0 дауыс
439 көрілді
Kaspi.kz пайдалану тиімді ма?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине, тиімді. Дәлелдейік. Біріншіден, ол жерде 200-ден астам қызметке тегін төлем жасауға болады. Коммуналдық қызмет, ұялы байланыс, айыппұлдар т.б қызметтер үшін банк комиссия алмайды. Мысалы: ұялы телефоныңызға 200 теңге салсаңыз, тура 200 теңге түседі. Терминал іздеп, 40 теңге шамасында комиссия төлеп әуре болмайсыз. Коммуналдық қызметті төлеу үшін бұрын банк бөлімшесі, поштаға барып кезекке тұрып, комиссия төлеп, уақыт пен ақшамызды жұмсайтынбыз. kaspi.kz арқылы мұның барлығын үйде отырып жасауға болады. Суға 3000 теңге төлеу керек болса, тура 3000 төлеуге болады. Тіркелу де қарапайым. Каспи банк депозитінде ақшаңыз болса, сол ақшаны kaspi.kz-те жұмсауға болады. Болмаса кез-келген банктің картасын сайтқа тіркеп қойып, картадағы ақшаңызды депозит пен карта болмаса, каспи әмиянға терминал арқылы ақша салып қойып, соны жұмсауға болады.
+1 дауыс
Әрине тиімді. уақытыңызды үнемдейсіз, кезек күтпейсіз, ешқайда бармайсыз. Тек карточкаңызда ақша болса болды...
...