылып жатқанын да айтып өткім келеді. Өз Жолдауында ҚР Президенті еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуда нақты міндеттер қойды. Олар: медициналық-санитариялық алғашқы көмектің дамуын қамтамасыз ету; міндетті сақтандыру мәселесін зерделеу; ана мен нәрестелер өлімін, қан айналымы жүйесінің, онкологиялық аурулардан, жарақаттанудан, туберкулезден өлімді төмендету жөніндегі жұмысты жалғастыру; медициналық көмектің озық технологиялары трансфертінің және инновациялық жобаларды денсаулық сақтау жүйесіне енгізуді жалғастыру; жедел, шұғыл медициналық көмек, санавиация қызметін жаңғырту; денсаулық сақтау саласында электрондық ақпараттық жүйесін қамтамасыз етуді жалғастыру және т.б. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмектің кадрлық әлеуетін арттыру қолға алынды. Учаскелік дәрігерлер мен жалпы тәжірибе дәрігерлеріне көмекшілер енгізілуде. Қазіргі таңда емханалардың әр дәрігеріне 2 мейіргерден келеді. Оған қоса, әлеуметтік қызметкерлер және психологтар көмектеседі. Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі арманы. Әрбір қазақстандық өз жұмысымен осы идеяның іске асырылуына үлес қосуға тиіс.